31 шілде - Григориан жылнамасының 212-күні. Qazaqstan tarihy порталы бұл күні әлем елдерінде қандай айтулы мерекелер өтті, қандай тарихи даталар болғанын айтып өтеді. Сондай-ақ Қазақстан тарихында елеулі орны бар бірнеше тұлғалар осы күні дүниеге келді.
31 шілдеде дүниеге келген танымал тұлғалар
Иван Петрович Шухов – қазақстандық жазушы, аудармашы, журналист. Қазақ Кеңес Советтік Республикасының мемлекеттік премиясының лауреаты. Қаламгер 1906 жылы 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысы, Преснов стансасында дүниеге келген. Петр Семенович пен Ульяна Ивановна Шуховтардың он үшінші баласы. Он екі ағасы мен артынан ерген жалғыз қарындасы болды. Анасы орыс халық ертегілерін, әзілдерін, мақал-мәтелдерін, әндерін білетін. Әкесі де сауатты, шаруақор адам болды. Бала Иван алдымен Пресновкадағы шіркеуден сауатын ашты. Кейін Омбыдағы Рабфакты бітірді. 1927 жылы Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтына оқуға қабылданып, әдебиетке ойысады. Мәскеуде жүріп, газет редакцияларында жұмыс істейді.
Жазушының «Горькая линия» романы 1931 жылы екі кітап болып шыққан. Одан кейін «Октябрь» журналы «Ненависть» романын жариялады. 1935 жылы «Родина», кейінірек «Действующая армия» романдарын жазды. Иван Петрович Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Әлжаппар Әбішев, Ғабит Мүсірепов сынды жазушыларымыздың туындыларын орыс тіліне тәржімалады. Оның көркем әдеби туындылары да бірнеше тілге тәржімаланған. Еңбегінің арқасында еңбек Қызыл Ту орденімен, сондай-ақ “халықтар Достығы” медальдарымен марапатталған. 1976 жылы Абай атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Алматы қаласындағы бір көше, №53 мектеп, Петропавл қаласындағы бір көше мен орталық қалалық кітапхана, Преснов стансасындағы мектеп оның есімімен аталады. Жазушының туған жерінде әдеби-мемориалдық мұражай үйі ашылған.
Ағаділ Сухамбаев - Екінші дүниежүізілік соғысқа қатысқан майдангер. Кеңес Одағының батыры. Даңқты батыр 1920 жылы 31 шілде күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген. 1939 жылы Байзақ ауданындағы Диқан орта мектебін бітіреді. Еңбек жолын туған ауылы Қарасуда тракторшы болып бастайды. Сұрапыл соғыс қасіреті басталғанда Қызыл әскер қатарына алынып, майдан даласына аттанады. Ағаділ Сухамбаев Беларуссияны, Литваны, Полшаны азат ету үшін болған шайқастарға қатысты. Ұлы отан соғысында отыз бірінші әскердің “Қызыл Ту атқыштар полкі” (628-полк) құрамында неміс басқыншыларына қарсы соғысты. Аталған полктың автоматшылар бөлімшесінің командирі болды.
Ағаділ Сухамбаев 1944 жылы поляк деревнясын азат ету үшін болған шайқаста әйгілі Матросовтың ерлігін қайталап, дзоттың ауызын кеудесімен жапқан. Марқұмның зираты Литва Республикасының Друскиненкай қаласында. 1944 жылы 24-наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Беларуссия, Литва, Қазақстан қалаларындағы көшелерге батырдың есімі берілді. Өзінің туған ауданы Байзақта да көше аты бар. 2005 жылы Тараз қаласында ескерткіші тұғыры орнатылды.
Ғұмарбек Жүсіпбекұлы Дәукеев - қазақстандық ғалым. Профессор. Елуден астам ғылыми зерттеу мақалалардың авторы. Техника ғылымдарының кандидаты. Бірнеше авторлық куәлік және патент иегері. Ғалым 1948 жылы қазіргі Абай облысының орталығы Семей қаласында дүниеге келген. Қаныш Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың түлегі. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс Басқармасының ҒТБ бөлімінің сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді. Алматы энергетика институтының кәсіподақ комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және техника жөніндегі Жоғары Кеңестің аппаратын басқарды. 1997 жылдың сәуір айынан бастап Алматы қаласындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры қызметін атқарды.
Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллин – қарымды қаламгер, аудармашы. Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығының, мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері. Журналист Бигелді Қайырдосұлы 1955 жылы 31 шілдеде Ақмола облысы, Біржан сал ауданы, Қыстау Қарағай ауылында дүниеге келген. 1981 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдаған. бітірген. Мәскеу қаласындағы Максим Горкий атындағы Әдебиет институтында білім алған.
Еңбек жолын «Ленинская смена» газетінде тілші болып бастаған. 1983 — 1985 жылдары «Казахстанская правда» газетінде тілші, 1985—1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары қызметтерін атқарды. Қаламгердің алғашқы «Таңдау» атты әңгімесі 1981 жылы «Студенческий меридиан» журналында жарияланды. Шығармаларын орыс тілінде жазады. Ғ.Мүсіреповтің, С.Бердіқүловтың, Т.Кәкішевтің, Ә.Әбішевтің мақалалары мен әңгімелерің, Х.Рақымовтың «Сеңгір сырлары» трилогиясының екі кітабын Т.Жұртбаевтың «Алып тұлға» деректі повесін, Қ.Жұмаділовтың «Атамекен» романын орыс тіліне аударды.
Гульнас Кенжетайқызы Ахметова - қазақстандық ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті мүшесі. Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері. Ғалым Павлодар педагогикалық институты, физика-математикалық факультетін тәмамдаған. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантурасында білім алған. Көп жылдар бойы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жұмыс істеді.
Гульнас Кенжетайқызы білім беру мен ғылым саласында мойындалған маман, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі. Профессордың ғылыми ізденістері білім берудің теориялық және методологиялық мәселелері, оның даму тарихы, жоғары кәсіби білім берудің теориясы мен әдіснамасы, жоғары мектеп дидактикасы мен ЖОО-да тәрбие теориясы секілді тақырыптарды қамтиды. 190-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Ғалым 1952 жылы 31 шілде күні Павлодар қаласында дүниеге келді.
31 шілде - әлемде
31 шілде – Америка Құрама Штаттарында Гавай туы күні аталады. Гавайдың байрағын монарх ойлап тапқан. 1816 жылы патша Ұлы Камеамеа гавай ұлттық туының жаңа дизайнын ұсынады. Ақ, қызыл және көк түсті сегіз жолақ штаттағы сегіз аралды білдіреді. Сегіз арал: Оаху, Мауи, Ланай, Кауай, Кахоолаве, Молокай, Ниихау және үлкен арал. Жоғарғы сол жақ бұрышта Гавай аралдарының Ұлыбританиямен және оның протекторатымен тарихи қарым-қатынасын еске түсіретін Ұлыбритания Туы орналасқан. 1990 жылы губернатор үшінші Джон Вайхее осы күнді Гавай туының күні деп бекітті. Ұлы Камеамеа таққа отырғанға дейін сегіз аралдың әрқайсысының жеке басшысы болған. Кейін аралдар біріктіріліп, тәуелсіз мемлекет құрылды. Бұл Гавай аралдарының бірігуі және біртұтас тәуелсіз мемлекет құру - Ұлы Камеамеа билігінің ең көрнекті нәтижесі. Патшаның батылдығы мен көрегендігі Ұлы Камеамеаның билігі кезінде мемлекетте мех, сандал ағашы саудасы дамып, кофе мен ананас экспорттала бастады.
Ұлы Камеамеа Ұлыбританиямен қарым-қатынасқа үлкен мән берді. 1793 жылы капитан Ванкувермен келіссөздер нәтижесінде аралдардың бір бөлігі Ұлыбританияға берілді. Бірақ, шын мәнінде, Ұлыбританияның бұл сауда мәмілесіне ешқандай қатысы жоқ. Гавайи туының суреті мен элементтері Достастық туының элементтеріне де, Америка туына да ұқсайды деген пікір бар.
31 шілде – Ерекше музыкалық аспаптар күні. Музыка - әр түрлі аспаптардың көмегімен ойналатын ұйымдастырылған музыкалық дыбыстар көркем образдарды бейнелеу құралы ретінде қызмет ететін өнер түрі. Адамзат бұл өнермен ежелден таныс. Археологиялық деректерде музыкалық туындылардың белгілері ерте замандардан көрініс тапқанын дәлелдеген. Қазіргі қолданыстағы музыкалық аспаптардың ішінде флейта ең көне болып саналады. Ғалымдардың тұжырымдарына сәйкес, оның жасы шамамен 40 мың жыл. Басқа да танымал аспаптарға гитара, барабандар, скрипка, фортепиано, керней, саксофон, клавес, фортепиано, орган, кларнет, виолончель, құбыр және басқалар жатады. Бұл аспаптардың әрқайсысының өз мерекесі бар.
Алайда, әлемде өте сирек кездесетін музыкалық аспаптар бар. Олардың көбісі қазір қолданыста жоқ. Олардың арасында клавикорд, варган, китаррон, блокфлейта, глюкофон, ханг, диджериду, шарманка, гусли тағы басқа. Жоғарыда ерекше музыкалық аспаптар күні (Uncommon Musical Instrument Awareness Day) сол аспаптардың құрметіне орай аталып өтіледі.
31 шілде - Дүниежүзілік рейнджер күні (World Ranger Day). Бұл атаулы мереке жыл сайын 31 шілде күні аталып өтіледі. 2007 жылы Халықаралық Рейнджерлер Федерациясымен (International Ranger Federation, IRF) саябақ рейнджерлерінің табиғатты қорғауға қосқан үлесін атап өту және өз қызметін атқару кезінде қаза тапқан рейнджерлерді еске алу үшін құрылды.
Рейнджер – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы – қорықтар, ұлттық парктер, жабайы табиғат резерваттары және басқа да нысандардың жабайы аңдарды броконьерлерден қорғайтын адамдар. Бұл термин XVII ғасырда пайда болды. Бастапқыда Филипп патшаның (1675-1676) соғысында соғысқан ағылшын сарбаздары деп аталды. Бүгінгі таңда қоғамда "рейнджер" сөзі көбінесе тәртіпті сақтау немесе арнайы операцияларды жүргізу болып табылатын полиция қызметкерімен немесе әскери қызметкерлермен байланысты. Мысалы, АҚШ армиясының рейнджерлері - АҚШ құрлық күштерінің бөлімшелері, ал Техас рейнджерлері -Техастың қоғамдық қауіпсіздік департаментіндегі қылмыстық тергеу, қылмыскерлерді ұстау, қоғамдық тәртіпті қалпына келтірушілер деп аталады.
31 шілде - Гарри Поттердің туған күні. Жыл сайын шілденің соңғы күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған жанкүйер Гарри Поттердің туған күнін атап өтеді. Егер Джоан Роулинг ойлап тапқан ғажайып әлемнің ресми хронологиясына сенсек, Гарри Поттер 1980 жылы 31 шілдеде туған. Гарри Поттер туралы кітап сериясы - қазіргі заманның ең танымал бестселлерлерінің бірі. Жас сиқыршының оқиғалары дүние жүзі бойынша балаларды да, ересектерді де баурап алды.
31 шілде - кітап оқушылар мерекесі. Бұл атаулы күнде сүйікті кітаптарды еске алып, кітап оқуды жаңғыртатын күн. Кейбір шығармалар оқырманға кеш жарияланып, кеш насихатталуы мүмкін. Мысалға айтар болса, Маргарет Митчеллдің "Желмен бірге кетті" шығармасын көптеген баспалар жариялаудан бас тартқан. Набоков екі жыл бойы "Лолита" шығармасын ешбір баспаға ұсына алмай жүрді. Ал Клайв Льюис "Нарния шежіресі" кітап дүкендерінің сөрелеріне түскенге дейін 37 рет баспалар шығарудан бас тартты. Бірақ кейін аталған шығармашалар оқырманның іздеп жүріп оқитын сүйікті кітаптарына айналды.