Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Вечерняя Астананың» неше атауы бар?

1685
«Вечерняя Астананың» неше атауы бар? - e-history.kz

«Вечерняя Астана» газетінің бір емес, төрт бірдей аты болған. 1990 жылы ашылған сәтте газетке «Вечерний Целиноград» аты берілді. Бір жылдан кейін газеттің атауын «Городские новости» деп өзгертті. 1992 жылы қалаға өзінің тарихи атауын қайтарғаннан кейін, газеттің те атауы өзгеруі әбден мүмкін еді. Көптен күткен оқиға 1998 жылдың сәуірінде болып, яғни, осыдан жиырма жыл бұрын, газетке «Вечерняя Акмола» аты берілді. Бірақ ай өтпей жатып, 1998 жылғы 6 мамырда қалаға Астана деген жаңа ат беріледі де, газет те бір айдан соң өзінің астаналық мәртебесіне сай келетін  «Вечерняя Астана» атымен шыға бастады.

1998 жылғы 10 сәуірде «Вечерняя Акмола» газетінің бірінші нөмірі жарық көрді. Газеттің бірінші бетінде ел Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ бейнеленген «Священный Курбан-айт» (Қасиетті Құрбан айт) фоторепортажы астана әкімі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВтың редакцияға тілеген жылы лебізін толықтыра түсті. Қазақтың «Ат тергеу» дәстүрі Қасиетті Құрбан айт күнінде ерекше мәнге ие болғандай.

- Бізге ерекше уақытта, ұлы өзгерістер уақытында өмір сүру несібесі тиді. Үшінші мыңжылдыққа аяқ басқан сәтте бізге, ақмолалықтарға, тарихи оқиға – республика астанасының біздің қалаға көшірілуіне қатысуға тағдыр бұйырыпты. Уақыт тынысы өмірдің бар саласына өз ізін қалдырады. Болашақ астананың бейнесі көз алдымызда өзгеріп келеді. Жаңа ғимараттар салынып, көшелер мен даңғылдар абаттандырылып жатыр. Бүгіннің өзінде Ақмола Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген стратегиялық жоспарларды іске асыру жолындағы бастапқы нүктесіне, үлкен саясаттың орталығына айналып жатыр. Алда істейтін жұмыс әлі көп. Басқаша тәсіл, басқаша түсіну, өзімізде және айналамызда не болып жатқанның бәріне баға беру оңай шаруа емес. Бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдары да маңызды рөл атқарулары керек. Бүгін ақмолалықтар «Вечерняя Акмола» және «Ақмола ақшамы» сияқты екі астаналық газеттің өмірге келуінің куәгерлері болды. Газет беттерінен оқырмандар қаламызда не болып жатқанын ғана біліп қоймай, сонымен қатар, тақырыптар аясы кеңейіп, осындай күрделі, аумалы-төкпелі уақыт туралы әңгімелейтін қызықты, мазмұнды материалдарды да оқи алады.   

- Газеттеріміз ақмолалықтардың ақылды сұхбаттасы мен сенімді серігіне айналады деп үміттенемін,- деді Ақмола қаласының әкімі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ.

 

Құттықтауларға «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Владимир ЗЕНКИС қосылды.

- Құрметті әріптестер! Сіздерді мемлекетіміздің жаңа астанасының жаңа қалалық «Вечерняя Акмола» газетінің алғашқы нөмірінің жарыққа шығуымен шын жүректен құттықтаймыз.  

Сіздің газеттеріңіз көп ұзамай өз бет-бейнесін, оқырмандар аудиториясын тауып, тәуелсіз Қазақстанның бұқаралық ақпараттың баспа құралдары қатарынан лайықты орын алатынына сенімдіміз.

Оңтүстік және солтүстік астананың қалалық газеттері жас айырмашылықтарына қарамай, республиканың ақпараттық кеңістігінде болсын, жеке журналистік байланыс жағынан болсын міндетті түрде ортақ тіл табатындығна сенімдіміз. Сондықтан да, Отанымыздың гүлденуіне бағытталған саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді объективті жариялап, тығыз ынтымақтастық пен өзара түсіністікке үміт артамыз.

- Ақшамдық әріптестер, сіздерге кәсіби шығармашылық табыс, өткір қалам мен көп тираж тілейміз!,- деді, «Вечерний Алматы» газеті редакциясының атынан газеттің бас редакторы Владимир ЗЕНКИС.

Ал, астаналық «Вечерняя Акмола» және «Ақмола ақшамы» газеттерінің тұсаукесері 1998 жылғы 17 сәуірде Балалар мен жасөспірімдер сарайында өтті. Газет құрылтайшылары астана әкімі Әділбек ЖАҚСЫБЕКОВ пен қалалық мәслихат хатшысы Андрей МИРОНОВ шығармашылық табыс тілеп, сөз сөйледі. Әкімнің орынбасары Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ құттықтауына қоса әкімшіліктің атынан журналистердің шапшаң жұмыс істеулері үшін екі жеңіл автокөлік сыйлады. Еңбек ардагері М. Исмағамбетова қазақтың тұсаукесер салтын жасады.

Демеушілер, «Цесна» корпорациясы атынан «РИА» ЖШС бас директоры  Татьяны Мужчиль мен панкратион күресі бойынша Азиялық орталықтың президенті Эрик Асенов, туған күн иелеріне факс пен бейнемагнитофон тарту етті. 

Ақшамдықтарды қолдауға олардың әріптестері Владимир Гундарев, Нұрғожа Оразов, Ерлан Ақмурзин, Людмила Леева және басқалар келді.  Мереке тамаша өтті.  

Жоғарыда жазғанымыздай, ұзақ күттірген жаңа атау ұзақ тұрақтамады. Астана атауын өзгерткеннен кейін, бір айдан соң оның ізін ала газеттің де атауы өзгерді. Бүгін оны Астананың әр тұрғыны сол атымен біледі.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?