МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ КӨПШІЛІК АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
23.02.2017 2998
National Digital History порталы алғашқы рет Мемлекет тарихы институты басшысының есебін жариялап отыр. Бұл азаматтық қоғам алдындағы ашықтық, құндылықтарға құрмет көрсеткіші болып табылады

2017 жылдың 17 ақпан күні ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директоры, т.ғ.д., профессор Бүркітбай Аяғанның көпшілік алдында 2016 жылға  есеп беруі болып өтті.

Есептік кездесуде кәсіподақ, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, ЖОО оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты. Олардың ішінде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессорлары Г.И. Ысқақова, З.Е. Қабұлдинов, Жас тарихшылар республикалық қауымдастығының төрағасы Р.А. Құдайбергенов, Астана қ. Әкімдігінің кәсіподағы О.С. Сүлейменов,  National Digital History  веб-порталының редакторы Сүлейменов А.М.,  М. Тынышпаев атындағы ҚазККА тарих пәнінің оқытушысы  Г.Х. Калел, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторантттары К. Ақанов, Д. Жұманбаев және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ғылыми қызметкерлері бар.

Институт директоры профессор Б.Г. Аяған 2016 жылға ғылыми қызмет есебі туралы және 2017 жылға алға қойған міндеттер туралы есеп берді. Баяндама ғылыми хатшы, т.ғ.к. А. Ж. Ғабдуллинаның дайындаған Мемлекет тарихы институты қызметінің қорытындысы туралы таныстырылыммен қатар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» ММ 2008 ж. - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау барысында 2008 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 416 Жарлығына сәйкес құрылды.

Институттың міндеттері мен мақсаттары

Институттың мақсаты – тәуелсіз мемлекет құру процесін ғылыми-аналитикалық тұрғыда ұғыну, мемлекеттік және тарихи сана-сезімді қалыптастыру, сонымен қатар Тәуелсіз Қазақстан тарихын теориялық тұрғыда негіздеу.

Институттың міндеттері: ұлттың дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік стратегияға жауап беретін қазіргі қоғамда мемлекеттік және тарихи сана-сезімді қалыптастыру; мемлекеттің тәуелсіздігін нығайту контекстінде қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын талдау; Отан тарихының теориялық мәселелерін әлемдік қоғамдық-гуманитарлық ғылым деңгейінде әзірлеу; қоғамдық-гуманитарлық және қазіргі заман тарих ғылымдарының жетістіктерін патриотизмді қалыптастыру үшін қолдану; Қазіргі Отан тарихын зерттеудің теориялық-әдістемелік принциптерін жетілдіру.    

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы бойынша «Мемлекет тарихы институты» ММ-нің директоры болып Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор  Б.Ғ. Аяған тағайындалды.

Институт бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылады. 2016 жылға 102497,0 мың теңге жоспарланған; орындалуы - 102260,7 мың теңге (99,7 %);

Бюджеттік емес қаражат  2016 жылға – жоқ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» ММ төрт ғылыми бөлімдерден тұрады: Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі; Индустриалды-инновациялық даму және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бөлімі; Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеу бөлімі; Ғылыми-ақпарат бөлімі.

ҚР БҒМ ҒК «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесінің төрт ғылыми бөлімдерінің қатысуымен арнайы 217 «Ғылымды дамыту» бағдарламасы және оның 101 ішкі бағдары «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру» бойынша қаржыландыратын, орындалу мерзімі 2015-2017 жылдарға белгіленген 6 іргелі және 4 қолданбалы ғылыми жобалар іске асырылуда.

Жобалардың тақырыптары ғылыми-зерттеу бағыттарына сай, олар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатын қамтиды, сонымен қатар Институт бөлімдері жұмысының ғылыми бағыттарына сәйкестендірілген.

Жарияланым белсенділігі

Кітаптар және басқа жарияланымдар – 218

Оның ішінде: Құжаттар мен материалдар жинағы – 1; Электронды оқу басылымы – 1; Ғылыми-көпшілік басылымдар – 4; «Мемлекет тарихы» ғылыми журналы – 4; Ғылыми конференциялар материалдары – 3; Іргелі және қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша жарияланымдар саны – 55; Мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар саны – 22.        Оның ішінде:        ҚР БҒМ БҒСБК  ұсынатын ғылыми басылымдарда – 20;        Рейтингі жоғары шетелдік басылымдарда – 2; Халықаралық және республикалық ғылыми конференциялардағы жарияланымдар – 41; БАҚ-тағы жарияланымдар – 65.

Қоғамдық-маңызды іс-шаралар

Ғалымдар бірқатар республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларға қатысты.

Олардың ішінде:

1. Институт қызметкерлері 14 қаңтар 2016 ж. «Казахстанский путь становления и развития государственности: результаты, достижения, перспективы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның жұмысын ұйымдастырды.

2.  19 мамыр 2016 ж. Алаш Орда үкіметінің басшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Әлихан Бөкейханұлы – тәуелсіздік жаршысы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

3. 2 маусым 2016 ж. «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырды.

4. 8 желтоқсан 2016 ж. Институт қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.

2017 жылға арналған міндеттер

Институтта жүзеге асырылатын ғылыми жобалар 2017 ж. Тәжірибелік жүзеге асыруға және иновацияларға бағытталған, зерттеулерден күтілетін нәтижелер әлеуметтік, экономикалық, әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени әсерге ие. Олар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Президенттің Қазақстан халқына жолдауында алға қойған мақстаардан шығатын мемлекет пен қоғамның қажеттіліктеріне жауап береді. Ғалымдар жаңа зерттеулер мен әзірлемелерді дайындады: «Қазіргі заманғы Қазақстан» 3-томдық ғылыми басылымы, монографиялар және құжаттар мен материалдар жинақтары. Жоспарлы зерттеулер аяқталған соң ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы есептер дайындау көзделеді: «Қазіргі заманғы Қазақстан» 3-томдық ғылыми басылымы; «Ұлттық экономика – мұрағат құжаттарында (тәуелсіздік кезеңі)» құжаттар мен материалдар жинағы; «Астана – новая столица (исторические аспекты) – Астана – жаңа қала (тарихи аспектілері)» қосымша оқу құралы.

Сонымен қатар институт ғалымдары бастамашылық жарияланымдарды дайындауда: «Кеңестік Қазақстанның лениндік кезеңінің жекелеген тарихынан» монографиясы; «Қазақстан тарихы: аймақтар, кезеңдер, тарихи тұлғалар» ғылыми-танымдық зерттеулер.

Орындалып отырған ғылыми жобалар тарих ғылымының сапалы даумын, әдіснаманы жаңартуды, дереккөз қорларын кеңейтуді қамтамасыз ету міндеттерін де орындауға бағытталған.

Көпшілікке есеп беру барысында институт басшысы, профессор Б. Аяғанға сұрақтар қойылды. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Ысқақова Г.И. бірлескен ғылыми еңбектер жазуды ұсынды. Пікірталасқа озық ғалымдар қатысты: Нұрпейісов Е.К., з.ғ.к., Ілиясова К.М., т.ғ.к., Дүйсен С.Ж., п.ғ.к. және т.б. Жиналыс соңында ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, т.ғ.д. Бүркітбай Аяғанның көпшілік алдындағы есебі қанағаттанарлық деп табылып, бірауыздан мақұлданды.

Анара ҒАБДУЛЛИНА, Мемлекет тарихы институтының ғылыми хатшысы

Аударған: Гүлнұр СЕРІКҚЫЗЫ