Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ЕУРОПА БӨЛІМДЕРІНДЕГІ ҚЫЗЫЛӘСКЕР - КАЗАКТАР

2730
ЕУРОПА БӨЛІМДЕРІНДЕГІ ҚЫЗЫЛӘСКЕР - КАЗАКТАР - e-history.kz
Дәл осындай тақырыппен «Советская степь» газетінің 1930 жылғы маусымдағы нөмірінде шағын мақала жарияланыпты

Қалай дегенмен де мұрағат деген ғажап жер. Бұл жерде көне және күні кешегі тарихтікелей байланысып, тіпті оны қолыңмен ұстай да аласың.

Жуырда мұрағаттық құжаттар арасынан қызыләскер-казактар туралы шағын мақала кездейсоқ көзге түсті. Мақала Советская степь» газетінің 1930 жылғы маусымдағы нөмірінде жарияланған екен. Онда 1929 жылдың күзінде Ақмола өңірінен еуропалық бөлімдерге 9 әскерге шақырылған-казактар жіберілгені туралы айтылады. Бір қарағанда ешқандай да қызық жоқ сияқты, КСРО-ның айбынды қорғаушылары туралы идеологиялық сындарлы мақала, қызыләскер ме қызыләскер, казак па казак. Ал, гәп мынада, мақалада көрсетілген әскерлердің тектері казактардыкіне мүлде ұқсамайды: Байжанов, Бетаев, Дюсеков, Молха и Сулейманов!

ХХ ғасырдың 20-шы 30-шы жылдарында қазақтардың «казак» деп аталуында таңғаларлық ештеңе жоқ.

1925 жылдың 18 сәуірінде Кеңестердің V Съезінің қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру туралы: «Қазақ халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін Кеңестердің V Съезі: бұдан былай қырғыздарды казак деп атауға қаулы етеді» деген Қаулысы жарық көрген болатын.

Социализмді құрудың бастапқы кезеңінде елде кадрлар жетіспеді, әсіресе әскери кадрлардың жетіспеушілігі айқын сезіліп тұрды. Жоғарыда көрсетілген 9 әскерге шақырылушының бесеуі командирлік құрамның полк мектебіне жіберілді, оны тәмамдаған соң олар кіші командир болып шығулары керек болатын. Олар Украинадағы әскери округтердің бірінде оқыды.  

«Бұл интернационалдық ынтымақтастықты нығайтады, еңбекші казактарға басқа ұлттармен бірдей дәрежеде Кеңес Одағын қарумен қорғау ісіне қатысуға мүмкіндік береді», - делінген мақалада. Қызыләскер-казактар ЖШҚА (РККА) құрылғанына 12 жыл толуына орай Ақмола өңірінен жіберілген сыйлықтар үшін алғыс айтып, хаттың соңында былай деп өтініш білдіреді:  «Өңірдің тіршілігі туралы, әсіресе деревня мен ауылда партия саясатының жүргізілуі туралы және ұжымдастыру жайында жазыңыздар. Байжанов, Бетаев, Дюсеков, Молха және Сулейманов».

Мақалада олардың қайда жіберілгені туралы жазылмаған, бұл ақпаратта «құпия» таңбасы тұрғаны сөзсіз. Алайда қазір, ҚР Қорғаныс министрлігінің мұрағаттары құпия шымылдығын түрсе, бәлкім, Қызыл Әскердің қазақтан шыққан алғашқы әскербасылардың тағдыры туралы ақпарат алып қалармыз.  

Басты суретте Рубцовск жаяу әскердің әскери училищесінің курсанттарының бірі – К. Жетпісов (сурет А. Жұмабаевтың блогынан алынды)

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?