Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тиктокер тарихшы: Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігі

1229
2016 жылғы 28 маусымда Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб-пәтерінде дауыс беру барысында Қазақстан БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің ішінде 138 дауыс алып, алғаш рет 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы 2017 жылы 1 қаңтардан басталды. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайланған бірінші Орталық Азия елі. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде Қазақстан өңірлік мәселелерге және Ауғанстан мәселесіне, атап айтқанда, терроризм, есірткі өндірісі және адам саудасының өсуі, сондай-ақ «ислам мемлекеті» мен «Әл-Қаида» сияқты мәселелерге ерекше назар аударады.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?