Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Экспедициядан олжалы оралды

1943
Экспедициядан олжалы оралды  - e-history.kz
Тамыздың 19-21 аралығында Алтай тауларына, яғни Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қарақаба жазығында өткен І Халықаралық археологиялық экспедицияға қатысушылар Астанада қорытынды жиын өткізді.

Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен тамыздың 19-21 аралығында Алтай тауларына, яғни Шығыс Қазақстан облысына қарасты Қатонқарағай ауданындағы Қарақаба жазығында өткен І Халықаралық археологиялық экспедицияға қатысушылар Астанаға оралды. 

Түркиялық TIKA ұйымының қолдауымен өткен бұл экспедицияға Әзірбайжанның Археология және этнография институтынан, Қазақстанның Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтынан, Қырғызстанның «Манас» қырғыз-түрік университетінен, А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінен басшылар мен білікті мамандар, танымал археолог-ғалымдар, сондай-ақ бірқатар түркиялық және қазақстандық жетекші БАҚ басшылары қатысты. 

03cef51f20954275308ca9f8efb8871d.jpg

Экспедиция аясында ұйымдастырылған «Алтай – алтын бесік» атты дала семинарында Түркі халықтарының тарихи-мәдени мұраларын зерттеп, дәріптеу, сондай-ақ бірлескен археологиялық экспедициялар ұйымдастыру және басқа ауқымды мәселелер талқылданды. 

0e9e5cdd40757de10f7f3349009b2c05.jpg

Ашық аспан астында көрме ұйымдастырылып, қатысушылар назарына биылғы археологиялық қазба жұмыстарынан табылған олжалар ұсынылды. Қарақабадағы төрт ғұрыптық кешенді ашқан археологтар біршама жаңа тарихи жәдігерлер тапты. Жас баланың қорымы, ондағы жылқының жерленуі, әр түрлі қылыштар, садақ бөлігі, ең қызықтысы – қобыз аспабы. Шамамен көне түркі дәуіріне жатады деп болжанып отырған бұл артефактерді Халықаралық Түркі академиясының ғалымдары ары қарай зерттейтін болады. 

c68de80ecbc88444e8efe60a5ef8db37.jpg

Экспедиция жұмысы Астанада Халықаралық Түркі академиясындағы кездесумен жалғасын тауып, қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Өз кезегінде шет елден келген меймандар түгел түркінің алтын бесігіне баланған Алтайдағы экспедициядан алған әсерлерімен бөлісіп, пайымды пікірлерін ортаға салды. Осылайша, Академия кітапханасында қорытындыланған халықаралық экспедицияны келесі жылы Бумын, Білге қағандар билік құрып, Күлтегіннің ізі қалған монғол жеріндегі «Шивээт улаан» ғұрыптық кешенінде жалғастыру туралы шешім қабылданды. 

d0a40e1b41d2420008e9e5217e750561.jpg

Қорытынды жиынды жүргізіп отырған Академия басшысы Д. Қыдырәлінің айтуынша, келешекте экспедиция түркілердің табаны тиген Ресей, Венгрия, Иран, Үндістан, Мысыр, Қытай қатарлы елдерді қамтитын болады. 

Айта кету керек, «Қазақстан», «Хабар» және түркиялық NTV, «Haberturk» телеарналарының қатысуымен аталған экспедиция туралы деректі фильмдер мен арнайы бағдарламалар жасалып, көрерменге ұсынылмақ. 

Халықаралық Түркі академиясының Баспасөз қызметі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?