Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Күндерек. 18 сәуір - әлем және Қазақстан тарихында

3005
Күндерек. 18 сәуір - әлем және Қазақстан тарихында - e-history.kz

18 сәуір - Григориан жылнамасының 108-күні. Осы күні  әлем елдерінде көптеген айтулы мерекелер атап өтіледі. Қазақстан тарихында елеулі орны бар бірнеше тұлғалар осы күні дүниеге келді. 

18  сәуірде дүниеге келген танымал тұлғалар

Қоңыратбаев Қалжан Қоңыратбайұлы – қоғам қайраткері, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, ағартушы. Ол Түркістан облысындағы Қарнақ медресесінде діни сауатын ашып, түземдік орыс мектебін бітірген. Өзі де Керделіде мектеп ашып, ауыл балаларын оқытқан ағартушы. 1920 жылдары қазақ фольклорын зерттеушілердің аса ірі өкілдерінің бірі, этнограф, ғалым Әбубәкір Диваевпен бірге Сырдария Жетісу өлкелеріне фольклорлық экспедиция ұйымдастырды. 1924 – 26 жылы Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты, «Бірлік туы», «Қазақ», Айқап», «Қазақстан» басылымдарының Сырдария губерниясындағы арнаулы тілшісі болды. Осы басылымдарда өлке тарихы, оқу-ағарту мәселелері жайында мақалалар жариялады. Қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып, «Пайғамбар заманы» хикаясын (Орынбор, 1915 жылы) бастырып шығарды, «Қазақ» газетінде атақты Иманжүсіп туралы алғаш очерк жариялады. Түйе тұқымын асылдандыру туралы зерттеу еңбек жариялады. 

Қалжан Қоңыратбайұлы 1877 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданында (бұрынғы Сырдария губерниязы Ақмешіт уезі, Шиелі болысында) дүниеге келген. 1940 жылы Ресейдің Хабаровск өлкесінде дүниеден өтті. 

Зейтін Ақышев – ағарту саласының маманы, баспагер, аудармашы. Ол 1911 жылы 18 сәуірде Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Омбы жұмысшы факультетін, Семей мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметтерін атқарған. Өзі дүниеге келген ауданның  оқу бөлімінде әртүрлі қызметтер атқарып, жеті жылдық мектептің мұғалімі әрі директоры қызметтерін атқарды. 1955–1960 жылдары республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965–1969 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, кейінне Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор қызметтерін атқарды. Қазақ әдебиетінің дамуына да сүбелі үлес қосты. Шығармашылықпен айналысып, әңгіме, повестер жазды. Бірталайы орыс тіліне ауыдарылды. «Ақбел асуы», «Жаяу Мұса» романдары мен «Жесірлер. Бұршақ соққан жер» диалогиясын оқырман жүрегінен орын тапты. В.Панованың «Кружилиха» романын (1952), А.Куприннің «Жекпежек» повесін (1955), Я.Коластың «Талап атай» повесін (1956) тағы басқа шығармаларды қазақ тіліне аударды. 1991 жылы дүниеден өтті.

Кәрімов Мұрат Әбділхайұлы – денсаулық сақтау саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы, профессор. 

Профессор Мұрат Әбділхайұлы Алматы мемлекеттік медициналық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медициналық университеті) тәмамдап, аталған институттың аспирантурасында білім алған.  Алғаш еңбек жолын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкерден бастады. Кейін зертхана меңгерушісі болды. Институттың ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары лауазымын атқарды.  1984–1985 жылдары Қазақстан Денсаулық сақтау министрілігі өлкелік патология ғылыми-зерттеу институтының директоры қызметтерін атқарды. Үшінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Идеал» татар және татар-башқұрт қоғамдық және мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы.

Мұрат Кәрімов 1931 жылы Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылында дүниеге келген. Ғылыми зерттеу еңбектері токсикология және онкология мәселелеріне арналды. 2 өнертабыстың авторы. 

Секенов Алғазы Серғазыұлы – қоғам қайраткері, инженер, экономист. Ол 1970 жылы 18 сәуір күні Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. Ол қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіріп (Ленин атындағы ҚазПТИ), инженер мамандығын алған. Кейіннен РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясын бітіріп, экономист бакалаврын иеленді. 1994-2002 жылдары ҚР Ұлттық банкінің алтын және алмас қорымен жұмыс жасау жөніндегі департаментінің аға экономисі, шетелдік операциялар департаментінің жөтекші экономисі, алтын валюталық резервтер және диллинг операциялары басқармасы бастығының орынбасары, бастығы, монетарлық операциялар департаментінің диллинг операциялары және қаржы нарықтарын талдау басқармасының бастығы, монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 

Абаев Дәурен Әскербекұлы – қазақстандық саяси қайраткер. «Парасат» және «Кұрмет» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Ол 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2001-2007 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. 2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. 2016 жылғы 6 мамырдан Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. 2020 жылдың  4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.  2021 жылдың 11 қаңтарынан — Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі.

18 сәуір - әлемде 

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Бұл тарихи дата 1982 жылы ЮНЕСКО-да құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің (ICOMOS) Ассамблеясында белгіленді. Мереке 1984 жылдан бастап Бүкіләлемдік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару мақсатында атап өтіледі. Ол сондай-ақ әлемдік мұраның алуан түрлілігі және оны қорғауға және сақтауға жұмсалатын күштер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Мәдени мұраны сақтауға және қорғауға бағытталған ICOMOS қызметі 1964 жылы ескерткіштер мен тарихи орындарды сақтау және жандандыру жөніндегі халықаралық Хартия (Венеция хартиясы) бекіткен принциптерге негізделген. Конвенцияға қатысушы мемлекеттер өз аумағында орналасқан мәдени және табиғи мұраны қорғауды, сақтауды және болашақ ұрпаққа беруді қамтамасыз етуге міндетті. 2020 жылғы жағдай бойынша конвенцияға 194 ел қосылып, қатысушы мемлекеттер болды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік мұра тізіміне (ол кем дегенде екі жылда бір рет жаңартылады) 167 қатысушы мемлекетте орналасқан 1121 нысан кіреді. Беделден басқа, ЮНЕСКО объектісінің мәртебесі оның сақталу мен тұтастықтың қосымша кепілдіктеріне, уақтылы және сапалы қалпына келтіруге, қаржыландырудағы басымдыққа, сондай-ақ сақталу жағдайын бақылауға құқығы бар екенін білдіреді.

ЮНЕСКО – ның бүкіләлемдік мұра тізімінде Қазақстаннан «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектуралық кешені, Алматыға таяу Тамғалы тас шатқалындағы жартастарға салынған суреттер топтамасы кірді.   

18 сәуір - Зимбабве Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Оңтүстік Африкада орналасқан африкандықтардың нәсілшілдік режимге қарсы қарулы көтерілісі 1980 жылы Зимбабвеге тәуелсіздік алып берді. Зимбабве Республикасы Ботсвана, Мозамбик, Замбия және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Негізгі тұрғындары - африкалықтар. Олардың ішінде шона, матабеле, тонго тағы басқа тайпаларға бөлінеді. Ресми тілдері ағылшын және шона. Астанасы - Хараре қаласы. Республика 8 провинциялық бөлікке бөлінеді.  Зимбабве – президенттік республика. 1980 жылы қабылданған Конституциясы бойынша жалпыхалықтық сайлауда 6 жылға сайланатын президент Министрлер кабинетін тікелей өзі басқарады. Заң шығарушы орган – бір палаталы Ұлттық ассамблея.   Ақшасы – Зимбабве доллары. Қазақстан Республикасы мен Зимбабве Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы оныншы сәуірден бастап орнатылды. 

18 сәуір - Дүниежүзілік радио әуесқойлар күні. 1925 жылдың 18 сәуір күні құрылған Халықаралық радио әуесқойлар одағының құрылуна байланысты атап өтіледі. Ол әлемнің түрлі елдеріндегі ұлттық радио әуесқойлар ұйымдарын біріктіреді. Бұл мерекенің тарихы 1925 жылы Парижде ақпараттық жаңалықтар енді пайда бола бастаған кезеңнен бастау алады. Мейрамды атап өтуді радио байланысқа алғаш қызығушылық танытқан адамдардың басын қосқан "Халықаралық радио әуесқойлар одағы" ұсынды. Радио байланыс ол кезде жұртшылыққа таңсық болса да, ұйымның мүшелер саны күн өткен сайын арта берді.

18 сәуір - Әлемде алғаш рет қылмыскерді анықтау үшін саусақ ізі қолданылды. 1895 жылы ағылшын антропологы және психологы Фрэнсис Гальтон ("саусақ іздері" кітабының авторы) Англияда қылмыстық құқық бұзушыларды тіркеу әдісі ретінде саусақ ізін енгізуге қол жеткізді. 1902 жылы 18 сәуірде Данияда әлемде алғаш рет қылмыскерді анықтау үшін саусақ ізі қолданылды, ал сол жылдың қыркүйегінде Ұлыбританияда қылмыс болған жерден саусақ іздері алғаш рет қылмыс жасаған күдіктіге қатысты кінәнің дәлелі ретінде қолданылды. Кейінгі 15-20 жылда әлемнің әртүрлі елдері саусақ іздерін қолдану практикасына енгізді. Ресейде саусақ ізі 1906 жылдан бастап қолданыла бастады. Бұрын осы саланың мамандары саусақ іздерін "қолмен" салыстыратын, кейіннен саусақ іздерін салыстыру принципі автоматтандырылған.

18 сәуір – Халықаралық жонглер күні. Орта ғасырларда музыканттар, көшіп-қонып жүретін әртістер мен сиқыршыларды жонглер деп атайтын, латын тілінен аударғанда "joculator" – "күлдіргі" дегенді білдіреді.  Қазір жонглер дегеніміз бір мезетте бірнеше затты алма-кезек лақтырып тосып алатын цирк маманы. Жонглёрлік - бұл бір объектіні немесе көптеген объектілерді бір уақытта манипуляциялау, көбінесе бір немесе екі қолды қолдану, сонымен қатар аяқпен болуы мүмкін. Жонглерлер көбінесе жонглерлік ететін заттарды атайды реквизиттер. Ең кең таралған тіректер шарлар немесе сақиналар. Кейбір жонглерлер драмалық заттарды көбірек пайдаланады пышақтар, өрт оттары немесе аралар.  Мысыр перғауыны Хнумхотептің II Бени-Хасандағы обсында археологтар рельеф суреттерде  жонглер қыздардың бейнеленгенін анықтады. Бұл біздің заманымыздан екі мың жыл бұрын болған. Көне грек тарихшысы Ксенофонт 12 шеңберді қатар айналдыратын биші туралы жазған, ал қытай Лан Цзы бір дегенде жеті қылышты қолдана білген.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?