Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Хафиза Мұстафина – халық мұғалімі

3048
 Хафиза Мұстафина – халық мұғалімі - e-history.kz
1937 жылы Зайсан қаласындағы педагогикалық училищенің бастауыш класс мұғалімдерін даярлайтын 5 айлық курсты бітіріп, алғашқы ұстаздық жолына қадам басты

Революцияға дейінгі қазақтардың білімі жайлы отандық тарих ғылымында бұған дейін сауаттылық деңгейі төмен болған деген ұғым түсінік қалыптасып келгені жасырын емес. Алайда мұндай қолдан жасалған жалған тарихтың жазбалары соңғы жылдары, әсіресе тәуелсіздік алған тұстағы тарихқа жаңаша көзқараспен қарау мәселесі туындағанда табылған архивтік құжаттар мен статисткалық есептер негізінде әлгі өтіріктердің арты ашыла бастады. Айталық, 1897 жылы «Обзор Семипалатинской области» деген кітапта Шығыс Қазақстан қалаларының ішінде жергілікті халықтың сауаттылық жағынан Зайсан өзгелерден озық болған. Өлкеден 1856 жылдан бастап мұсылманшы білім бере бастаған медреселердің ашыла бастағанын ескерсек, оны бітірген ерлердің саны да аз болмағанын білер едік.

Ал салалық мектептердің тарихы 1874 жылдан бастау алады, Зайсанда ашылған ауылшаруашылығы мектебінде сақталған деректер бойынша 1902 жылы 22 оқушы білім алған. Қыз балалардың білімге бас қоюының, ата-аналарының оларды мектепке бере бастауының нәтижесінде 1883 жылы қыздар училищесі ашылды, сондай-ақ 1887 жылы 3 сыныпты жоғары бастауыш училищесі құрылып, онда қыздар мен ұлдар бірге білім алды. Жаңа ХХ ғасырдың алғашқы кезеңінде Зайсанның барлық ауылдарында Алтынсариннің оқыту жүйесі іске қосылып, соның негізінде жаңаша мектептер пайда болады.

1903 жылы Қара Ертіс бойының болысы, халық арасында «Указной» молда» деген кең таралған есімі бар белгілі тұлға Бекмұхамбет Сатыбалдыұлы өз қаржысына мектеп ашып, онда Алаштың арысы Міржақып үш жылдай сабақ беріп, бала оқытқаны бөлек әңгіме.

Бір ғажабы, 1905 жылы атақты құрылысшы, сәулетші Баязит Сәтбайұлының қазақ көпесі Тұхфатолла Бекшентаевтың қаржысымен салған татар-қазақ медресесінің ғимаратын әлі де бар, сақталған.

Зайсан өңіріндегі білім жүйесі және алғашқы білім ордалары туралы аз-кем ақпаратымызды осы жерден үзіп, өңірдегі алғашқы мұғалімдердің қатарынан табылатын білім саласының қайраткері Хафиза Мұстафинаның өмірі мен қызметі туралы баяндасақ дейміз.

***

Хафиза Мұхаметжанқызы Мұстафина 1917 жылы 16 қараша күні Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Үлкен Қаратал ауылдық округіне қарасты Пограничник колхозында дүниеге келген. Әке-шешесі қарапайым ауыл адамдары болатын және Хафиза үлкен отбасының 9-ыншы баласы болып бой жетеді.

Сегіз жасында жеті жылдық мектептің 1-класына түсіп, осы мектепті 1932 жылы аяқтайды. 1935 жылға дейін аудандық жер бөлімінде статист болып еңбек етеді. 1941-1945 жылғы совет-герман соғысында ері Ихсанбек Асанов майданға кеткенде үйдегі барлық ауыртпалық Хафизаның мойнына түседі.

Шиеттей үш баласы бар, оның үстіне енесі мен жарымжан қайнысымен қосқанда 5 жан жас ананың қолына қарап қалады. Бұл жылдардағы қиындық жаны нәзік болғанымен, тұла бойынан қайсарлық ескен жанға салмағын салмай қойған жоқ.

1937 жылы Зайсан қаласындағы педагогикалық училищенің бастауыш класс мұғалімдерін даярлайтын 5 айлық курсты бітіріп, алғашқы ұстаздық жолына қадам басты.

Мектепте мұғалім болып істей жүріп, педагогикалық училищені сырттай оқып, 1943 жылы бітіріп шықты. 1947 жылға дейін жеті жылдық мектепте директор болды. 1946 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін» медалдарымен, 1957 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, 1966 жылы «Ленин» орденімен марапатталды.

Іргесі 1964 жылы қаланып ашылған жаңа мектепке халық мұғалімі Хафиза Мұстафинаның құрметті есімі кейінгі жылдары беріліп, білім ордасы өңірдегі дарынды балалардың білімін шыңдауға арналған лицей мектебі болып қайта жабдықталды. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?