ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА
01.01.2017 2160
«ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2016 жылдың 28 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің конференц-залында «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің 2014-2016 жылдарға жоспарланған «ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» салааралық мемлекеттік бағдарлама аясында орындалған ғылыми жобаларды қортындылап, олардың нәтижелерімен таныстыруға арналған дөңгелек үстел ӨТКІЗІЛДІ:

Іс-шара барысында болашақ басылымдардың жобасы ретінде көрсетілген еңбектердің жетекшілері:

- Е.Қ. Нүрпеисов (Роль Первого Президента Республики Казахстан в становлении и укреплении казахстанской государственности. Монография. Астана, 2016. – 330-с. Авторлары: Б.Ғ. Аяған, Ауанасова А.М., з.ғ.к. Е.Қ. Нұрпейсов, тарих магистрі А.М. Сүлейменов);

-Қабылдинов З.Е. (Первый Президент Казахстана и формирование интеллектуального потенциала страны: от идеи к реализации. Монография. Астана, 2016. – 378 с. Авторлары: т.ғ.к. З.Е.Қабылдинов, з.ғ.к. Е.Қ. Нүрпейсов, П.Б. Сейтқазы, М.М. Қойшыбаев, М.С. Томанова.);

-Лапин Н.С. (Роль Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в формировании исторического сознания казахстанцев. Монография. Астана, 288-с. Авторы: т.ғ.к. Лапин Н.С.);

- Ғ.М. Қарасаев (Лидер нации Н.А.Назарбаев и внешняя политика Независимого Казахстана (1991 – 2013 гг.). Монография. Авторлары: т.ғ.д., профессор Ғ.М. Қарасаев, п.ғ.к. С.Ж. Дүйсен, п.ғ.к. Ж.Н. Қалиев.);

-Е.Қ. Нүрпеисов (Президент Н.А. Назарбаев и государственная геральдика Республики Казахстан. Монография. Астана, 2016. – 410-с. Авторлары: Б.Ғ. Аяған, Ауанасова А.М., т.ғ.к. А.Ж. Ғабдуллина, тарих магистрі А.М. Сүлейменов) орындаған ғылыми жобалардың қазіргі кезендегі өзектілігі мен ерекшеліктеріне тоқтала келе, аталған ғылыми жобалар Қазақстанның ғана емес, ТМД және алыс жақын шетелдердің мұрағат қорларынан алынған ақпараттар мен мұрағаттардың негізінде даярланғандарына назар аударды.

Дөңгелек үстел барысында, танысуға қойылған ғылыми жобалармен бірге, ғылыми еңбектермен танысуға белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторы Ж.М. Мәлібеков, экс-депутаттар – К.Н. Бұрханов және Е.Қ. Нүрпейсов, ҚР БҒМ Ғылым комитетінің қызметкері К.Т. Бекимова, «Ғылым қоры» АҚ қызметкері С.Ж. Аймақов, Еуразиялық интеграция институтының ғалым хатшысы Р.Ж. Темірғалиев, «KAZNETMedia» ЖШС-ның қызметкері, ғылыми жобаның жетекшісі Н. Момунова және Мемлекет тарихы институтының жетекші ғалымдары мен Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығына мүше жастар қатысты.

Дөңгелек үстелде сөз сөйлеген Ж.М. Мәлібеков, Қ.З. Идрисов 6 (алты) том көлемінде дайындалған еңбек Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметіне байланысты және екі еңбек жас ғалымдардың атқарған ғылыми-жобасының нәтижелері екендігін атап өтті.

Ал 2- томдық Қазақстан тарихының оқулығының жобасымен, жобаның ғылыми жетекшісі Б.Ғ.Аяған қазақша, орысша және ағылшынша дайындалған нұсқаларымен, электронды нұсқасымен, сонымен қатар жалпы оқу-әдістемелік кешенге кіретін әдістемелерімен, оқу бағдарламасымен таныстырды.

Дөңгелек үстелге қатысқандарға Жас ғалымдардың 2014-2016 жылдар аралығында орындаған «Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы ұлттық тарихтың рөлі (1991-2016 гг.)» атты. Монография. Астана, 2016. – 334-б. Авторлары: т.ғ.к. Қ.А. Енсенов, тарих магистрлері – А.Т. Серубаева, Қ.М. Саманбеков, К. Шайзада.

«Шығыс Қазақстан петроглифтері: дәстүр және сабақтастық» атты. кітап-альбом. Алматы, 2016. Авторлары: т.ғ.д. З.С. Самашев, Е.Қ. Оралбай, Р.С. Жұматаев ғылыми жобаларымен «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ-нің төрағасы , т.ғ.к. Қ.А. Еңсенов таныстырып өтті.

Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» екі оқулығының электрондық нұсқасының дайындығы туралы «KAZNETMedia» ЖШС-ның маманы, электрондық оқулықтар әзірлеудің үйлестірушісі Момунова Наталья таныстырды.

Дөңгелек үстел соңында арнайы шақырылған Қазақстан Республикасы БҒМ Ғылым комитетінің өкілі Кенжегүл Төкенқызы Бекимова және «Ғылым Қоры» АҚ-ның өкілі Сұлтанбек Жәнібекұлы Аймақов «ХАЛЫҚ ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты салааралық мемлекеттік бағдарлама аясында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қызметі және оның қазақстандық мемлекетті қалыптастырудағы рөлі» ғылыми жобасы аясында әзірленген монографияларға, атқарып жатқан жұмыстарға жақсы деген баға бере келе, ғалымдардың көкейіндегі жүрген келелі мәселелерді қозғап, оның негізгі себептеріне тоқталды.

Сонымен қатар, 2016 жылы осы аталған ғылыми жобаларға қаржы бөлінбеген себебіне байланысты, Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көп басылымен шықпағандығы туралы да атап өтілді.

Махаббат Большина

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)