Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Белгілі археолог-ғалым, өлкетанушы Н.П. Подушкинді еске алу кеші өтті

2324
Белгілі археолог-ғалым, өлкетанушы Н.П. Подушкинді еске алу кеші өтті - e-history.kz
2015 жылдың 13-ші, ақпанында облыстық тарихи-өлкетану мұражайының археология бөлімі белгілі археолог-ғалым, өлкетанушы, ұстаз Николай Павлович Подушкиннің 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Н. П. Подушкин 1929 жылы 1 қаңтарда Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1948 жылы мектепті бітіргеннен соң, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне оқуға түсті. Студенттік жылдары И. И. Копыловтың басқаруымен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына белсене қатысады. Н. П. Подушкин белгілі археолог-ғалымдар А. Н. Бернштам мен Е. И. Агееваның жетекшілігімен жүргізілген экспедицияның құрамында болып, Арыс мәдениетінің ескерткіштері Жуантөбе қалашығы, Бөріжар қорымы мен Бабата қала жұртын зерттеуге қатысты.

4f481f3e59f949e7906da789d989e96f.jpg

Шымкент қаласындағы педагогикалық институтында ұстаздық ете жүріп, Қарауылтөбе, Наймантөбе, Төрткүлтөбе, Отырартөбе, Майтөбе қалашықтарымен Шымкент қаласының цитаделінде жүрзілген қазба жұмыстарына жетекшілік етіп, ғылыми дәйекті тұжырымдар жасады. Н. П. Подушкиннің адами және кәсіби қасиеттерін археология саласының ірі тұлғалары А. Х. Марғұлан, К.А.Ақышев, Г. А. Кушаев, К. М. Байпақов, С. М. Ахинжановтар жоғары бағалады.
Н. П. Подушкин белгілі археолог-ғалым К. М. Байпақовпен бірлесіп 1984–1992 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында орналасқан археологиялық нысандарды түгендеу және паспорттау мақсатында археологиялық ескерткіштерді зерттеу, картографияға түсіру, мәліметтер жинақтау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде «Свод памятников истории и культуры Казахстана» деп аталатын кітап шығарды.
1977 жылдан бастап облыстық тарихи-өлкетану мұражайымен тығыз жұмыс жасап, мұражай экспозициясын жасақтауға және қорын археологиялық артефактілермен толықтыруға үлкен үлес қосты. Мұражай қабырғасында түрлі тақырыптарда лекциялар оқып, дәрістер жүргізді.
Ұстаз Н. П. Подушкиннің шәкіреттерінің арасында белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар бар. Олардың ішінде ғалымның ұлы тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Н. Подушкин және Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Б.Байтанаевтарды атап өтуге болады.
Аталған іс-шара аясында Н. П. Подушкиннің фотосуреттерінен, құжаттарынан, жеке заттарынан, еңбектерінен тұратын көрме жасақталды. Іс-шараға жұбайы Раиса Игнатьевна, ұлы А. Н. Подушкин, Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Б.Байтанаев, «Арман» гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің үздігі М. Е. Дикань, «Южный Казахстан» газетінің бас редакторының орынбасары К. С. Исмаилов, ЖОО студенттері және мұражай қызметкерлері қатысты. Іс-шараны мұражайдың археология бөлімінің меңгерушісі А.Рүстемов жүргізді. Мұражай директоры Аренова Гүлнәр Саматқызы іс-шара қонақтарына алғыс білдіріп, гүл шоқтарын табыс етті.


ОҚО тарихи-өлкетану мұражайы
Ақпараттандыру секторы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?