Ол билік басындағы элитаның құрметі мен шын ілтипатына ие болды. Оны саяси қылмыс жасады деген айыппен атып тастағаны туралы жаңалық Абдул-Әзіз әл-Саудқа қатты әсер етіп, ол өзінің дипломатиялық арналары бойынша Мәскеуге енді бұдан былай өз елінде басқа советтік елшілерді көргісі келмейтінін жеткізеді.
Нәзір Төреқұлов (1892-1937) – шыққан тегі қазақ, бірақ Қоқанда туған. Оның әкесі мақтамен айналысқан ауқатты саудагер болған. Ол медреседе оқыған, бұл да Нәзірдің діни тәрбиесіне әсер етсе керек.
Қазақ дипломаты мен саудтық корольды жақындатқан тағы бір нәрсе: рухани бірлік, ортақ конфессия. 1930 жылға қарай Сауд Арабиясында Британия, Франция және Парсы сияқты басқа елдер мен ұлттардың өкілдері болады, бірақ тек Төреқұлов қана «дуайен», яғни Хиджаздағы дипломатиялық корпустың басшысы болады. Діни білімнен басқа, Нәзір Төреқұлов Түркістан генарал-губернаторлығында дүниеауи білім алып, оны Мәскеу коммерциялық институтында жалғастырады. Сол жерде оның жаңа тілдерді оқуға деген дарыны танылады.
1914 жылы Бірінші дүниежүзілік соғыс басталады, ал 1916 жылы Николай ІІ Түркістанның байырғы тұрғындарын әскери-тыл жұмыстарына алу туралы жарлыққа қол қояды. Төреқұлов университеттегі оқуын тоқтатып, Бүкілресейлік Земство одағына қосылып, тыл жұмысына алынған түркістандықтармен жұмыс бөлімінде нұсқаушы болып қызмет етеді. Осы жұмысымен қатар ол астыртын «Еркін дала» ұйымын құрады, бұл ұйым ұлт бостандығы мен Түркістан тәуелсіздігі үшін күреседі.
Төреқұловты Ақпан және Қазан революциялары қанаттандырып, ол Қызыл Әскер қатарына өтеді, оның Түркістан майданының революциялық әскери кеңесінің мүшесі, Түркістан БКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы, БКП (б) Ортаазия бюросының мүшесі ретінді жұмысы жемісті болды.
29 жасында Нәзір Төреқұлов Түркістан АССР-інің ОАК-нің төрағасы болады. Бұл орында ол басқа белгілі қазақ қайраткері Тұрар Рысқұловтың ізбасары болды.
Аз ғана ғұмырында Нәзір Төреқұлов көптеген ірі жобаларды іске асырды. Солардың ішіндегі ең жарқыны – Сауд Арабиясында еңбек еткен жылдары.
Өкілетті өкіл ретінде Төреқұловты шетелге жібермеулері де мүмкін еді. Алдымен бұл лауазымға араб тілін жетік білетін Омар Алиевті ұсынады. Сыртқы істер халық комиссарлары басшысы Төреқұловтың бойынан үлкен потенциалды аңғарып, Иосиф Сталинге хат жолдап, онда бұл жұмыспен неге Нәзір Төреқұловтың айналысқаны жөн екендігін келтіреді.
ССРО-ны Корольдікте осы үміткер кеңінен көрсете алады, өйткені оның асқан қабілеті Мароккодан бастап Индонезияға дейінгі бүкіл мұсылман әлемін шолуына мүмкіндік береді; ал оның ақыл-парасаты және мұсылман мәдениетімен жақын таныстығы оған КСРО-ның өкілетті елшісі ретінде қызметтік міндеттерін жемісті атқаруына мүмкіндік береді. Нәзір Төреқұлов басшылардың үмітін ақтай білді. Дипломат миссиясы үлкен мемлекеттік маңызға ие болды. Бұрын Хиджаз Корольдігі деп аталған Сауд Арабиясы Корольдігі Хиджаз, Недж және басқа да облыстармен бірігіп Ұлыбританияның ықпал ету аймағында болды.
Сауд Арабиясы енді құрыла бастаған кезде Англия болашақ король Абдул-Әзізге қаржылық көмек көрсетіп, соның арқасында ол өзінің басты қарсыласы Рашиди әулетін жеңіп шығады. Осылайша, КСРО мен Біріккен корольдік Таяу Шығысқа қатысты бір-біріне бақталас болып шыға келді. Нәзір Төреқұловтың әрекеттері КСРО мен САК арасындағы байланыстың нығаюына өз үлесін қосқаны сөзсіз.
«Бензин жөніндегі мәміле» Төреқұловтың ең үздік жеңісі деп атауға болады. Бір ғана жеткізіліммен Мәскеу Сауд Арабиясына мұнай өнімдерін импорттаудың бір жылдық нормасын орындайды, бұл кезде Сауд Арабиясы өз елінің аумағында көмірсутегі байлығын әлі ашпаған болатын. «Бензин жөніндегі мәміле» жасалған соң, елші еңбек демалысына кетейін деп жатқан кезде өз нөкерлерімен САК-тың Қаржы министрі Абдолла Сүлейман келеді. Бұл ишара корольдің жеке ықыласын көрсететін, бұған дейін бірде-бір шетелдік елшіге бұндай ишара жасалып көрмеген. Төреқұловқа деген шынайы достық ықылас дипломаттың отанына да тарады. Мұсылман болғандықтан ол король сарайы орналасқан Меккеге де бара алуы, оның артықшылығы болды.
Төреқұлов қасиетті қалада елдің лауазымды тұлғаларымен жеке кездескені сөзсіз. 1930 жылы исламды қабылдап британдық Джон Филби де қасиетті жерге аяқ басу құқығына ие болды. Бірақ, бұл, Сауд Арабиясының концессиясын алу үшін әдейі жасалды деген де болжамдар бар.
Төреқұлов қызмет еткен жылдары КСРО-ға қатысты ресми сауда өкілдігіне қойылған тыйымдар алып тасталды. 1931 жылы Сауд Арабиясы тарапынан тұңғыш рет маңызды мемлекеттік тұлға, Абдул-Әзіз-әл-Саудтың ізбасарлығына үміткер, оның ұлы ханзада Фейсал ССРО-ға сапар жасайды. 1936 жылы Төреқұловты жедел түрде Мәскеуге шақыртады. Көп ұзамай НКВД оған қарсы тергеу жүргізе бастайды.
1937 жылдың күзінде Нәзір Төреқұлов өлім жазасына кесіліп, атылады. Сауд Арабиясы Корольдігі мен Совет Одағы арасындағы қатынастар келесі елу жылға дейін тоқтап қалады. 1958 жылы Нәзір Төреқұлов ақталады.
ХХ ғасырдың аяғында сол кезде РФ СІМ басшысы болып тұрған Е.Примаковтың және сол уақытта Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметін атқарған қазақстандық ғалым Т. Мансұровтың бірлескен жұмысының арқасында дипломаттың мұрағаты елімізге берілді.
Тайыр Мансұров Нәзір Төреқұлов тұлғасына арналған еңбектер жазды. 2006 жылы Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Сауд әл-Фейсалдың бастама етуімен Мансұровтың Нәзір Төреқұлов туралы жазған кітабы араб тіліне аударылып, Корольдікте 10 мың тиражбен басылып шықты. 2014 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де дипломат Нәзір Төреқұлов және араб зерттеулері орталығы ашылды. Қазақстанда қазақ дипломатына, оның мұрасын зерттеуге арналған түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Ресей мен Өзбекстан да Нәзір Төреқұловқа ықыласпен қарайды – ресейлік және өзбек зерттеушілері советтік елшінің қызметі мен еңбектерін зерделеуде.