Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Семей полигоны. Деректі фильм

2164

Бүгін – Семей ядролық полигоны жабылған күн. Қазақ халқына қайғы, қасірет әкелген ядролық қаруды жабуға ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 1991 жылдың 29 тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы негіз болды. Ал, 2009 жылы Қазақстан БҰҰ Бас ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынған болатын. 2010 жылы БҰҰ 29 тамызды ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялаған еді. 

Тарихи деректерге жүгінсек, 40 жылдың ішінде республика аумағында 456 жерасты және жерүсті сынағы жасалды. Олардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған бомбаның қуатынан 2,5 есеге асып түседі. Жалпсы осы уақытқа дейін бүкіл әлемде жасалған барлық сынақтардың 24 пайызы Қазақстан аумағында орын алды. Осы орайда Қазақстан тарихы интернет-жобасы қазақ қасіретіне айналған Семей полигоны туралы «Полигон» деректі фильмін оқырман назарына ұсынады. Фильмде полигон аумағындағы Абыралы өңірі мен Абай ауданы, Курчатов пен Семей қалалары тұрғындарының өмірі, сондай-ақ полигон зардабын тартқан ауылдардың жай-күйі баяндалады.

Фильмнің идея авторы әрі жүргізушісі: Алтынбек Құмырзақұлы

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?