Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Саттар Мәжитов: «Қазақ хандығындағы этникалық қоғамның құрылуы бір күндік оқиға емес»

1707
Саттар Мәжитов: «Қазақ хандығындағы этникалық қоғамның құрылуы бір күндік оқиға емес»  - e-history.kz
Қазақ хандығы кезеңіндегі қоғам, адамдар мен жауапты тұлғалардың рөлі, этникалық қоғамның маңызы туралы ойлар айтқан тарихшы ғалым Саттар Мәжитовтің пікірін білдік

Саттар Мәжитов, тарих ғылымдарының докторы, профессор, «Интеллект Орда» Халықаралық әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулері ықпалдастыру институтының бас директоры: 

Бұл аталып отырған Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының шын мәнінде үлкен саяси, тарихи және жалпыұлттық мәні бар деп айтуға болады. Осы датаны арнайы атау үшін ғасырлар бойы армандап, тек соңғы 25 жылдың ішінде ғана осы кезең туралы айтуға толық мүмкіндік алдық. Бұл – әрине тәуелсіздігіміздің жетістігі, елдігіміздің тарихта қалатын бір нышаны. Осы орайда тарихшылар қауымы бұған дейінгі ұлы тарихшылар еңбегін оқып қана қоймай, оны халыққа таратып, түсіндіруге, бұл кезең оқиғаларын толық, жан-жақты зерттеуге жол ашылып отыр. 

f995b3486c1a4448313c46ea50860aaa.jpg

Қазақ хандығының құрылу тарихы жөнінде бір сұхбаттың аясында қамту мүмкін емес, сонда да 1465 жылы Керей мен Жәнібек құрған жаңа орданың саяси-экономикалық ахуалы, рухани дамуы өзгеше болды. Қоғамда ең алдымен көптеген этностық үрдістер жүріп жатты. Ол кезде әр түрлі рулық құрамдар өздерін өздері атауға мүмкіндік алды. Қазақтар деген ірі бірлестікке ұмтылып, мемлекеттік статус алды. Бұл – бір күндік оқиға емес еді. Қазақ жерін мекендеген көптеген тайпалар мен рулардың ұзақ жылдар армандаған, ойлаған мақсаттарының орындалуы. 

Сонымен қатар өзін қазақпын деп атап, сезіне алған адамдардың неше мыңдаған адамдар шоғырынан пайда болған «қазақ» этнониміне сәйкес және Қазақ хандығы полиэтномиміне сәйкес тайпалардың біріктіріп бастарын қосты. Осылайша XV ғасырдың ІІ жартысында дербес мемлекет өмірге келді. Мемлекеттің негізін қалаған хандар тарихи сахнаға шықты. Олар тек қара басының қамын ғана ойлаған, таққа отыру мақсатын көздеген жоқ, қазақ аталған халықты бірге дилеп басқаруды мұрат тұтты. Сол кездегі қоғам өзгеше болды, сөзімнің басында айтып өткенімдей, этникалыққ оғам болып қалыптасты, сондықтан бұған дейін «өзбек-қазақ» деп аталып жүрді. Осы түбірі мен тамыры бір екі түркі тілдес халық екіге бөлініп, дербес мемлекет құрып, күні бүгінге жетті. 

7859d1bfa977cf568414d4c77bc75c09.jpg

Қазақтың ұлттық тарихынан алатын тағылымдар өте көп. Бүгінгі аталып отырған 550 жылдық та сол тарих тағылымынан туындаған жайт. Өйткені тарихи тағылымсыз бүгінгі күнді де, болашақты да жоспарлап, оларды жүзеге асыру өте қиын. Әсіресе қазіргі таңда Елбасының «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы аталып жатқан кезде ол ұғымның мағынасын толық түсіну үшін, оның жан-жақты қырларын ашып көрсету үшін осы ұлы датаны арнайы атап өту қажет болды. Неліктен? Тәуелсіз Қазақстанның замандастары, бүгінгі жастар Қазақ елінің егемендігін одан сайын нығайтып, дамытып, «Мәңгілік елге» айналдыру мақсатын көздейді. «Мәңгілік ел» идеясы тек өткенмен шектеліп қалатын, тек аңсар мен армандаудан ғана тұратын өлі идея емес, болашақ туралы, Қазақстанның келешегі туралы тірі идея. Біз әрине, өткен істерді пайымдап, ұпайлып, қорытынды шығарған жағдайда аталған идеяға қол жеткізе аламыз. 

Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі тек Қазақстанда ғана аталып отырған жоқ. Сонымен бірге қазақ тарихын зерттеуші шетелдік ғалымдар бар, арнайы мамандар бар, өз ой-пікірлерін білдіру үшін осы мерейтойға Астана қаласына келіп жатыр. Мәселен осы мерекенің орайына байланысты Үндістаннан келген ғалым, профессор Мансура Хайдармен бірге Көкше өлкесіне, Шоқан Уәлиханов ауданынан барғалы отырмыз. Сол өңірде хандықтың торқалы тойына байланысты, басқа да тарихи жайттар мен оқиғалар, тұлғалар туралы конференция өткізіп, жергілікті оқырмандармен кездесу ұйымдастырылады. Бұл орайда тойды желеу етіп, тек киіз үй тігіп, шапан жауып құр өткізуден гөрі ел аралап, халықпен жүздесіп, олардың ойын, арманын, мақсатын білу, тарих жөніндегі біліміне білім қосу, өңірдегі тарихи шындықтар туралы кездесу өткізудің мың мәрте маңызы зор. 

af24480e89fd6062b07f3c536cab1f78.jpg

Осы мерекені атап өту барысындағы өткізіліп жатқан конференцияны пайдалана отырып, мен барша қазақстандықты мерейлі тоймен құттықтаймын. Сонымен бірге ұлт тарихының ұпайын еселеп, жаңа зерттеулердің шығуына, қазақ тағдыры мен тарихына қатысты соны еңбектердің жариялануына барлығын бірі кісідей жұмылуына шақырамын. Әрдайым өткен тарихтан тағылым алып, келешек бағытымызды дұрыс жоспарлап, «Мәңгілік ел» идеясының шынайы өмірде орындалып, оның алғашқы қадамдарымен болса да, кездесіп қауышуға тілектестік білдіремін.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?