Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кинофестиваль басталып кетті

1248
Кинофестиваль басталып кетті - e-history.kz
Қазақстанға жер аударған өзге ұлт өкілдерінің тағдыры туралы әр жылдары түсірілген кинолар Қазақ ұлттық өнер университетінде сәуір айының 1 жұлдызынан көрсетіле бастады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған «Тарих тағылымы» атты қазақстандық кино күндері фестивалі Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде өтуде. ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Айманов атындағы Республикалық шығармашылық-өндірістік бірлестіктің режиссері Тәуекел Сламбек аталмыш іс-шараны ұйымдастыру туралы бастаманы 2015 жылы 28 ақпанда «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқы форумында көтерген болатын.

7329d7adfb7f802af08731b40eafb157.jpg

«Тарих тағылымы» атты қазақстандық кино фестивалінің Қазақ Ұлттық Өнер Университетіндегі ашылу сәті


— Фестиваль аясында көрсетілетін фильмдер әр жылдарда түсірілген. Шығармалардың барлығы ұлтаралық қатынастар мәселесіне арналған. Фильмдердің тақырыптық ұмтылыстары Қазақстанда тұратын халықтардың өзара қарым-қатынасына, даму-өрбу үрдістеріне негізделген. Фестивальдың шымылдығын ашқан «Жерұйық» фильмі туралы айтатын болсам, мен бұл кинокартинаның екі авторының бірі — қоюшы режиссерімін. Бұл Қазақстанның көпұлтты елге айналу тарихын сипаттайтын фильм. Бізге ең алғашқы болып кәріс халқы келді. Оған дейін патша үкіметі кезінде тек орыстар ғана қоныс аударған болатын. Қуғын-сүргін жылдары мен Ұлы Отан соғысының басталуы қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдерінің жер аударуына себеп болды. Бөтен ортаның ауыр жағдайына тап болған ұлттар құрдымға кетсін деген сұрапыл саясат жүргізілген еді. Алайда, кең пейілді, дархан көңілді, қонақжай қазақ халқы барлығын құшақ жая қарсы алып, бауырына басты. Бұл өзге ұлт өкілдерінің шексіз алғысы мен сый-құрметін тудырды. «Жерұйық» фильмінің мақсаты, міне, осыны көрсету, — деді режиссер Сламбек Тәуекел. 

23ac8f8b7cb610bde39f799aef529425.jpg

«Жерұйық» фильмінде басты рөль сомдаған актерлердің бірі Нұрқанат Жақыпбай 

 — Түсірілім аяқталған кезде әріптестерім орындарынан тұрып шапалақ ұрып, қошемет көрсетті. Өз әріптестеріңнің осылай мойындауы — кино тарихында сирек кездесетін жайт. Осындай фильмдер түсіру арқылы біз тарихымызды ұрпаққа ұлағат, өренге өнеге етеміз, — деген ойымен бөлісті «Жерұйық" фильмінде басты рөль сомдаған актерлердің бірі Нұрқанат Жақыпбай. 

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, ҚХА, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ, Астана қаласының әкімдігі және Қазақ Ұлттық университеті бірігіп ұйымдастырған кино фестиваль барысында Қазақстандық 5 режиссердің туындылары көпшіліктің назарына ұсынылады. 

Атап айтқанда, Нұрмұхан Жантөриннің «Лесная Баллада», Шәріп Бейсембаевтың «Возвращение сына», Амангелді Тәжібаевтың «Долгий млечный путь», Ермек Шынарбаевтың «Сестра моя, Люся», Аяған Шәжімбаевтың «Жансебіл». Фильмдердің барлығында Кеңес Одағы халқының азаптары, Қазақстанға жер аударған этностар тарихын көрсетіледі.

Кинофестивальдың қорытындысы 2015 жылы 22 сәуірде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы қарсаңында шығарылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?