Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Өзбек этномәдени орталығының ОҚО музейіне жасаған тартуы

4294
Өзбек этномәдени орталығының ОҚО музейіне жасаған тартуы - e-history.kz
Қазақ халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау аясында Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейі республикада тұратын әртүрлі этностардың ұлттық киімінің этнографиялық топтамасын ұсынады.

2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Оңтүстік Қазақстан облысында 20 этномәдени бірестік жұмыс істейді. Орталықтың негізгі мақсаты әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрлері мен тілін жандандыру болып табылады. Этномәдени бірлестіктер концерттік бағдарламаларды ұйымдастырып, Қазақстан халқы достығының жыл сайынғы фестивалдеріне қатысады, халық шеберлерінің бұйымдары мен суреттер көрмесін ұйымдастырады.

Облысымыздағы өзбек этномәдени орталығының қызметі өте белсенді. Мысалы, этномәдени бірлестіктің төрағасы Икрам Хашимжанов облыстық тарихи-өлкетану музейге өзбек халқының ұлттық киімдерінң үлгілерін сыйлады. Осы тарихи-этнографиялықұ материалдар музейдің экспозициясына қойылған, өзбек халқының дәстүрлі мәдениетінің бейнесі болып табылады. Олардың кейбіреулері туралы айтып бермекпіз.

b127f1b48c44b4fd0298bf72636a8e05.jpg

Тақия — ерлердің бас киімі, немесе, оны тағы да жеңіл бас киімі деп те атайды. Ол дөңгелек немесе шаршы пішінді, тегіс төбелі немесе үшкір төбелі болады. Дәстүр бойынша тақиялар қалалар мен Орталық Азияның ауылдық өңірінде киілген болатын. Тақияның негізі, ақ болып, мақтадан тігіледі. Үстінен қара түсті жасанды матамен қабылған. Көйлек үлгісі ерекше болып, төрт теңбүйірлі үшбұрыштан тұрады, олар бір-біріне жалғасып, төрт қырлы пішінді құрайды. Бас киімі қауырсын тәріздегі төрт бөлек элементтен тұратын кестемен безендірілген. Астынан бас киімі жасанды жібек матамен жиектелген, құрсама бойы әшекейлі кестемен безендірілген.

a3ce6873bce4f6f04ab4bb47df575720.jpg

Музей топтамасында ерлерге арналған шапан — өзбек халаты да бар, өзбек жейдесі яхтанг деп аталады. Шапан Орталық Азияда, соның ішінде Өзбекстанда, Ауғанстанда, Тәжікстанда, Қазақстан мен Қырғызстанда, басқа көршілес елдерде-де танымал болды.

Ертеде киім астары қымбат емес, ақ немесе мақтадан жасалған матадан тігілген. Үсті барқыттан, шұға немесе ши барқыттан жасалған матадан тігілген. Қазіргі кезде егде мен жас адамдар да шапандар киіп жүр. Шапан қаусырма, кең болады, оның жеңдері түзу мен ұзын болады. Ол күнде киілетін киімдердің қатарына жатады, бет жағы жасанды, әртүсті кескіндермен оюланған матадан тігіледі. Шапанның астына яхтанг деп аталатын жейде киіледі, ол түзу мен кең болады. Мақтадан жасалған матадан тігіледі. Оның бүйір тігістерінде тіліктер болады, жеңдері түзу, қысқа. Жейденің жағасы үшбұрыш пішінді болады.

Өзбек халқы киімінің міндетті атрибуты — бельляма (ер костюміне арналған орамал-белбеу). Ол жасанды жібектен жасалады. Өрнек ретіндегі түстердің үйлесуі арқылы тігіледі. Белбеудің екі жағы толқын кестемен толқын пішінді үш сызық тігілген.

0b07b0b62e4da7f77af548f349923cec.jpg

Паранджа — далаға киюге арналған өзбек халқының костюмі. Бұл өтірік жеңдері бар арнайы шапан-жамылғы болады, оны чачванмен (бетті жауып тұратын жамылғы) бірге киілген. Шапан кең пішінді болады. Оның бет жағы сұр түсті мақтадан жасалған, тығыз матадан тігілген. Астары түсті мен мақтадан жасалған сұр матадан жасалады.

Паранджаның да өтірік жеңдері шапанның артына бұрылып қарайды, ұштары біріктіріледі. Жең ұзындығы етектің шегіне жетеді. Орта Азия халықтарының паранджи деген киімді кию мәдениеті XIX ғасырдың басында — ХХ ғасырдың басында өз шыңына жетті.

Облыстық музейдің экспозициясына қойылған тарихи-этнографиялық материалдар этномәдени бірлестіктердің даму тарихы, әртүрлі ұлт өкілдерінің өмір салты жайлы байндап отырады, қазіргі кездегі салт-дәстүрлердің сақтауына шақырады. Әртүрлі ұлттар өкілдерінің, соның ішінде өзбек халқының, күнделікті өмірінде қолданылатын заттар мен бұйымдармен танысу арқылы халықаралық келісімнің, төзімділіктің, отансүйгіштік идеялары дәріптеледі.
Айгүл Жолбасқан, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?