Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ікей Мизамұлы, Мүдәріс Зайсанов сынды қазақ батырларын білеміз бе?

2292
Ікей Мизамұлы, Мүдәріс Зайсанов сынды қазақ батырларын білеміз бе? - e-history.kz

Биыл Халхын-гол шайқасына 84 жыл. 1939 жылы мамырдың 11-інде басталған соғыс сол айдың аяғына дейін небары жиырма күн ғана жалғасты. Жиырма күннің ішінде жапон әскерінің қарсы тараптан беті қайтты. Бірақ сәл тыныстап алған жапон әскері шілденің 2-сі күні қайыра шешуші ұрысқа кірісті. Майдан қыркүйек айының ортасына дейін жалғасты. Осы екі жарым айға созылған ұрыста жапондар жағынан 50 мың сарбаз жазықсыз оққа ұшты.

Көп ұзамай бұл соғыс та тәмамдалды. КСРО Жоғары Кеңесінің Жарлығымен Халхын-гол шайқасына қатысып, ерлік көрсеткен Совет армиясының 17068 жауынгеріне орден, медаль берілсе, 3 адам Кеңес Одағы Батыры атағына ие болды. Ал он төрт адамға Монғолия Батыры атағы берілді. Осы он төрт адамның екеуі орыс ұлтынан болса, біреуі – қазақ-тұғын. Сол Қазақтың есім сойы Ікей Мизамұлы. Әйгілі Халхын-гол соғысына қатысқан тағы бір қазақ сарбазы, ұшқыш Мүдәріс Зайсанов болатын. Енді бұл соғыс қалай басталды?

Соның азын-ауылақ тарихына тоқтала кетсек.

Халхын-гол өзеніндегі шайқас Ресей мен Монғолия арасындағы көп ғасырлық достық қарым-қатынастың шешуші оқиғасы болды. Қиын-қыстау кезеңде бір-біріне көмек қолын созып, екі ел ағайын-туыс болып, дала халқының тәуелсіз мемлекет құруына атсалысып, екі елдің болашағын айқындаған өзара тарихы бар. Халхын-гол шайқасының басталуы және оның нәтижесі туралы да әркім әр түрлі көзқараста жазады.

Бүгінгі таңда ресейлік және шетелдік тарихшылар Халхын-гол өзеніндегі шайқас екінші дүниежүзілік соғыстың алғышарттары, сондай-ақ Жапон милитаристерінің батыстан фашистік Германияның басып кіруіне мүмкіндік жасау әрекеті болды деген пікірде. Рас, соғыстың басты себебі де осында жатыр. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия өз билігін қайтарып алып, Еуропаны жаулап алуға ұмтылса, Жапония шығыста, Азияда үстемдік етуді жоспарлады. Олар сондай-ақ Кеңес Одағы әлемдегі билікке деген ұмтылысын жүзеге асыруға кедергі болатынын да білді. Себебі бұл кезеңде жер жүзіне үстемдік ету Кеңес одағының да басты мақсаты-тұғын. Ал енді бұл шайқастың қалай басталуына келер болсақ, 19 ғасырдың аяғынан бастап жапон билігі Маньчжурияға, Қытайға, Ресейдің Қиыр Шығысына қарсы агрессивті арандатушылық саясатын жүргізді. Жапония аралда орналасқан себепті, импорттық шикізатқа тәуелділігінен құтылу мақсатында, табиғи ресурстары мол деген жерлерді кез келген жолмен басып алуға тырысты. Токио өзінің саяси ықпалын кеңейту үшін мәселені әскери жолмен шешуді дұрыс деп таныды, сондай-ақ «Шығыс Азияның ұлы даму секторы» атты бағдарлама да әзірледі. Жапонияның бұл жоспарында көптеген күрделі аумақтар қамтылды сондай-ақ бұл аумақтар Жапонияны шикі зат тәуелділігінен біржола құтқаратын бірден бір жол деп танылды.

Ал бұл аумақтарға Солтүстік Сахалин, Курил аралдарын, Шығыс Сібірді, Маньчжурияны, Ішкі және сыртқы Монғолияны, Қытайды, Тибетті және сол кезде Голландиялық Индия деп аталатын оңтүстік бөлік, шығысқа қарай Тынық мұхитына, оның ішінде Гавайи аралына дейінгі аумақтар қамтылды. Солтүстікте олар Қытайды, Маньчжурияны, Монғолияны басып алу арқылы, Сібір мен Қиыр Шығысқа қарсы соғысуды жоспарлады. Бұл кезде Жапон әскері өзінің ерекше тактикасымен танымал болды. Ал олардың бұл мақсат жолындағы әрекетке тез көшкені сондай көп ұзамай Монғолияға қауіп төндірді. 1939 жылдың көктемінде кеңес тыңшысы Рихард Зорге Жапондар шекарада арандатушылықты жоспарлап отыр, соның салдарынан қарулы қақтығыс туындауы бек мүмкін екенін ескертті. Жалпы кез келген мәселені бір жақты қарастыру адамды адастыруға әкеліп соқтыратын анық. Сол себепті бұл мәселе бойынша Жапон тарихшыларының да дербес көзқарасын ескергеніміз абзал болар. Кейбір Жапон тарихшыларының пікірінше, Кеңес Одағы араласпаған жағдайда, Маньчжурияда тұратын моңғолдар мен сыртқы моңғолдар арасында территориялық дау-дамай туындамас еді, тіпті Халын-гол өзенінде соғыс болмас та еді. Қақтығыстың басты себебі Маньчжурия мен Монғолия арасындағы шекараны белгілеуге қатысты даулардың шиеленісі болды. Жапония шекараның Халхын-гол өзенінің (моңғол тілінде Халхин Гол) бойымен өтетініне сенді. Кеңестер мен моңғолдар шекараны шығысқа қарай 10 миль қашықтықтағы Номонхан аумағымен есептеді. 1932 және 1939 жылдар аралығында екі тарап бір-бірін жүздеген шекаралық шабуылдар жасады деп айыптады. Кеңестер Одағы сонымен қатар Маньчжуриядағы жапон әскерлерінің кеңестік Қиыр Шығыспен жалғыз сенімді байланысы болып саналатын Транссібір темір жолына оңай соққы беретін қашықтықта орналасқанына алаңдады. Бұл мәселе Кеңес үкіметін қатты үрейлендірді. Егер басқыншылар Монғолияға басып кіріп, Транссібір темір жолын кесіп тастаса, Кеңес Одағы жойылар еді».

Міне, жапон ғалымдар жағынан осындай да қызықты деректер айтылады. Шынында да, Маньчжурияны алған Жапондар Моңғолия Халық Республикасын, Ішкі Моңғолияны, Шыңжаңды басып алып, КСРО мен Қытайды толығымен бөліп тастауы мүмкін еді. Сондықтан Кеңес өкіметі Жапонияны Қытай Халық Республикасынан, яғни Транссібір темір жолы мен Байкал көлінен алшақ ұстауға, Қытайдағы қытай-жапон соғысын Монғолия шекарасынан барынша алыстатуға мүдделі болды. Кейінірек Сталин 1945 жылы Чан Кайшидің ұлы Цзян Цинге: «Сыртқы Монғолияның тәуелсіз болуы керек екенін, өйткені ол Кеңес Одағы үшін өте маңызды стратегиялық орталық болғанын ескерткен еді. Маньчжурия мен Ішкі Монғолияны басып алған Жапондықтар кеңес-қытай тікелей байланысын үзуге жақын болды. Алайда Сталин қытайларды қолдап, соғысты ұзартқанша Қиыр Шығыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барын салды. Егер соғыс Қытай үшін толық жеңіліспен аяқталса, бұл Сталин үшін қауіп төнетін еді. Сондықтан ол бүкіл Қиыр Шығысты қамтитын үлкен қорғаныс жүйесін құруға шешім қабылдады. Сонымен қатар, кеңестік әскери-саяси басшылықтың пікірінше, Жапонияның саясатын түсіну үшін келесі декларация өте маңызды еді.

Онда мына мәселер айтылған еді. «…Қызыл армия Маньчжурияға, әсіресе Моңғолияға жолды бөгейді. Сондықтан әзірге Қытайды қалқан ретінде пайдаланып, Қызыл Армияға қарсы Ресеймен соғысуымыз керек. Жақын арада бізде Ресеймен қақтығыс болатыны сөзсіз. Ресей шығыс Қытай темір жолында, солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияға шабуыл жасау жолында болары анық және солтүстік Маньчжурия жері арқылы өтеді. Шығыс Қытай темір жолы кесіп өтетін бұл аймақ Жапонияның Маньчжуриядағы күшіне үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан Жапонияның Ресеймен қайтадан соғысудан басқа еш амалы қалмайды және бұл соғыс Маньчжурияда, Маньчжурияның солтүстігінде және Моңғолияда болады. Сөйтіп Жапония тарапынан болатын қауіпті кеңес басшылары жақсы түсінді. 1935 жылдың өзінде-ақ жұмысшылар мен шаруалардың Қызыл Армиясы басшылығының жиналысында Иосиф Сталин Маньчжурияны иеленген Жапонияның қаншалықты қауіпті болатынын айтқан болатын. Ол, егер Жапондар Моңғол жері арқылы Байқал аймағындағы Транссібір темір жолын жабу жоспары орындалған жағдайда, Кеңес Одағы Сібір мен Қиыр Шығыстан айырылады, сонымен қатар Моңғолия өзінің тұтас территориясынан, тәуелсіздігінен айырылады, бұл соғыс жолында Жапон үшін Моңғолия ештеңе де емес дегенді ескертті. Кеңес Одағы мен Моңғолия келісімге келіп, 1936 жылы 12 наурызда Мәскеуде Моңғолия мен Кеңес Одағы арасындағы өзара көмек туралы хаттамаға қол қойды. Жалпы бұл шайқас туралы тарихшылар түрлі көзқараста және бұл осы уақытқа дейін екі ел арасындағы қарулы қақтығыс деген сияқты үстіртін көзқарастардың да болғандығы еш өтірік емес.

Бұл туралы кейбір тәуелсіз тарихшылар былай дейді. Кеңес-моңғол келісімі Моңғолияның өз тәуелсіздігін сақтап қалуының кепілі болды. Соғысқа дейінгі аласапыран уақытта Кремьлдің бұндай қадамға баруы Моңғолия мемлекеті үшін аса дұрыс қадам болды деп айтады. Дегенмен бұл мәселе бойынша жасалған келісімдер тек Моңғолия мүддесі үшін ғана жасалды деп қарастыруға еш келмейді. Себебі мұның артында да Кеңес одағының өз мүддесі тұрды. 1935 жылдан бастап Жапония мен Кеңес Одағы арасындағы қырғи-қабақ соғыс қатты қыза бастады. 1935-1939 жылдар аралығында екі жақтың бір-бірімен оқ жаудырған жалпы саны 108 оқиға болды. Екі тарап бұл аймақта әскери күштерін тұрақты түрде арттырды, ал екі ел арасындағы қарым-қатынас тұрақты түрде нашарлады. 1935 жылы шілдеде жетінші Коминтерн конгресі Жапонияны Кеңес Одағының «фашисттік жауы» деп жариялады. Келесі жылы, 1936 жылы Жапония мен фашистік Германия Коминтернге қарсы актіге қол қойды, онда олар КСРО-ның шабуылына ұшыраған жағдайда «өздерінің ортақ мүдделерін қорғау» үшін қалай жауап беру керектігі туралы кеңесуге келісті. 1937 жылы шілдеде Жапон әскері Қытайға басып кіргеннен кейін КСРО Қытай үкіметін оқ-дәрілермен, әскери техникамен және керек-жарақтармен, оның ішінде 82 танкпен қамтамасыз етті; 1300 дана артиллерия; 65 000 мылтық пен пулемет; 225 ұшақ; және 1500-ден астам жүк көліктері мен тракторлар берді.

1937-1941 жылдар аралығында Чан Кайши әскерлеріне тек Кеңес үкіметі ғана қомақты әскери көмек көрсетті. Мәскеу сондай-ақ кеңестік еріктілер тобының құрамында 3665 әскери кеңесшілер мен еріктілерді және жалпы сомасы 250 миллион доллар несие берді. 1941 жылға қарай Қытайға 1200-ден астам ұшақ жөнелтілді. Ұшақтардың жартысына жуығын қытайлық әскери киім киген кеңестік ұшқыштар басқарды, олар шынымен-ақ еріктілер болды. Кеңес еріктілері 1938 жылы 23 ақпанда Тайваньдағы жапон әуе күштерінің негізгі базасына шабуыл жасаған кезде Жапония территориясына Қытайдың жалғыз әуе шабуылын жасады.

1937-1941 жылдар аралығында кеңес ұшқыштары 625 Жапон ұшағын атып түсірді. 1941 жылы Жапония мен Кеңес Одағы шабуыл жасамау туралы актіге қол қойған кезде кеңестік еріктілер эскадрильялары шығарылды. Жапон-Кеңестік соғыс қимылдары 1939 жылдың мамыры мен қыркүйегі аралығында Моңғолия-Манчжур шекарасындағы Халхин -Гол шайқасында шарықтау шегіне жетті. Қақтығыс мамыр-маусым айларындағы бірқатар шекаралық қақтығыстардан басталып, ақырында жүз мыңнан астам адамның соғыс қыймылдарына араласуына тура келді. 1939 жылы 23 тамызда Германия мен Кеңес Одағы арасындағы шабуыл жасамау туралы келісім – Молотов-Риббентроп актісі жарияланды. Сталин неміс-кеңес актісінің егжей-тегжейлері туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда, ол шығыс Моңғолияға да қосымша әскерлер жіберді. 1938 жылы Ресейдегі азамат соғысы кезінде ерекше көзге түскен 42 жастағы корпус командирі Георгий Жуков Бірінші Кеңес Моңғол армиясы тобының қолбасшысы болып тағайындалды.

1939 жылдың жазына қарай жапондық күші шамамен 80 000 жауынгер, 180 танк және 450 ұшақ жіберілді. Кеңес әскерлерінің саны 50 000-ға жуық болды, оған 498 танк пен броньды техника, 581 истребитель мен бомбалаушы ұшақтар қосылды. 1939 жылы шілдеде жапон әскерлері Моңғолия шекарасына өтіп, Кеңестік және Моңғол әскерлеріне үлкен шығын келтіріп, даулы шекаралық аймақты басып алды. 1939 жылы 20 тамызда Неміс-Кеңестік шабуыл жасамау туралы шартқа қол қойылғаннан кейін Жуков Моңғолиядағы жапон әскерлеріне шабуыл жасады. Жапон күштерін кері шегеру үшін артиллерия мен жаяу әскерді пайдаланып, Жуков өз танктерін жапон позициясының екі қапталына шабуылға жіберді. Шабуыл Жапонияның алтыншы армиясын қоршап алып, ақырында оны талқандады. Жапондық майдан әскерлерінің шамамен 75 пайызы соғыс кезінде қаза тапты. Ұрыс 16 қыркүйекте аяқталды. Нәтижесі мынадай болды.

1941 жылғы Кеңес-Жапондық шабуыл жасамау туралы акт 1941 жылы 13 сәуірде Жапония мен Кеңес Одағы шабуыл жасамау туралы актіге қол қойды. Олар сондай-ақ Моңғолия мен Маньчжу-го (Маньчжурия) елдерінің аумақтық тұтастығын құрметтеуге келісті. Келісімге қол қойылған кезде Жапония Германияның Кеңес Одағына басып кіруге дайындалып жатқанын анық білді. Актке қол қою арқылы Жапония Кеңес Одағының Маньчжу-Гуоға қауіп төндірмеуін қамтамасыз ете алды, сонымен қатар «Оңтүстік жол» стратегиясын жүзеге асыруға еркіндік берді.

1939 жылғы Халхын-Гол соғысы 1921 жылдан бері екі ел арасындағы берік достық пен ынтымақтастыққа үлкен сынақ болды. Бұл соғыс моңғол-кеңес достық қарым-қатынасының кейінгі уақыттар да берік болуына әсер етті, өлкедегі тарихи ескерткіштер мен құрылыстарды қалпына келтіру мақсатында әскери-тарихи және археологиялық зерттеулерді дамытуда барынша маңызды рөл де атқарды. 

ruh.kz

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?