Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Павлодардан жеткен сый

1947
Павлодардан жеткен сый - e-history.kz
NDH порталы Астанада осыдан 20 жыл бұрын орын алған оқиғалар хроникасын жариялауын жалғастырады

Жаңа астанада мәдени сала белсенді дамыды. Қазақстанның түрлі өңірлерінің өкілдері өздерінің жетістіктерімен бөлісу үшін осында келді. 1998 жылдың 12 наурызында астана тұрғындары мен қонақтарын қызықты қойылымдарымен таңғалдыру үшін Павлодар театры Ақмолаға келді.

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар қазақ музыкалық-драма театрының ұжымы астананың алдағы тұсаукесеріне арнап өз ұжымдарының шығармашылық диапозонын, жанрлық мүмкіндіктерін мейлінше жарқын көрсететін спектакльдерін әкелді. Ал, олар, аударуды қажет етпейтін драматургтің өткір сөзімен, публицистика скальпелімен, би романтикасымен және музыка поэзиясымен қазіргі театр әлемін көрсетеді.

Гастроль М.Әуезовтың «Айман-Шолпан» пъесасының желісі бойынша қойылған белгілі музыкалық комедиямен басталды. Бұл – 1990 жылғы 7 желтоқсанда сахнаға шыққан жас театрдың тұңғыш қойылымы. Ниеттестерін, энтузиасттарды біріктірген жас ұжым осы премьерасымен өз құмарлығы мен шығармашылық бағдарламасы туралы мәлім етті. Классика мен заманауи драматургияға, халық композиторлары мен әлемге әйгілі музыканттардың тамаша туындыларына арқа сүйеп, дәстүр мен жаңашылдықты сәтті үйлестірген театрдың қолынан көп нәрсе келетіндігін өткен жеті жыл дәлелдеді.

Әрине, театрдың шығармашылық жетістігі болған «Қарагөз» трагедиясы, «Күзеуде» драмасы, «Ақан Сері - Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» сияқты классикалық туындыларды айтуға, немесе қазақ актерлеріне қол шапалақтап құрмет көрсеткен халықаралық фестивальдерді атап шығуға да болар еді. Ал, олардың орнына, біз, көрерменнің өз театрына деген шынайы, ыстық сүйіспеншілігін айтамыз, бұл – оның актерлерінің жоғары шеберлігінің, сахнаға адалдығының дәлелі болады.  

Жаңа астанадағы гастрольдерден кейін Ж.Аймауытов атындағы павлодарлық театрдың жанкүйерлерінің, достарының қатары тағы да көбейе түсті. Ж.Чайкина, М.Манапова, Р.Тәжібаева, С.Бекболатова, С.Тәжібаева сынды тамаша актерлерге, оркестрге, балет труппасына және бас режиссер – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Е.Тапеновке көрермендер қол шапалақтап, құрмет көрсетті.  

Мақаланы дайындаған кезде ҚР Ұлттық кітапханасының мерзімді баспасөз қорының материалдары қолданылды.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?