Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті

2065
«Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
Кеше ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын қорғау мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.

Астанада тарихи-мәдени мұраларды сақтаудың өзекті мәселелері қаралды. 

Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, облыстардағы тарихи-мәдени мұраларды қорғау мекемелері мен мемлекеттік қорық-мұражайларының басшылары, белгілі археолог ғалымдар және ескерткіштерді қалпына келтіру саласының мамандары қатысты. Олар Қазақстанның мәдени құндылықтарын қорғау мен сақтаудың заңдық аспектілерін талқылап, тарихи-мәдени мұраларды қадағалауға қатысты кемшіліктерді күн тәртібіне қойды және өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ, жиында университет жанындағы археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Ә.Ә.Тәжекеев, орталықтың ғылыми қызметкері Р. Т. Дарменов болды. 

Сонымен бірге, Қазақстан музейлеріне табылған заттарды беру реті өзгереді. Осылай, қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық олжалар тиісті органдар бекітілген ретімен беріледі. Олжаларды музей қорына тапсыру мәселесі бойынша келесі бір сұрақ туындайды: табылған заттарды республикалық немесе жергілікті музейлерге тапсыру керек? Дөңгелек үстел қатысушылары келесі бір қорытынды жасады: біріншіден, «ұлттық мұра» және «республикалық маңызы бар олжа (табылған зат)» ұғымдарын анықтау қажет. 

Басқосу барысында сөз сөйлеген Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасырда барымыз түгенделіп, тарихи жадымыз жаңғыра бастағанын жеткізді. Сонымен қатар ол Президенттің бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттық тарихтағы көптеген ақтаңдақтарды ашып жатқанын атап көрсетті.

«Кең байтақ Қазақ жеріндегі қойнауына тарихтың небір тылсым құпияларын тығып жатқан тарихи-мәдени мұраларымызды сақтау мен қорғау жұмыстары уақыт өткен сайын күн тәртібінде өзекті бола түсуде. Бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтеруде уақыт жағынан кешігіп қалдық па екен деп те ойлаймын. Себебі тарихи-мәдени мұраларымыз құқықтық жағынан қорғауды, бақылауды қажет етеді. Тарихи құндылығы шексіз әр ескерткіштің өз төлқұжаты болып, есепке алынып, оған қатысты атқарылған іс-шаралардың барлығы жазылып, сарапталып отыру керек деп ойлаймын. Бұл жылжитын (жәдігерлер) және жылжымайтын (қоныс, қала, оба т.б.) тарихи-мәдени мұралардың барлығына қатысты», — деді Ұлттық музей директоры.

Жиынды Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?