Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлық Ұлыс – Алтын Орда

5502
Ұлық Ұлыс – Алтын Орда - e-history.kz

Алтын Орда тарихы тереңнен бастауды қажет етеді. Өйткені бұл тек бір мемлекеттің тарихы ғана емес, бұл бүкіл әлем тарихына қатысы бар, ұлы өзгерістер заманы, дейді Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Әуезхан Шашаев.

Ұлық ұлыс – айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толып отыр. Алтын Орда тарихы – бұл бүкіл Шығыс Еуропа (Ресей), Орталық Азия, Қазақстан және тағы басқа көптеген халықтың тарихы мен ортақ мемлекеттік жүйенің қалыптасу кезеңі.

- Алтын орданың қалыптасу кезеңіне тоқталып өтсеңіз.

Бүкіл тарих империялардың, яғни алып державалардың дүниеге келуімен, шарықтау шегі мен құлдырау кезеңінен тұрады. Ұлы түркілер империясының құлдырауы, одан кейінгі Дешті Қыпшақ империясының құрылып, енді аяғына нық тұрып келе жатқанда орнына келген Алтын Орда тарихына тоқталар болсақ, бұл үлкен империялық деңгейдегі кезең деп айтуға болады. Ал оның ыдырауы, сол кезеңдегі тәуелсіз көптеген мемлекеттердің пайда болуына әсер етті.

Мысалы: Ресейдің құрылуына да өз әсерін тигізді. Алтын Орда ыдыраған кезде бытыраңқы Ресей князьдіктерінің басын қосып, соның орнына өздерінің Ресей мемлекетін құрып алуы олар үшін үлкен жетістік болды. Алтын Орда болмаған күнде Ресей өзінің тарихының бір бөлігін өшіріп алар еді. Сондықтан да оның маңызы зор болды.

- Шыңғысханның төрт ұлына бөлініп берген жерлерде жүргізілген басқару жүйесі қандай болды?

Шыңғысхан дүниеден өтер кезінде құрылтайда 1227 жылы төрт ұлына жаулап алған жерлерін мұра ретінде бөліп берген еді. Кіші ұлы - Төлеге Алтын тақ, өздері отырған Қарақорымды, Шыңғысханның ту тіккен жерін, әскері қалыптасқан жерін берді. Шағатайға Ертістің жоғары бөлігі, Жетісудың солтүстік бөлігі, Орталық Азиян жерлерін, Алтай өлкесінің батыс бөлігін берген болатын. Ал Жошы ұлысына тиген жерлеріне келетін болсақ, Мауренахр, Жетісу, бұрынғы Дешті Қыпшақтың көптеген жерлері тиісті болды. Қазақ мемлекеттігі де осы Жошы ұлысының негізінде және Шағатай ұлсының бір бөлігі бөлігі ретінде құрылған болатын.

Ал Үгедей Шыңғысхан империясының Батыс бөлігін, Солтүстік Жетісу жақты алды.

Шыңғысхан құрған ұлыстық жүйе негізінде түркілердің ондық, жүздік мыңдық, түмендік сияқты мемлкеттік әскери-әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты, мұны басқарудың тиімді, мобильді түрі деуге болады. Яғни мұнда кез келген уақытта бейбіт отырған ауылдарды бірден әскери жасақтап, толық қамтамасыз етуді жолға қойған, әскери-әкімшілік әскери жүйе деуге болды. Бұл өз кезінде бүкіл әлемді жаулап алуға өз септігін тигізген жүйе болды. Оның негізінде үлкен мән бар. Алтын Орданың негізінде түркілік бастаулар жатыр деп айтуға болады.

- Алтын Орда ұзақ мерзім бойы билігін жүргізген. Оның құпиясы неде?

Алтын Орда құрамында мемлекеттік басқару жүйесіндегі лауазымдарға көз жүгіртетін болсақ, олар түркілік басқару жүйесін негізге алып отыр, салық салу, әкімшілік жазалау жүйесі, заң жүйесі (Ясақ (жасақ-жосын). Пайзалар мен пошталық бекеттер және т.б. Алтын Орданың ұзақ өмір сүруі, қол астына басы қосылмайтын көптеген елдерді біріктіре білуі осы тиімді басқару жүйесінің өміршеңдігінен деп білеміз. Сонымен қатар, Алтын орда тұсында парламенттік жүйе сияқты құрылтайдың да өз рөлін атқара алғандығын айта кеткеніміз жөн. Әскери-әкімшілік жүйенің басқару тиімділігі жоғары болды. Тіпті кейінгі Еуропалық әскердің де тура осылай жасақталғаны осының бірден-бір дәлелі деп білеміз(взод, рота, батольен, дивизия). Мысалы, Шыңғысханның артындағы сақтауыл, торғауыттар, кешіктендер - кезінде оларды толық азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз етсе, (интенданттық қызмет) тағы бір бөлігі қару-жарақпен жабдықтайтын. Бас штаб жұмыс мен қимыл-әрекеті де жақсы жолға қойылған болатын.

- Шыңғысханның енгізген жүйесіне тоқтала кетсеңіз?

Шыңғысханның Яссы( жасақ жосын) арқылы нығыздап енгізген заңдық қағидаттар жүйесі болды. Егер ондықтан бір адам соғыс кезінде жау тұтқынына түссе, оған бүкіл ондық жауап беретін болатын. Түменбасы, мыңбасы туысқандық белгі арқылы, яғни әкесі немесе жақын туысы, құдасын және т.б. қоя отырып, солардың бір-бірін жау қолына тастап кетпейтін туыстық ынтымағын шебер пайдаланған. Яғни туысқандық жүйені нақты тиімді пайдалану жолын енгізген болатын.

Алтын Орданың астарында үлкен мән жатыр. Ол алып мемлекет. Кезінде ұлдарына бөлініп берілген әр аймақ жер шалғайлығына байланысты тікелей орталық Қарақорымға бағынышты болған жоқ. Олар өз жерлерін тәуелсіз мемлекеттік негізде басқарған. Сонау Алтайдан Дунайға дейінгі өздеріне бағынышты жерлерін қалауынша басқарып отырды. Моңғолияның құпия шежірісінің көптеген жазбаларында осы тәуелсіздікке ұмтылыс Жошы (үлкен ұлы) мен әкесі Шыңғысхан арасындағы қақтығысқа ұласа жаздаған туралы айтылған. Яғни, олар өздері тәуелсіз ел ретінде бөлініп кеткісі келгендігі баяндалған. Оған жол берілмегендігі, Жошының 1227 қайтыс болуы еді. Жошының ұлы Бату Батыс Еуропаға және Руське жорықты жалғастырып, Еуропалық көлеміндегі соғыстар нәтижесінде Шыңғыс империясын Алтайдан Дунайға дейін созып, үлкен аймақты өзіне бағындырған болатын. Осыдан Алтын Орда мемлекеті қалыптасты.

Жошы хан (1180-1227 жж.) негізін қала­ған, Алтайдан Альпіге, Ертістен Ду­най­ға дейінгі алқапта билік еткен, Дешті-Қыпшақ даласында шаңырақ кө­терген алып мемлекет басында Ұлық ұлыс деп аталды. Кейін бұл атау орыс, славян, батыс жылнамаларында хан ордасының алтынмен көмкерілген ордалық киіз үйіне қарай Алтын орда деп аталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтау туралы Ұлытауға барған сапарында айтқан еді. Ұлы ханның үлкен ұлы – Жошының мазары қазақ жерінде тұрғанын бүгінде еліміздегі және шетелдегі жұртшылықтың көбі біле бермейді. Ата-бабалардың аманатына адал болу – бізге сын. Сондықтан біз Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның есімін ұлықтауды міндетті түрде қолға алуымыз қажет. Оның тарихи тұлғасына әлемнің назарын аударып, кесенесін мәдени туризм нысанына айналдыру – өте маңызды міндет, - деген еді Президент.

Алтын Орда сөзі қайдан шықты десек, Алтын діңгек - бүкіл елдің тірегі деген сөзден де шығаруға болады. Оның бірнеше нұсқасы бар. Алтын Орда қашан құрылды десек, Бату мен мен оның мирасқорлары Беркенің жеке иелігіндегі жерлер арқылы, Солтүстік Кавказ, төменгі Еділ бойы, казіргі Қазақстанның біршама жері енген Жошы ұлысын толық қамтыды деп айтуға болады. Алғашқы астанасы қазіргі Астарханның маңайындағы Сарай Бату болды. Кейіннен ол Сарай Берке атанып, Еділ бойынан шамалы жоғары көшірілген болатын.

- Қазақ хандығының қалыптасу кезеңі туралы айта өтсеңіз?

Алтын Орданың ыдарауы нәтижесінде Тәуелсіз бірнеше хандықтар құрылды, Қазақ хандығы, қазақ мемлекеті де соның территориялық аймақтарын мұралық ете отырып құрылды деуге де болады. Қазақ хандығының қалыптасу барысында алғашқы рәсімделген мемлекет ретінде Ақ Орданы айтуға болады. Бұл хандықтың не үшін қазақ хандығының негізі деп айту себебі қазақ деген халықтың ұйытқысы болған, оны құрап отырған көптеген ру-тайпалар керей, жалайыр, найман, үйсін, қоңырат және т.б. тайпаларының осы мемлекет құрамында болғанын атап өтуіміз керек. Қазақ тарихын тереңдетіп оны Ақ Ордадан бастау керек деген ұсыныс айтылған еді. Бұл пікірді алғаш Қазақстанда Клавдия Пишулина айтқан болатын. Ол көптеген деректерге сүйене отырып біз Алтын Орданың құрамындағы Ақ Орда соның ішінде Орысханның кезіндегі биліктің үстемдігі кезден, қазақ хандығының тарихын бастауымыз керек дегенді айтады. Бұл мәліметтерді біздің интституттың ғылыми қызметкерлері Нұрлан Атығаев пен Қанат Өскенбай да қолдап, тарих ғылымдарының доқторы Зардыхан Қинаятұлы нақты мәліметтермен келтіре отырып, «Қазақ мемлекетінің қалыптасуының тарихы» деген ұжымдық-монографиялық еңбекті басып шығарған болатын.

- Сұқбатыңызға рақмет!

 Дереккөз: baq.kz


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?