Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жылан жауған Жанкент

2960
Жылан жауған Жанкент  - e-history.kz
Жылан ордасының бүгінгі күнге дейін сақталғаны туралы ежелгі қала орнында орналасқан Өркендеу ауылының ақсақалдары тілге тиек етеді

Әрбір жер-су атауының жаратылыстан алатын өз орны мен пайда болу тарихы бар. Қазақтың дархан даласының әр аймағының, тау-тасының, өзен-көлі мен жерінің тамыры тереңде жатыр. Соның бірі – ежелгі Жанкент қаласы (Қызылорда облысының Қазалы ауданы). Ортағасырлық қаланың сол замандағы айтулы қалалардың қатарынан болғанына тарих куә, атап айтар болсақ біздің дәуіріміздің VII ғасырынан бастап қазақ жерін араб ғалымдары мен саяхатшылары зерттеп өз қолтаңбаларын қалдырды мәселен Ибн Хаукаль, одан бері орыс ғалымы В. Бартольд өз деректерінде Сырдарияның сол жағалауының Арал теңізіне құяр ағысында Қазалы кентінен 15 шақырым жердегі қираған қала орны Жанкент деп көрсетеді.

Оғыз қағанатының орталығы болған Жанкентке кезінде Селжүк мемлекетінің басшысының көзі түсіп 935 жылы дүниежүзілік жорығын аталған қаладан бастаған. Белгілі түрколог ғалым Ә.Қоңыратбаевтың деректеріне сүйенсек 1043 жылы қаланы мекен еткен Жойылхан мен Сейілхан Сыр бойына көшеді. Көштен соң сол кездегі Жанкент ханы шах Мәлік пен оның ұлы Әли өлтіріледі. Бұл өз кезегінде өңірді мекендеген оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауына алып келді. Тағы дерек ұшы әйгілі қобызшы Қорқыт бабамыздың Жанкентте өмір сүргенін алға тартады. Осыдан келіп қала тарихының бай да, терең екеніне көзіміз жетеді.

Сөзімізге дәлел Араб географы Истахри осы аймаққа келгенде Қорқыт ата жайында деректерді естіп, аты аңызға айналған абыз жайындағы жиналған ақпаратты тасқа жазып қалдырады. Жалпы алғанда, Қорқыт ата жайында түркі тілдерінде көптеген аңыздар мен әпсаналар айтылатыны рас. Сондықтан ескі түркі, парсы, араб жазбаларында ол туралы көптеген мәліметтер бар. Қаланың тарих қойнауында екендігін айғақтайтын тағы бір тіркес орта ғасырдағы белгілі ғалым Рашид ад-Дин «Жами-ат-тауарих» атты еңбегінің бір бөлігінде Қорқыт, оғыз және олардың ұрпақтары жайында бейнелейді. Сол бейнелеуде ғалымның айтуынша, Жанкенттен көптеген ғұламалар шыққан. Бұдан түйетін ой қаланың білім-ғылым мен мәдениеттің қайнар бұлағы болғанын меңзейді.

Жанкентке қатысты жазбаша деректерге келсек басын ІХ – Х ғасырлардан алады, ал моңғол шапқыншылығынан (ХІІІ ғ.) кейін қала жайындағы деректер жоғалады тек XVIII ғасырда ғана Жанкент атауы қайта жаңғырады. Қала атауының тарих төрінде қайта жаңғыруын айғақтайтын берідегі тарихи фактілерге сүйенер болсақ, Жанкент жөнінде орыс саяхатшысы П.И.Лерх өзінің 1867 жыл жасаған археологиялық экспедициясынан соң құнды мәліметтер қалдырған. Қираған қаланың орнын аршу кезінде араб әріптерімен жазылған қыш құмыралар, ортағасырлық күміс және мыс теңгелері, адамның бас сүйектері табылған. Табылған дүниелерді зерттеу нәтижесі көрсеткендей Жанкентті ортағасырлық ірі қалалардың қатарына жатқызамыз.

Тарихи зерттеулерден басқа қала туралы халық аузынан шыққан аңыз әңгіме бар. Бізді қызықтыратыны сол себебі, аңыз әңгіме бүгінге дейін ел аузында күні кеше болғандай жүр. Аңыз бойынша Жанкентті билеп тұрған қатыгез Санжар хан Қарабура әулиенің қарғысына ұшырап, 1153 жылы қол астындағы халқымен бірге опат болады. Бұдан бөлек 1219 жылы Жанкент қаласына моңғолдар шабуыл жасайды. Халықты қырып, қаланы түгелдей өртеп жібереді. Отқа оранған қалаға жаушы Жошы хан қоса шабуыл жасайды. Кескілескен шайқастан есеңгірегеннен ондаған жылдар өткен соң ғана халық есін есін жиып, үйреннен тіршілік көздері сауда және қолөнермен айналыса бастайды. Ауыр соққы көрген қала уақыт өте келе, яғни XІV ғасырда гүлдене бастайды. Бұдан бұлай Жаңа Жанкент араб-мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналады. Осылайша мың өліп, мың тірілген Жанкент тағы бір ғасыр өткен соң мәңгілікке жойылады.

Яғни, XV ғасырдан бері қаланың көне тарихтың куәсіндей томпиып орны ғана жатыр. Қаланың жойылу тарихына байланысты біршама аңыз әңгімелер мен деректер тізбегі барын жоғарыда айтып кеттік. Солардың ішінде негізге алатынымыз бүгінгі күнге дейін жергілікті халық аузынан түспей жүрген «Жылан жауған» немесе «Қарабура қарғысы» деп атауымен белгілі. Тарқатар болсақ аңыз Жанкенттің қатігез басшысы Санжарға қатысты ол әйелі Бегім сұлуды қызғанып (халықтың айтуынша пәктігіне күмәнданған) оң қолы мен бұрымын кесіп зынданға тастайды, мұны естіген Бегімнің әкесі Қарабура әулие Санжарға өз бұйымын айтып егер менің қызым күнәсіз болса қолы мен бұрымы қалпына келеді, ал егер күнәлі болса сол күйінде қалады деген. Көп күттірмей әулие қызының ары таза болып қолы мен шашы қалпына келеді де, өзі ақ құс болып ұшып кетеді. Бұны көрген Қарабура ашуға булығып Санжарға теріс батасын береді: - өзіңмен бірге халқыңды да қарғыс атсын, еліңе жылан жаусын деп. Көп ұзамай қала үстіне қара бұл төніп, дауыл соғып жаңбыр жауады, жаңбырмен бірге жылан жауады, қарғысқа ұшыраған қатал Санжар мен халқы қырылып қалада жыланның ордасы қалып қойған. Жылан ордасының бүгінгі күнге дейін сақталғанына куәгер ежелгі қала орнында орналасқан Өркендеу ауылының ақсақалдары осы әңгімені бала күндерінен жиі естігендерін тілге тиек етумен қатар ауыл шетіндегі жылан үңгіріне баруға әліде сескенетіндерін айтады.

Ортағасырлардағы Оғыздардың тұсында дүркіреген көне Жанкент қаласының жыландар шабуылынан жермен-жексен болып қираған тарихы осылай шертіледі.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?