Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ресей облыстарында қазақ мектептерін ашуға мүдделіміз - Тоқаев

1278
Ресей облыстарында қазақ мектептерін ашуға мүдделіміз - Тоқаев - e-history.kz

Қазіргі уақытта Ресейде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып алып жатыр. Бұл өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда көп, - деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы

Бұдан Ресей жоғары оқу орындарының білім әлеуеті жоғары әрі сұранысқа ие екенін байқауға болады. Сонымен қатар мұндай таңдау жасауға территориямыздың жақындығы, тілдік кедергінің жоқтығы, оқу ақысының қолжетімділігі, оқытушылар құрамының біліктілігі, көптеген білім ордасының кеңес кезеңінен бері қалыптасқан беделі мен атағы ықпал етті.

Қазақстанда техникалық бейіндегі шетелдік жетекші оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл еліміз Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында жасалған Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелерінің филиалдарын тең негізде құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялады.

Соның нәтижесінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында МИФИ филиалы, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік университетінің филиалы ашылды. Келесі жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жанынан Д.И. Менделеев атындағы Ресей химия-техникалық университетінің филиалын ашу жоспарланып отыр. Халықтарымыздың тарихи және мәдени жақындығын ескерсек, орта білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге екі тараптың да қызығушылығы бар. Қазақстанның оңтүстік облыстарында Қазақстан-Ресей бірлескен білім беру мекемелерін ашу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл ретте біз Ресейдің Қазақстанмен шекаралас, қандастарымыз көп тұратын облыстарында осындай мектептер ашуға мүдделіміз, - деді Президент.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?