Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Міржақып Дулатұлының өмірінен қызықты 20 дерек

11026
Міржақып Дулатұлының өмірінен қызықты 20 дерек - e-history.kz
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, халықтың қошеметіне бөленген Міржақып Дулатұлының өмірінен және қызметтік жолынан қызықты деректер ұсынамыз.
  1. Міржақып Дулатұлының балалық шағын есіне алған кезде жазғаны: «Орта Ордадан шыққанмын, руым Арғын, 2 жасымда шешемнен айырылдым, 12 жасымда әкемнен айырылдым. Жасым 8-ге келгенде әкем мені ауыл молдасына оқуға берген. Ол өте надан молда болатын. Қанша уақыт сол кісіден білім алғанымды білмеймін, бірақ арап тіліндегі дұғаларды жаттағанымнан басқа еш нәрсе үйренгенім жоқ».                                                                                                                             
  2. Міржақыптың көптеген әңгімелері лақап аттарыменен шыққан. Ол жиі қолданып отырған лақап аттары: Азамат, Мадияр, Таймінер, Түрік баласы және Арғын баласы.                                               
  3. 1907 жылы 3 шілде де Патша жарлығымен қазақтар мен Сібір және Орта Азияның тұрғылықты елдері Ресей Мемлекеттік Думасына қатысу құқығынан айырылды. Бұл шешім ұлттың өзін-өзі басқару мүмкіншілігін бұзып жойған. М.Дулатұлы өзінің «3 шілде заңы» атты мақаласында бұл шешім әділетсіз деп сынға алған. «Егер де қазақтардың мәселелерін шешу барысында қазақтардан шыққан депутаттар қатыспаса, ұсыныс жасайтын депутаттар қаншама білімді әрі шешен болғанымен мәселені шешетін тоқтам болмас», - деп жазған.                                                 
  4. «Біздің міндетіміз»  атты мақаласында М. Дулатұлы Ресейде қазақтар құқықсыз халық екендігін жазған. «Жиналған салық елдің пайдасына қолданылмайды. Қазақ халқының үстінен қарайтын министрлер, стражниктер, урядниктер ұлықтылығы байқалады. Осы шенеуніктер, урядниктар қазақтарды қорлайды, оларды тонайды, білгенін істейді. Олар біздің дінімізге мазақ қылып, кітаптарымызға тиым салып, тәркілейді. Бұл шенеуліктер қазақтың жеріне мұжықтың аударуын бастап, сулы және құнарлы жерлерді «кесіп алды». Олар құқықсыз қазақ ие болған барлық нәрселерін алуға дайын. Шаруалардың айдалуы не үшін құрылды? Құнарлы жерлер аз емес, бірақ олардың барлығы байлардың қолында. Кедейлердің сол жерді сатып алуға мүмкіншілігі жетпейді. Жерсіз жүрген шаруалардан құтылу үшін әртүрлі министрлер, тәкаппар шенеуніктер, генералдар оларды қазақ даласына айдайды. Соның нәтижесінде бұл жерлер бай қазақтармен ауғандардың қолына түседі».                                                                                                                    
  5. Міржақып Дулатұлы ғылым және техника жетістіктері туралы зор қуанышпен жазатын: «Жылқы арқылы 6 ай алатын жолды қысқа уақытта темір жол арқылы өтуге болады. Телеграф арқылы сен көзіңді ашып жұмғанша жер шарының екінші бетіндегі хабарды қабылдайсың. Көлік өзі жүреді, жылқысыз, оны қолыңмен жүргізесің. Ғылым адамзат көмегіне су мен отты берген, үлкен арақашықтықта телефон арқылы сөйлесу мүмкіншілікті берген. Мұхитты жер секілді қолданып, бұрыңғы ыңғайсыз нәрселерді жойдырған. Ауада ұшу мен керек болса жерге түсу құралы табылған, оның аты – әуе шары. Ел бұрын сондай ғажапты көрген бе?».                                           
  6. «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы алғашқы рет 1909 жылы жарық көрген. Бұл жинақ бірден таралып, 1911 жылы қайта шығарылған. Кітаптың тақырыпаты ХХ ғасырдың замандас зиялыларына манифест болған. 1911 жылы «Оян, қазақ» жинағы, автордың айтуы бойынша, баспасөз істері басқармасы тәркілеген.                                                                                                                             
  7. 1910 жылы М. Дулатұлы жазған «Бақытсыз Жамал» кітабы қазақ тілінде жазылған алғашқы роман болып есептелінеді. Сонымен қатар, бұл роман бәлкім  тең құқықсыз әйелдердің жағдайын хабарлайтын мұсылман шығысындағы әдебиет шығармаларының бірінші шығармасы болуы әбден мүмкін.                                                                                                                                  
  8. 1914 жылы 14 мамырда Омбы қаласында Міржақып Дулатұлы Ғайнижамал Баймұратқызымен жанұя құрды. Жалғыз тірі қалған ақынның қызы Гүлнар Дулатова естеліктері бойынша: «үйлену той Омбы қаласынан алыс емес «Коломзино» станциясының мейрамханасында өткізілді. Тойдан кейін біз Омбыда тоқтамай Орынбор қаласына шықтық» дейді Г.Дулатова.                                       
  9. 1916 жылы М. Дулатұлы, А. Байтұрсынұлы және Әлихан Бөкейхан қазақтарды майдандағы жұмысқа шақыру туралы 25 маусымдағы Патша жарлығына қарсы сөйлеген. Олардың ойлары бойынша «қоғамның ең өнімді бөлігі айырылғаннан кейін майдандағы жұмыс онсыз да қырылуға жақын халықты шынайы ашаршылыққа жеткізе алады».                                                                      
  10. 1919 жылы Міржақып Дулатұлынының Кеңес одағын орнығуының белсенді қатысушы Аманкелді Иманұлының өліміне қатыстылығы бар деп, орынсыз айыптаған. Гүлнар Дулатова, Міржақыптың қызы, өзінің естеліктерінде көптеген жылдар өткен соң оған Аманкелдінің ұлы келгенін жазған. Иманұлының ұрпағы әкесі Торғай даласында кездейсоқ оқтан дүние салғаны туралы мәлімет берген, ал сол уақытта Міржақып Дулатұлы Семей қаласында болған.                                              
  11. 1925 – 1928 жылдары Қызылорда қаласы қазақ елінің астанасы болған уақытта Міржақып Дулатұлы Қызылорда қаласы, Селиверстов көшесі, 17-інші үйде тұрған. Бұл жерде ол бірнеше әдебие шығармалар жөнінде жұмыс атқарған. Міржақыптың үйінде сол уақыттың қазақ зиялыларының белгілі өкілдері, ақындар, жазушылар, әртістер болған. Соның арасында Назипа Күлжанова, Ілияс Байменов, Әлиби Жанкелді, Серке Қожамқұлов, Мұхтар Әуезов, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Мағжан Жұмабаев, Әлкей Марғұлан, Смағұл Сәдуақасов, Көшке Кемеңгеров, Әлібек пен Әуелбек Қоңыратбаев және де тағы басқалар.  М. Дулатұлының қызы Гүлнар естеліктерінде: «Біздің үйде болған қонақтардың тізімін жасап көрсем олардың саны 114 адамнан асады» деген.                                                                                                                             
  12. 1928 жылы 28 желтоқсанда оны ІІХК мекемелері қазақтың ұлтшылы деп айыптап Қызылорда түрмесіне салды. Көршілес камерада Міржақыптың қасында Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы отырған.                                                                                                                             
  13. Міржақыптың қызы Гүлнардың естеліктерінде жанұясы тұрған Қызылордаға Үлкен Жезқазған басталатын Қарсақбайдан Қаныш Имантайұлы Сәтпаев жиі-жиі келетін. «Әкеміз қамауда болғандықтан бізді барлық таныстар қалдырып кетті, оны бұл жағдай тоқтатпаған, - дейді Гүлнар Дулатова. «Менің шешем менің мектепті бітіргенімді Қаныш Имантайұлына айтып, одан менің қай оқуға баратыным жөн туралы кеңес сұрады. Мен оқуымды жалғастыруым керек деп, ол мені Томск қаласындағы медициналық институтқа баруымды қалаған. «Әкең Бутыр түрмесінде отырғанын айтуға қорықпа Сібірліктер айдалып келгендерге үйренді, олар бұл жағдайға көңіл аудармайды», - деді Қаныш Имантайұлы.                                                                                              
  14. 1929 жылы тергеу уақытында Міржақып: «Біз біздің отанымыз бізге ие болғанын қалаймыз» деп жауап қайтарған. Өзінің ресми соңғы сөзінде ол: «Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады» деп мәлімдеді.  М. Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ жақын арада оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырылу жазасына ауыстырды.                    
  15. Міржақып 2 жыл бойы Бутыр түрмесінде отырған, кейін айрықша міндеті бар Соловецкий лагеріне айдалды. Сол уақытта Міржақыптың аты «Әдебиет энциклопедиясында», «Кеңестің кіші энциклопедиясында» болған. Соның нәтижесінде оны ғалым әрі дін қызметшісі Флоренский танып оны ауруханада фельдшердің қызметін атқаруға атсалысқан.                                                  
  16. Соловецкий лагеріне айдалып, сонда жүргенде М.Дулатұлы түркі-орыс сөздігін жазған. Міржақып бұл тіл оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және де басқа түркі-тілдес елдер өкілдері үшін жазып берген.  Арестанттар оны өз қолымен көшіріп жазып таратқан, өйткені олардың көбісі сол уақыттағы өмірлік маңызы бар орыс тілді білмеген. «Азербайжандар, татарлар, қазақтар, башқұрттар, өзбектердің орыс тілін меңгеруі өте төмен дәрежеде болған. Міржақып орташаландырылған түрік-орыс сөздігін жазған. Соған ол арестанттардың өмірін жеңілдету үшін қылмыстық терминологияны енгізген» - дейді міржақыптанушы Марат Әбсеметұлы.                        
  17. Соловковта Міржақып Дулатұлы қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын жазған. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеген.           
  18. Франциядан сауда кемесі Соловковқа келген уақытта Мұстафа Шоқай Дулатұлының Соловковтан қаштыруын ұйымдастыруға үлес қосқанына қарамастан, Міржақып жанұясының тағдырынан сескенгендігінен қашуға бармады. 1935 жылы қазанның 5 күні Міржақып Дулатұлы Сосновецкий лагерінінің орталық лазаретінде дүние салды.                                                                                                                       
  19. 1976 жылы Бауыржан Момышұлы Абай атындағы ҚазССР Мемлекеттік премиясын алды. Сол себептен жазушылар одағының «Қаламгер» кафесінде бүкіл жазушылық элита жиналып құрмет көрсету іс-шарасын өткізген. Сол уақытта Әбен Сатыбалдыұлы дүние салған (Гүлнар Дулатованың күйеуі). Алайда Баукең салтанатты қонақасына оның жесірін шақырған. Гүлнар Дулатова кешігіп келген кезде барлық қонақтар жайғасып отырған. Қазақ келініне тән ишарамен, есікке кірмей Момышұлына сәлем салған. Жазушы отырғандарға: «Тұрыңдар!» деп, «Сіз кім келгенін білесіздер ме? Бұл Міржақып Дулатұлының қызы» деп жарын жылжытып, қасына Гүлнарды отырғызған.                                                                                                                               
  20. Гүлнар Дулатова еш уақытта өзінің жанұясына жағымсыз нәрсе жасаған адамдардың  есесін қайтарған жоқ, алайда қуғанға ұшыраған Міржақып Дулатұлыдан бет қайтармаған адамдарды әрқашан есте сақтаған. Оның бірі – Қаныш Сәтпаев. Алматы қаласының әйгілі дәрігері Ханиса Қанышқызы Сәтпаева: «Гүлнар апай Міржақып Дулатұлы менің әкемді өзінің інісі ретінде қарастырған, Гүлнар апай оны үлгі тұтып, өзінің мамандығын таңдауға үлкен үлес қосқаны туралы айтатын» - деген.
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?