Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Астана білгірлік сити-квесті

2062
Астана білгірлік сити-квесті  - e-history.kz

4 шілде күні сағат 16.00-де Астана қаласы Есіл өзені жағалауында, Кенесары Қасымұлының ескерткішінің маңында Астана білгірлік сити-квесті басталады. 

Ойынның ұйымдастырушысы – «Қазконтент» акционерлік қоғамының «Қазақстан тарихы» веб-порталы (e-history. kz). Демеушісі – «QAZAQ BANKI». Астана білгірлік сити-квестінің басты мақсаты: елорда тұрғындары мен қонақтарын қаланың тарихи орындарымен, көрікті жерлерімен таныстырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Ойын топтық жарыс ретінде өтеді. Біз сайыскерлерді топтарға үлестіріп, қатысушылар құрамын ойын басталар алдында ғана хабарлаймыз. Әр топқа Астананың белгілі бір тарихи орны жасырылған жолдама парақша беріледі. Мысалы, жолдама бейнеленген суреттің бір бөлігі арқылы келесі жұмбақты шешуге көмек алады. Ойында барлығы 10 станция бар. Әр станцияда қатысушылар топтық суретке түсуі қажет. Мәреге жеткенде әр топта 10 фото болуы керек. Барлығы тек жаяу жүруге тиіс. Мәреге жеткен бірінші топ 10 топтық фотосурет көрсетіп, жеңімпаз болып атанады.

Әлеуметтік желідегі ресми хэштегі — #cityquestEhistory. 

Байланыс мәліметтері: тел.: +7 (7172) 798259, +7 (7172) 798206 (114), +7 (7172) 798206 (111), e-mail: kaz. ehistory@gmail. com

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?