Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітаптың тұсаукесері өтеді

1755
«Қазақстанды өзгерткен сөздер» атты кітаптың тұсаукесері өтеді - e-history.kz
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай жас қазақстандық автор, тарихшы және публицист Евгений Кочетов «Қазақстанды өзгерткен сөздер» өз кітабымен таныстырады

2015 жылы 16 маусымда «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен Қазақстанның жас авторы, экономист, тарихшы және публицист Евгений Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» кітабының тұсауы кесіліп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бірегей көрменің ашылуы өтеді. 

Шараға елдің қоғам және саяси қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сондай-ақ ғылыми қауымдастықтың белгілі өкілдері қатысады. ҚР Президенті, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясында» идеологиялық пен гуманитарлық бағыттағы ірі міндеттерді алға қойды. Соның ішінде, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық зиялы қауымның белсенді атсалысуымен тарихи сананы дамыту, ұлттың мәдени кодын еліміздің құдіреттілігі ретінде сақтау және нығайту, жаңа заманның тұғырлы тұлғаларын табу. 

Евгений Кочетовтың «Қазақстанды өзгерткен сөздер» кітабы – тарих, экономика, саясат және философия тоғысатын ауқымды зерттеу. Еңбекте Қазақстан тарихы бойынша маңызды оқиғалар туралы жазылған. 

1ba38fe1fff98db43fce5ae192cd0f2b.jpg

Кітапта мемлекетіміз үшін қиын кезеңдерде еліміздің тарихын қалыптастырған көшбасшыларымыздың айтқан сөздері жинақталған: Шыңғыс ханнан бастап Нұрсұлтан Назарбаевқа дейін. Бұл сөздер елдің болашағын айқындады. Олардың бірқатары Қазақстанды қасіреттен аман сақтап қалған екен: еліміз бен экономикамызды бірте-бірте қалыптастырып, жарқын болашаққа деген сенімді халықтың бойына сіңіріп, мәнді мәселелерді шешіп жатты. 

Кітапқа енген кейбір сөздердің жағымсыз әсерін әлі күнге дейін сезіліп, оны жоққа шығара алмаймыз. Бұл сөздер Қазақстан жеріне таңба болып басылды... Дегенмен, бұл кітап –дәйексөздердің жинағы әрі тарихи оқиғаларды сипаттайтын еңбек. 

Ертеде қазақ би-шешендері бір ауыз сөзбен ел тағдырын шешкен. Қыл үстіндегі өмір, әр түрлі тайталас, суық қабақ пен қырғын соғыстар да бұрыс-дұрыс айтылған сөздерден туындайды. Елге, әлемге белгілі есімдердің дәйекті сөздері, тапқыр ойлары жас ұрпаққа да қажет. 

Отандық тарихымыздың түрлі кезеңдеріне жасалған экономикалық талдау көпшілікке түсінікті тілмен жазылған. Ұғынықты жеткізілген оқиғалар арқылы оқырман әртүрлі реформалардың сәтті не сәтсіз өткенін біле алады. Автор тарихты жүйелі әдіспен баяндап, оқырманды қызықтырады. 

Сонымен қоса, таныстырылымның аясында бірегей көрме ашылады. Бұл көрмеге кітапты жазылу барысында қолданылған барлық материалдар қойылады. Көрме – Қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойында қазақстандықтарға арнап жасалған тарту.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?