Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: ат спорты

2584
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: ат спорты - e-history.kz

2024 жылдың 8-13 қыркүйек аралығында Қазақстанда бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Бұл – көшпенділердің Орталық Азиядағы дәстүрлеріне негізделген этникалық спорт түрлерін көрсететін бірегей халықаралық спорттық шара. Бұл шара этноспорт пен этномәдени қозғалыстың дамуына ықпал етіп, оларды адамзат өркениетінің маңызды бөлігі ретінде дәріптейді.

Ойындарға әлемнің шамамен 100 елінен 2500-дей адам қатысады деп күтілуде. Шараға 100 000-нан астам отандық және шетелдік турист қатысады деп болжанып отыр. 

Ойындар Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі, ЮНЕСКО, Түркі мемлекеттерінің ұйымы және басқа да ұйымдармен ұйымдастырылып, Қазақстан астанасы Астана қаласында «Ұлы дала дүбірі» ұранымен өтеді. Негізгі спорт алаңдарында 21 спорт түрінен, соның ішінде ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі интеллектуалдық ойындар, жауынгерлік өнер сайыстары, дәстүрлі садақ ату, ұлттық құсбегілік, халық ойындары бойынша жарыстар өтеді. Барлығы 97 медаль жиынтығы табысталады.

Сарапқа салынан медальдардың ішінде ең көп үміт күтетін жылқымен байланысты спорт түрлері. Аттан түспеген қазақтың бағына бірнеше алтын бұйырады деген сенімдеміз. Осы жылқымен байланысты спорт түрлерін еске алуды жөн көрдік. 

Көкпар

Көкпар тарту ойындары тек қазақта емес, Орталық Азия елдерінің кейбір елдері: ауған, қырғыз, өзбек, тәжік сияқты өзге де халықтарында бар. Кейбір зерттеушілердің ақпаратына сәйкес мұхиттың ар жағында орналасқан Аргентина елінде ұқсас ойынды дәлелдеп келтіреді. Сондықтан 2 мыңжылдық тарихы бар бұл ойынды тек қазақ халқына тиесілі ойын деуге келмес. Бұл спорттың шығу тарихын қаншалықты білеміз?

Әуелден, бұл спорттық ойынның қай уақыттан бергі келе жатқанына назар аударсақ. Түркі дәуірінде бұл ойын жауынгерлердің әскери машығын шыңдау әдісі мен құралының бірі болған екен. Соның арқасында жауынгер аттарының соғыс барысындағы шапшаңдығы байқалған. Жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Содан бері біршама ғасырда бұл спорттың мақсаты мен міндеті біршама өзгеріске ұшыраған. 1958 жылдан бастап командалық спорт түрінде өткізілетін ойын, мәре көкпардан өзге түрлері жоғала бастады.

Этнографтардың айтуынша, «көкпар» сөзінің әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан деген тұжырым салтанат құрып келген. Мал баққан көшпелілер көк бөріні соғып алып, оны ат үстінде жүріп бір-бірінен ала қашып, мәз-мейрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналады.

«Көкпар» деген сөз «көк» және «бөрі» деген екі есім сөздің кірігуінен пайда болды деген ойды А. Қалиұлы айтып өтеді: «Көкпар тарту – әскери жаттығулардың бір түрі. Түрік қағанатындағы «Дербес бөрі жасақ» дегеніміз осындай жаттығудан өтіп сайланған батырлар тобы еді», – деп тұжырымдайды.

Ал, академик Ә.Х. Марғұлан: «Сырдария мен Арал бойын мекендеген Сақ тайпалары жылсайын қасқыр тотемінің құрметіне арнап, қатысушылары қасқыр терісін жамылып, маска киетін атты-спорттық мейрам ұйымдастыратын. Бұл дәстүр түрік-моңғол тайпаларында күні бүгінге дейін сақталды. Қазақ, түрікмен, қырғыз елдерінде бұл ойын «көкпар – көк бөрі» деген атаумен сақталған. «Көкпар» атты ойынның қазақ халқындағы бір варианты «Қыз бөрі» – қасқыр терісі мен қасқыр маскасын киетін дәстүрлі сақ ойынының модификациясы болып табылады»- деп ойынға ғұрыптық мән береді.

Алайда кейінгі зерттулер бойынша бұл терминге жаңаша көзқарас қалыптасып келеді. Онда қазақтар мен оның ата-бабалары, байырғы түрік елдері көкбөріні тотем деп санағандықтан, оны тарту, жұлу, тартысу, ойынға айналдыру мүмкін еместігін алға тартады. Егер қасқырды тартаын болса, қазақтар әлі де қасқыр аулайды, оның терісін, тұлыбын тартып ойында жалғастырар еді. Қазір барлығы да серке тартады, сондықтан көк серке сөзінен тууы ықтимал екенін жасырмайды. «Көк серке» – «көк сері» – «көк  сер» – «көк бер» деп түрлеуі ғажап емес дейді.

Қазақстанда 1949 жылы бекітілген ереже бойынша,  көкпар арнаулы алаңдар да өткізіледі.   Алаң көлемі қатысушылар санына байланысты. Егер әр команда 5 адамнан болса, ұзындығы 300 м, ені 100 м, 10 адам болса – 500х200 м, 15 адамнан болса – 700х300 м, 20 адамнан болса – 1000х500 м болады. Алаңның әр бұрышына қызыл жалаушалар ілініп, ал оның екі жағында диаметрі 10 м-лік шеңбер («отау») сызылады. Алаң ортасында диаметрі 6 метрлік шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс басталар сәтте командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту қатысушылардың санына байланысты 8-15 минут аралығында өтеді. Көкпаршылардың мақсаты – орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз командасының «отауына» жеткізу. 

Көкпар «отауға» жеткізілгеннен кейін, ойын алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай команда Көкпарды өз “отауына” көп жеткізсе, сол жеңіске жетеді.

Аударыспақ

Аударыспақ спорттық сипатқа ие және ұлттық ойындардың бірі болып табылады. Бұл ойынның қырғыздарда "оодарыш" және "эниш" сияқты аналогтары бар. Қысқаша ойынды «ат үстіндегі күресу» деген мағынада. Бұрын бұл ойын жауынгерлерді шынықтыруға бағытталған болатын. Ойынға екі адам қатысады, олардың әрқайсысы жақсы күшке, ептілікке және төзімділікке, сондай-ақ ат үстінде отыру қабілетіне ие болуы керек. Ойынның ережелері өте қарапайым: қарсыласыңды қолынан ұстап құлату керек. Екі шабандоз бір-бірінен бес метр қашықтықта тұрады. Жылқының да дайындығы шешуші рөл атқарады. 

Күме алу (теңге алу)

Күме алу ойынындағы басты мақсат – мәреге дейін шүберекке салынған тиындарды мүмкіндігінше көп жинау. Бұрын бұл ойында күміс монеталар қолданылған. Бұл ойынды ат жарысы сияқты деп айтуға болады. Ойынның балаларға арналған нұсқасы да бар, бірақ олар атқа мінбейді.  

Бәйге 

Бәйге – ежелгі ат ойындарына жатады. Қырғыздарда ол «байге» деп аталады және  түркі халықтарының ішіндегі ең танымал ұлттық ойындарының бірі болып саналады. Бәйге – ұзақ қашықтыққа жататын жарыс. Жарыс қашықтығына байланысты бәйге әртүрлі түрлері бар: тай-бәйге, құнан-бәйге, дөнен-бәйге және ат-бәйге. Тай-бәйге екі жасар жылқыларда, құнан-бәйге – үш жасар жылқыға бір жарым-екі шақырым қашықтықта, дөнен – бәйге - 2,5-нан 5 шақырымға дейінгі төрт жасар жылқының жарысы.  Кейде жарыста жеңіске жеткендерге жүз атқа дейін сыйлық берілген. Алайда жеңімпаз оны достарымен және айналасындағылармен бөлісіп отырған. 

Жамбы ату

Жамбы ату - бұл кең таралған спорттық-әскери ойын. Өзбектерде ол «алтын қабақ», тәжіктерде «қабақ», ал қырғыздарда «жамбы атыш» немесе «жамбы атмай» деп аталды. Ойынның барлық нұсқаларында ережелерде шамалы айырмашылықтар бар, бірақ әр халықтың ойынында ұқсастықты байқауға болады. Ойын атпен де, жаяу қатысушымен де өткізілуі мүмкін. Қатысушы – шабандоз болатын ойын нұсқасына бірнеше адам қатыста алады, олар жүлдені атып түсіруі керек. 

Ойынның нақты қай уақытта шыққаны белгісіз. Зерттеушілер ойынның  шамамен XIII ғасырдың аяғы мен XIV ғасырдың басында, моңғол Юань әулеті кезінде пайда болғанына сүйенеді. Кеңес Одағы кезінде ойынның танымалдығы төмендей түсті, бірақ ел тәуелсіздік алғаннан кейін ойын қайтадан қарқын ала бастады. 2014 жылдан бастап Қазақстанда жамбы атудан турнирлер мен республикалық чемпионаттар өткізіліп келеді. Сондай-ақ, Қазақстанда «Жамбы ату»  федерациясы құрылып, Астанада 11  ел қатысқан халықаралық турнир өтті.

Қыз қуу

Қыз қууды бұрын отбасылық-рулық мерекелермен бірге жүретін ойындарға жатқызатын. Бұл қызықты ойынның атауы сөзбе-сөз «қызды қуып жету». Осы уақытқа дейін өте танымал ойын атпен де өткізілді. Ойынның аналогтары бүкіл Орта Азияда бар. Мысалы, Қырғызстанда ол «қыз қуумай», ал Башқұртстанда «қыз қыуыу» деп аталады.

Ескі әдет бойынша, бұл ойын жас жігіт пен қыздың арасында өтеді. Онда жас жігіт өзінің шабандоздық шеберлігін дәлелдеуі керек еді. Бұл дәстүр көңілді ойнақылықты және сонымен бірге сол кездегі жұп арасындағы сезімді білдіретін.  Ережеге сәйкес, қыз бен жас жігіт басында атқа мінеді. Қыз жігіттің алдында 12-15 метр тұруы керек, ал ойын белгімен басталады. 400-500 метр қашықтықта бұрылыс нүктесін білдіретін жалауша қойылады. Жігіттің басты мақсаты - қызды қуып жету. Егер жас жігіт оны қуып жете алса, онда оның сыйақысы құшақтау немесе қыздың бетінен сүю. Егер жете алмаса қыз ер азаматты қамшымен сабайтын болған. Ойынға қатысушыларды  үш фактор бойынша бағалайды: атқа ие болу өнері, іс-әрекеттері және аттың ептілігі. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?