XIX ғасырдың соңғы ширегінде бүкіл орыс баспасөзі Орта Азиядағы орыс әскерлерінің жорығына қызығушылықпен қарады. Мәселен, Волга-Кама газетінің 1873 жылғы № 49-50-де: «Барлығының назары қайтадан шығысқа бұрылды. Онда біздің көз алдымызда пайда болған ұлан-ғайыр генерал-губернаторлық жатыр. Кең далада әскерлерден басқа, шаруалардың озық отрядтары қазірдің өзінде көшіп жатыр; геодезшілер мен топографтар хандықтарды аралап, суретке түсіруде; Азия халықтарының ішінде орыс ғалымдары мен жазушылары жүр; оңтүстіктің қараңғы түндерін, хош иісті тоғайларды, жүзім мен раушан бақтарын суреттейтін романшылар да пайда болды; Алдыңғы шепте зеңбірек атысының түтіні әлі де басылған жоқ, ал жақын жерде орыс қалашығы салынуда; Ташкентте боянып-сыланған әйелдер қыдырып жүр, орыс үйірмелері құрылуда, орыс тілі естіледі». Бұл арада Ресей үкіметі бұл жорықты қарақшы Хиуаны тыныштандыру мақсатындағы маңызды қажеттілік деп атады. Газеттер бұл ұрандарды қостап, үмітке толы болды, алайда «әскери әрекеттерден кейін не істеу керек және арты не болады?» деген сұрақтар да болды.
Тарихта бір-біріне жат ұлттардың кез келген қақтығысы тағдырлы күреспен және бір жақтың екінші жағынан айнымас басымдылығымен көрінеді. Мүлдем басқа екі өркениеттің қақтығысы күштердің одан да айқын көріністерімен, одан да қатал күреспен ерекшеленді, онда тараптардың бірі өзінің өмірі мен тәуелсіздігін қорғаса, ал басып кірген өркениет алдымен өзінің күші туралы ұғымды, содан кейін құрмет сезімін оятқысы келді. Бұл алғашқы қақтығыстарды, жеңілген халықтардың жеңушілермен бейбіт қарым -қатынасқа түсуінің және ассимиляциялануының бастауы болатын «тарихи операциялар» деп атауға болады. Бұл кезеңде идеялар, әдет-ғұрыптар алмасуы басталады, азаматтылықтың бейбіт күресі және нағыз бағыну басталады. Бұл екінші әрекет біріншісінен әлдеқайда маңызды болды және кез келген ұлттың, кез келген өркениеттің басымдылығын әлдеқайда нығайтты. Екінші актісіз, ешқандай жаулап алу, үстемдік, бірігу мүмкін емес еді.
Ағылшын-ирландиялық парламентші және консерватизм идеологиясының негізін қалаушы Эдмунд Берк 1775 жылы сөйлеген сөзінде («Speech on Conciliation with America») былай деген: «…considering force not as an odious, but a feeble instrument, for preserving a people so numerous, so active, so growing, so spirited as this, in a profitable and subordinate connexion with us. First, [Sir, permit me to observe, that] the use of force alone is but temporary. It may subdue for a moment, but it does not remove the necessity of subduing again; and a nation is not governed which is perpetually to be conquered. My next objection is its uncertainty. Terror is not always the effect of force, and an armament is not a victory». Еркін аудармасы шамамен мынадай: «Мен кез келген ұлтты тиімді бағынышты одақта ұстау үшін күшті әлсіз қару деп санаймын. Біріншіден, күштің пайдасы уақытша ғана болуы мүмкін. Халықты жаулап алуға болады, бірақ бұл оны қайтадан жаулап алу қажеттілігін жоя алмайды және үнемі жаулап алуға тура келетін халықты басқару мүмкін емес. Екіншіден, бір күштің әрекеті әлі де сенімділік тудырмайды». Орта Азияны жаулап алу ісінде орыс зерттеушісі және орыс әскерлері эскпансиясының куәгері Н.М. Ядринцев те осындай пікірде болды. Атап айтқанда, ол: «жаңа алынған иеліктерде гарнизондар қаншалықты күшті болса да, ел бекіністермен қамтамасыз етілсе де, екі түрлі ұлт әлі де жат, оқшауланған болады, олар бір - біріне қарсы күзетте тұрады, ел әскери лагерь іспетті болады»,-деп жазған.
Ядринцев өзінің «Орта Азияны біз немен бағындырдық» («Чем мы покорили Среднюю Азию») деген мақаласында: «Ұлттар азаматтық қоғамға қосылмайды, біртұтас болып біріге алмайды, бұл үшін аралық тізбектер, бірқатар делдалдар, ақырында өркениеттің біріктіруші элементтері мен химиялық күштері қажет. Осындай рухани байланыс пен азаматтық негіздегі бірігу болмаса, бодандардың да, жеңімпаздардың жағдайы да берекесіз болмақ. Бітпейтін алауыздық, мазасыз көңіл - күй, үнемі ақталмайтын шығындар – бұның бәрі осы тәртіптің салдары. Біздің Орта Азия елдеріндегі драманың бірінші актісі аяқталды немесе аяқталуда»,-деп жазған. Бұл ретте Петровскийдің «Бұхараға саяхат» (1873 ж.) мақаласында Ресей империясының Орта Азия мемлекеттеріне әскери араласуы оның қазынасын үлкен шығындарға («16 миллионға дейін») ұшыратқаны айтылады.
Ядринцев жоғарыда аталған мақалада аймақтағы «орыс өркениеттік міндеттеріне» қатысты, орыс әкімшілігінің позициясын мұқият зерттеп, отарлау құралдарының қорына әсірелемей, бейтарап қарау керек деп санайды. Отарлаудың маңызды және алғашқы таратушыларының бірі сауда болғандығы белгілі. Сауда, көбінесе жаулап алушылар өз колонияларын қоныстандырып, иемденбестен бұрын-ақ, алыстан жаулап алатын. Ядринцев Жизақтың түбінде зеңбіректер пайда болғанға дейін Орта Азияны жаулап алған алғашқы орыс жауынгері самауыр болды деп санайды. Алайда, қазіргі археологтардың пікірінше, самауырдың функцияларын қайталайтын құрылғылар Ұлы дала аумағында біздің дәуірімізге дейін белгілі болған, яғни Ресейде алғаш рет өзінің самауыры пайда болған 1770 жылдардан әлдеқайда ертерек (Петр I қайтыс болғаннан кейін жарты ғасыр өткенде). Айтпақшы, Ядринцев көшпелілердің орыс самауырымен алғашқы кездесуі туралы да айтқан: «Когда он появился лет 25 назад у одного аристократа, первого духовного лица в Туркестане шейх-уль-ислама Исхак-Хаджи, его еще не умели наставлять. Шейх-уль-ислам Исхак собрал гостей и приказал наставить самовар своим работникам, те напихали в него полон углей, полагая, что вода явится сама собой, на то он и диковинка, на то он и самовар. Когда принесли его через несколько времени к гостям, то он распался и распаялся к удивлению зрителей. Но ежели почтенному Исхак-Хаджи и не удалось напиться в этот раз чаю, то когда он купил второй самовар у приезжих казанских татар, то опыт более удался». Қалай болса да, бірақ 19 ғасырдың аяғына қарай Орталық Азияда самауыр айтарлықтай танымал болды. Сонымен қатар, оған шыныаяқтар мен табақшалар қосылды, содан кейін «Қазан және Қырым татарлары әкелген» қасықтар мен шанышқылар қосылды. Кейінірек Ядринцев бұл тізімге бумен қыздырылатын тас пешті моншаны («бұрын Бұхара мен Түркістандағы моншалар құрғақ, жай қыздырылатын бөлмелер болған»), еуропалық тар шалбарды, қазан бешпентін және татар жейделерін қосады.
Алайда, отаршылдар үшін сауда үлкен жаңалық болды. Англия сауданың көмегімен Азия, Африка, Америка мен Австралиядағы тұтас халықтарды, жабайылардың тұтас тайпаларын жаулап алды. Қызыл мата, қағаз орамал, жылтыратылған темір бөлігі Сэндвич аралдарына (Sandwich Islands), Гудзон шығанағы компаниясының («Hudson’s Bay company») полярлық жерлеріне, Африка шөлдеріне, Австралияға еніп, Отты жер тұрғындарына жеткізілді, мұхиттарды жүзіп өтіп, қол жетпейтін Гиндукуш тауларынан асып, жергілікті авгандарға еніп кетті. Міне, осылайша Англия отаршылдық езгіден азат болған Американы бағыныштылық пен сауда боданында ұстап отырды, Маркстің айтуынша, ХХ ғасырдың басына дейін ол ағылшын тәжінің шикізат колониясы болған. Осылайша Англия Түркия, Испания, Португалия және Персия сияқты тәуелсіз мемлекеттерді жаулап алды. Алайда, аз дамыған мемлекеттер бұратаналарды аяусыз пайдаланған еуропалық сауданың құрбаны болды.
Бұл кезде орыс әскерлері далаға тереңдеп еніп, ұзақ уақыт бойы томаға-тұйық өмір сүрген, өзіндік көзқарасы, мәдениеті, әдет - ғұрпы, өнегелері мен дәстүрі бар халықпен бетпе - бет кездесті. Ол ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары бар елмен, бағзы заманнан өз қажеттілігін өзі қанағаттандыруға дағдыланған, өзінің қолөнері мен өзіндік өнеркәсібі бар, айтарлықтай кемелділікке жеткен және жергілікті мәдени қажеттіліктерге, әдет-ғұрыптар мен дәстүрге бейімделген мемлекетпен кездесті. Ядринцевтің айтуынша, орыс отарлаушысы осының бәрімен бәсекелесуі керек еді, бірақ ол сонымен бірге Англияның бұл бәсекелестікті қалай аяусыз жеңгенін мысалға келтіреді: «Керемет мақта матасы шығарылған Үндістан, қайсар Джон Буль ашуланып қолөнерші үндістің білдегін сындырып тастаған кезде ғана ағылшын саудасына өтті, әйтпегенде, Үндістан өз маталарына ғана киінер еді».
Алайда, XIX ғасырда Орталық және Оңтүстік Азияда үстемдік ету үшін империялардың ұлы геосаяси ойыны шеңберінде, Ресей империясы тек Орта Азия мануфактураларымен ғана емес, сонымен қатар Қытай мен Англиямен де бәсекелестікке түсті. Қытай бағзы заманнан-ақ Орта Азияны өз туындыларымен қамтамасыз етіп, байланысты мықтап бекітіп қойған болатын. Екінші жағынан, Орта Азияға Үндістаннан Бирмингем, Шеффилд және Ливерпульден келген ағылшын мануфактурасы келе бастаған. Ядринцев: «Олар Үндістаннан Орта Азия хандықтарына ағылшындық тез атылатын мылтықтардың енгенін айтады. Бірақ бұл ештеңе емес! Бұл қару жабайының қолында қаншалықты қауіпті болса да, оның әлсіз екенін дәлелдей түспей ме? Жоқ! Тез ататын қарудан емес, ағылшын шытынан қорқу керек, міне, жеңісті жасайтын да сол, алдағы күрес те сонымен болады. Бұқарадағы кез-келген керуен сарайы осы күрестің тарихын сізге ашып береді»,-деп жазған.