Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ұлы ақын Абайдың 170 жылдығына арналған көрме ашылды

1523
Ұлы ақын Абайдың 170 жылдығына арналған көрме ашылды - e-history.kz
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті музейінде Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы...» атты жеке сурет көрмесі ашылды

Көрме «Үкілі үміт» атты жастар жобасы аясында ұйымдастырылды. ҚР Тұңғыш Президенті Музейі 2011 жылдан бері жүзеге асырып келе жатқан жоба мақсаты шығармашыл жастарға қолдау көрсетіп, талантты жастардың өнерін қолдау мен мәдени саладағы жетістіктерін насихаттау аясында қызмет жасап келеді. 

89f4240ee541308361590c034cdba199.JPG

Мәдени іс-шараға ҚР Суретшілер одағының мүшелері, көрермендер, жас қылқалам шеберінің достары мен ұстаздары, БАҚ өкілдері қатысты. 

b4a7ce886d4849b4cba7aeb8c3a88cb0.JPG

Бүгінгі көрмені жас суретші ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арнаған. «Астана қаласында тұңғыш рет өткізіліп отырған көрмемді ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 170 жылдық мерейтойына арнаймын. Көрмедегі көптеген суреттер осы тақырып аясында салынды. Және де Абай өлеңдерін көркемсурет арқылы безендіріп халыққа ұсынып отырмын», – дейді өз сөзінде Анар Әубәкір. 

3676ce0609c3bbb5842ed30982c6ecb0.JPG

«Биыл қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы барша республика көлемінде кеңінен тойланып келеді. Осы мерейтой қарсаңында еліміздің дарынды жастарының бірі, суретші Анар Әубәкірдің «Кешегі мен бүгінгінің сабақтастығы» атты көрмесі ашылды. Көрмеге қойылған әрбір туынды қызықты және де философиялық мән-мағынасы зор. Бір байқағанымыз көрмеге қойылған 20-ға жуық суреттердің барлығында Анардың зерттеушілік қасиеті ерекше көрінді. Көп еңбек сіңіріп, барынша шынайы суреттеуді қолға алды. Оның жұмыстарында біздің өткен тарихымыздың мәдениеті тамыр шертіп жатқандай. Әсіресе көрме залының ортасына қойылған суреттер көрерменнің ерекше қызығушылығын тудырды. Өйткені «Ұлы дала», «Көк», «Жер-Ана» суреттері ұлттық болмысызды танытатын туындылар», – дейді музей директорының орынбасары Күләйша Ақтаева. 

5a28374785bc912b87ac0036a349f85d.JPG

Жас суретшінің көркем туындыларынан қазақ халқының эпикалық, мифологиялық стилін анық көргендейміз. Әрбір суреттерде көрініс тапқан реализм стиліде суретшінің жаңашылдығын анық байқатады. «Анардың бейнелеу өнеріндегі көркем сурет туындыларында терең философиялық зерттеулер мен пәлсафалық мағыналар жатыр», – дейді суретшінің ұстазы ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Президент стипендиясының иегері Қабдылкәрім Қаржасов. 

c3dee8d72ef91b76810932c01d7d6a46.JPG

«Анар түрлі-түсті бояумен ерекше сурет салудың шебері. Білімін жетілдірген сайын, оның өмірге деген көзқарасы да шыңдала түсті. Өмірдің философиялық, пәлсафалық мәніне тереңдей үңіле бастағаны сезіледі. Бұл жерде тек бояудың құдіретіне ғана сенбей, ғылыми зерттеушілік бағытты суреттеріне енгізді. Қазақта сөз бар ғой: «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту» деген. Міне, жас суретші көркемсурет арқылы тобықтай ойдың түйінін жеткізді», – дейді Қ. Қаржасов. 

b9b01ded26bc32ec70f5434ee8a418b3.JPG

Анар Әубәкір 1984 жылы 16 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Ол Павлодар қаласындағы көркемсурет колледжін «дизайн бойынша сүретші - шебер» мамандығын тәмамдап, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «кескіндеме бакалавры» дәрежесін алған. Сондай-ақ «Кескіндеме магистрі» академиялық дәрежесі бар. Қылқалам шебері бірнеше мәрте халықаралық және республикалық көрмелердің қатысушысы. Санкт-Петербург қаласында өткізілген «Санкт-Петербург өнері апталығы» конкурсының жеңімпазы. «Қазақстан өнерінің апталығы» конкурсында ең үздік сурет туындысы аталымының жеңімпазы. Қазақстанның қалалары бойынша алғашқы рет ұйымдастырылған «Art Sapar Art of Kazak Eli» көшпелі көрме жобасының ұйымдастырушысы. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. 

c5f60e29a50126040ba627865e061ae1.JPG

Алтынбек ҚҰМЫРЗАҚҰЛЫ

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?