Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Астана – Арқау» түркі музыкасының фестивалі

1319
 «Астана – Арқау» түркі музыкасының фестивалі  - e-history.kz
Биылғы «Астана – Арқау» фестивалінің басты ерекшелігі – 30 минуттық «Түркі тарихы» атты театрландырылған-костюмді қойылымы

Астана қаласының он жеті жылдық мерейтойына арналған «Астана – Арқау» фестивалі музыка өнерін бағалайтын елордалық қауымның ықыласына бөленді.

891625c4512ee7995fb1f9248a055e19.JPG

Сонымен бірге үш күнге созылған фестиваль барысында «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында Қалмақия, Чуваш, Алтай, Башқұрстан, Якутия, Тыва, Дағыстан Республикасы, Татарстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Түрікменстан, Түркия және Қазақстанның музыкалық дәстүрлерінің мұрагерлері өнер көрсетті. Қазақ елінен өнер көрсетуге әнші-композитор, К.Әзірбаев атындағы ІІ республикалық ән байқауының бас жүлде иегері (2005 ж), «Өздерің білер Нартаймын!» атты республикалық әнші-жыршылар байқауының бас жүлде иегері (2012 ж), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президент оркестрінің әншісі Клара Төленбаева, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айгүл Үлкенбаева, т.б. сахнаға шықты.

dc7e0737b7e24ffbf17c7d5a156f3e1b.JPG

a2cc525c0e0a3e32c131130a13c4ef64.JPG

Биылғы «Астана – Арқау» фестиваліне кейбір түркі халықтарының өкілдері алғаш рет қатысуда. Мысалы, солтүстікте орын тепкен – долган ұлтының өкілдері өз өнерлерін ортаға салады. Қазіргі кезде таймырлық түркі-долгандар саны 5000 адамнан аспайды. 

1e9f47b98cc609d24732038303829b34.JPG

Сонымен қоса, көрермендер алғаш рет Түрікменстаннан арнайы әкелінген сирек кездесетін аспаптардың үнін тыңдады. Соңғы алты жылдың ішінде бұл мәдени шараға барлық түркі халықтарының дәстүрлі музыка өнерін насихаттаушы – 450 музыкант пен ғалым қатысты. 

Бұдан бөлек, сирек кездесетін аспаптар фестивальға Түркіменстаннан арнайы әкелінді. 

2cdebbb6e3b292099b06cf66894e8e6e.JPG

Түркі халықтарының өкілдерінің өнері ешкімді бей-жай қалдырмай, тыңдармандардың ду қол шапалағы мен ыстық ықыласына ие болды. Фестиваль әуел бастан түркі музыкасының әралуандылығы мен қазіргі заманғы түркілердің этномузыкасындағы жақындықты іздеуге бағытталған. 

856275f422440cb8bbf5b54658542a91.JPG

1507242381013a3f235eee82646b074a.JPG

Фестивальге әртүрлі елдерден келген өнерпаздар атсалысты. Сонымен бірге, биыл «Астанадағы түркі әуені» атты бірнеше дискілі СD альбомы шығарылады деп жоспарланды. 

Биылғы «Астана – Арқау» фестивалінің басты ерекшелігі — 30 минуттық «Түркі тарихы» атты театрландырылған-костюмді спектаклі. Сахналық қойылым түрік халқының қалыптасу тарихын бейнеледі.

«Астана-Арқау» фестивалінің бағдарламасы әу бастан-ақ қазіргі түркілер этномузыкасындағы әр алуандықпен қатар, өзара жақындастыра түсер ортақ сипаттарды айқындауға құрылған. Фестиваль қонақтары биыл да әр елден келген әншілер мен аспаптық орындаушылардың ғажайып музыкалық композицияларын тыңдап, көруге мүмкіндік алды. 

Барлық фотосуреттер мұнда 

Мирас НҰРЛАНҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?