КОРЕЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҰРАҒАТЫМЕН МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
10.11.2016 2601
2016 жылғы қазанның 24-і мен 28-і аралығында Корея республикасы Ұлттық мұрағатының шақыруымен ҚР Президент Мұрағатының директоры Жапаров Борис Әлікенұлы Оңтүстік Кореяға сапар шекті

Іссапар бағдарламасы іскерлік кездесулер мен байланыстарға барынша қанықты болды. Кореяның мұрағаттық мекемелеріне бару экскурсиялармен, ортақ кәсіби мәселелерді талқылаумен қатар жүргізілді. Корея Республикасының Ұлттық Мұрағаты және Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою бұл сапардың маңызды бөлігіне айналды.

Меморандум жасау мұрағаттық менеджментті жетілдіру бойынша тәжірибе мен білім алмасуға ықпал ететін болады, әдістемелік семинарлар, ғылыми конференциялар, құжаттық жинақтарды дайындау, мұрағатшылардың біліктілігін артыру курстарын ұйымдастыру секілді бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған. Меморандумға Корея Республикасының Ұлттық Мұрағатының Президенті Ли Санг Джин және Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағатының директоры Жапаров Борис Әлікенұлы қол қойды.

Мұрағаттық мекемелерді аралау кезінде кореялық әріптестер мұрағаттық үдерістерді автоматтандыру және компьютерлендіру саласындағы жаңашыл әзірлемелерді көрсетті. Бүгін Корея Республикасының Ұлттық мұрағаты - әлемдегі техникалық жағынан ең жақсы жабдықталған мұрағаттардың бірі, онда жаңа ІТ-әзірлемелер енгізілген, мұрағатшының жұмыс орнын автоматтандыру технологиялары ұсынылыған, қолданушыларға мұрағаттық ақпаратқа енудің үлкен мүмкіндіктері ұсынылған.

Мұрағаттың мамандандырылған ғимараты 2016 жылдың қыркүйек айында Сеул қаласында өткен XVIII Халықаралық мұрағатшылар конгресінің қарсаңында пайдалануға берілді. Кореялық әріптестер Қазақстан мұрағатымен ынтымақтасуға, Қазақстанға алыс Шығыстағы кореялықтарды жер аудару тарихы бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүдделі.

Әріптестер екіншідүниежүзілік соғыс кезіндегі жапондық әскери тұтқындардың тізімін айқындауға ерекше қызығушылық танытты. Кватун армиясында әскерлер - этникалық кореялықтар болды, біртұтас корей халқының бір бөлігі ретінде олардың тағдыры аз зерттелген. Қазақстандық мұрағатшылар осы және басқа мәселелерді зерттеуде жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Қазақстанның және Кореяның мұрағатшылары арасындағы кәсіби байланыстарды орнату, мамандардың өзара түсіністігі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен үлес қосады және мемлекеттердің стратегиялық серіктестігі міндеттеріне жауап береді.

Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты материалы бойынша