Көне Отырар жәдігерлері
23.05.2017 3456
Қарулы Күштердің әскери-тарихи музейінде ЭКСПО қарсаңында ерекше көрме ашылды

Астаналықтардың бір кездері өркен жайған, Түркістн қаласының маңында орналасқан  Отырар қаласы туралы егжей-тегжейлі білуге бірегей мүмкіндіктері бар. Жуырда «Ерліктің қайсармекені»археологиялық музей-қорығының көне Отырар жәдігерлері қойылған көрме ашылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық орталығы жанындағы Әскери-тарихи музейде өтті. Көрме «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша іс-шараны музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің басшысы Данияр Қаусылов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зайнолла Самашев, Отырар музей-қорығы директорының міндетін атқарушы Айбек Жандосов ашты, ол салтанатты рәсім қонақтарына осы көрменің міндеттері мен мақсаттары туралы айтып берді.

Көне Отырар жәдігерлерінің астаналық музейдегі экспозициясында өткен ғасырдың және оның алдындағы ғасырдың этнографиялық жәдігерлерімен қатар, орта ғасырлық қару-жарақ және тұрмыстық заттардың да қызықты топтамалары қойылған. Сол замандағы қару-жарақтар үлгілері – сауытты тілімдер, қанжар, оқ, найзалар, сол кездің нақты заттары.

Бұлардың бірегейлігі сол, олар сонау XIII ғасырдың, Шыңғысхан әскерінің жойқын қыспағы салдарынан мызғымас берік Отырар құлаған ғасырдың куәгерлері. Шындығында, қала жарты жыл бойы төтеп берген әскердің емес – Отырардың күйреуі сатқындықпен байланысты. Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының бас шырақшысы Ералы Шоқайдың айтуы бойынша, бұл көрме ұлы Отырар өмірінің бірнеше кезеңдерін спаттайды. Шыңғысхан әскерінің қыспағы кезінде қала-бекіністің есігін Қаражан атты адам ашып берген екен, осыдан соң сатқынды өлтіреді, ал қаланы үйіндіге айналдырады. Монғол шапқыншылығынан кейінгі күйреуден соң, Отырар ойрандалып көп жатпады. Қазақ өркениетінің бесігі деп аталатын қала Ұлы Жібек Жолының керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан болатын. Ол монғолдарға дейінгі жүзжылдықтағы сияқты қайтадан гүлдеп, байыды. Ол XIX ғасырда біржолата босады.

Қала ЮНЕСКО-ның көмегімен сақталып тұрды. ЭКСПО қарсаңында Отырар музей-қорығы бүкіл әлемнен келетін саяхатшыларды қарсы алуға дайын. Қазір онда көркейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. «Оңтүстік туризм» ақпараттық орталығының директоры Жасұлан Төлебековтың айтуынша, ЭКСПО кезінде Оңтүстік Қазақстанға келуге ниет білдірушілер көп болмақ. «Астандан кейін біз екінші орындамыз. Бірақ туристердің нақты санын айту қиын. Өйткені біздің бағыттар бойынша туристік турлар Ресейде және басқа елдерде сатылуда. Алдын ала болжам бойынша, тарихи кешенді биыл 400 мың адам келеді деп күтілуде, бұл былтырғыға қарағанда екі есе көп». Көрме 2017 жылдың 3 шілдесіне дейін жұмыс істейді.