Тарихшылардың IV Конгресінің қарары
25.05.2017 1341
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қоғамда, соның ішінде кәсіби тарихшылар мен гуманитарлық сала мамандарының зор рухани сілкінісін туғызды

Бұл орайда Тарихшылар ұлттық конгресі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында кезекті IV Конгресін өткізді.

Конгреске Қазақстанның барлық облыстарынан республикаға танымал тарих-гуманитарлық ғылым мен білім саласының көрнекті өкілдері, ҚР Парламентінің депутаттары, сонымен қатар шетелдік қонақтар қатысты.

Конгресс жұмысына ҚР Ұлттық ғылым академиясының 14 тұрақты мүшесі, 26 – ҚР ҰҒА корреспондет-мүшелері, 56 ғылым докторы және 137 ғылым кандидаттары мен философия докторлары, музей мен архив, жалпы білім беру мектептері  мен  ардагерлер ұйымдары делегациялары да қатысты.

Конгресс жұмысы барысында президенттік бағдарламаға сәйкес бірнеше кітаптардың тұсаукесері өткізілді: «Туған жер» «Астана: прошлое и настоящее» (З.Е.Кабульдинов), «Саржал» (Б.Теміров), «Алаш козгалысы» 2 томдық (М.Қойгелдиев).      

Конгресті өткізу барысында Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту мен рухани жаңғыруға байланысты жаңа тағдыршешті бастамалары мен еліміздің білім жүйесі мен тарих ғылымындағы  шешімін күткен мәселелерді іске асыруға байланысты шаралар жоспарланды.

Конгресті өткізудің басты мақсаты – Елбасының қоғамдық сананы және рухани өрлеуді жаңғырту бағытындағы тағдыршешті жаңа бастамасына қолдау көрсету. Осы орайда отандық тарих ғылымы мен білім беру саласының өзекті мәселелерін талқылау.  Мектеп пен жоғары оқу орындарының мазмұндық жағдайын жақсарту және музейлер мен архивтердің қызметтерін жаңа деңгейге көтеруге жете мән беру.

Конгреске қатысушылар гуманитарлық білім беру негіздері күшейген қазіргі заманның даму жағдайында білім мен ғылымның бірегейлігін және  қоғамдағы тарих ғылымының рөлінің қарқынды тұрғыда өрлеуін  ерекше атап өтті. Қазақстан қазіргі уақытта әлемнің үздік «отыз» елі санатына енуге батыл қадам жасауда.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің елімізді қоғамдық сананы жаңғырту мен ұлттық рухани өрлету жолымен алға бастыртуда.

Президент Н.А. Назарбаев қоғамдық сананы жаңғыртудың алты негізгі бағыттарын түзіп берді. Олар – бәсекелік қабілет, прагматизм, Ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.

Осы арнада Мемлекет басшысы нақты жоба – бағдарламалар ұсынды.  Біздің халықтың болашағы үшін  түзілген бұл бағдарламалар, айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға арналған: Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, «Туған жер» бағдарламасы, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

Конгреске қатысушылар   қоғамдық сананы жаңғыртуды және  ұлттық рухани өрлеуді нақты жүзеге асыруды негізге ала отырып отандық тарих ғылымы мен білімін дамыту мен жетілдіру және өлкетану жұмыстарын күшейту мақсатында көрсетілген басты қадамдардың  жалпы ғылыми және қолданбалық-бағыттама ұстанымдарын келістіре келелі даму ҰСЫНЫСТАРЫН жасайды.

Конгреске қатысушылар ұсынады:

Кәсіби қоғамдастыққа:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласында айтылған  идеяларды қоғамдық негізде алға жылжытуға ықпал ету;

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласының негізгі мәселелерін жүзеге асыруға байланысты қоғамдық ұйымдармен белсенді бірлесу;

-  Белгілі саяси қайраткерлер, ғылым мен өнер өкілдерінің естелік-кітаптарын даярлауды ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне  және ҚР білім беру саласындағы мемлекеттік мекемелеріне:

- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласында көрсетілген жобаларды жүзеге асыруға мақсатында ғылыми қоғамдастықтың ұсынған ғылыми жобаларын қаржыландыру жүйесін даярлау;  

- Ғалымдардың, өлкетанушылардың әлеуетін пайдалану арқылы барлық елді мекендердің тарихын жазу(ауылдың, селоның, аудан орталықтарының, қалалардың және т.т.),  сонымен қатар, көрсетілген жерлердің тұрғындарының дәстүрлі мәдениетіне қатысы бар топономикасын, фольклорын, шежіресін қоса қамту; 

- Барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарда өлкетану курсын енгізу және осы курс бойынша тиісті оқулық пен оқу құралдарын даярлау;

- Жергілікті тұрғындардың тарихын, мәдениетін, этнографиясын және фольклорын зерттеу мақсатында жоғары оқу орындар базасында  жазғы уақытта тұрақты тарихи-этнологиялық және фольклорлық экспедициялар ұйымдастыру;

- Тарих ғылымының өзекті мәселелерін қамтитын өлкетанушылық сипаттағы дипломдық жұмыстар, магистрлік және докторлық диссертациялар тақырыптар базасын түзу;

- «Туған жер» жобасын жүзеге асыру мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарихшылардың Ұлттық Конгресі, Халықаралық Түрік академиясы және Егемен Қазақстан Республикалық газеті арасында ғылым мен білім саласын қамтитын өзара түсіністік туралы МЕМОРАНДУМ жасау;

- Елеулі тұрғыда мамандықтар жіктемесін ұлғайту, мәселен, антропология ілімін қосу(әлеуметтік, мәдени, әскери, медициналық және);

- Мемлекет басшысы мақаласының түйінді жақтарын жүзеге асыру мақсатында «Қазақстан тарихы» курсын енгізу;

- Солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда ҒЗИ ашуға ұсыныстар жасалынсын. Бұл арада аталған өңірлердің жеткілікті тұрғыда зерттелмеген жағдайын еспке алынсын; 

- Гуманитарлық саладағы ҒЗИ Астана қаласына көшіруге ұсыныс жасалсын.

Тарихшылардың Ұлттық Конгресіне:

- Жыл сайын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында жекелеген елді мекендер, қалалар мен облыстар тарихына арналған жаңа кітаптардың таныстырылымын  қамтитын  «Туған жер» бағдарламасы аясындағы жыл сайынғы өлкетанулық зерттеулер»  ғылыми жиынын өткізу;

 - «Туған жер» сериясымен шығарылатын кітаптар тәжрибесін дәстүрге айналдыру;

- «Қазақстанның үздік жас тарихшысы» конкурсын өткізу тәжрибесін дәстүрге айналдыру.

Қоғамдық ұйымдарға:

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық  мақаласында айтылған түйінді міндеттерді жүзеге асырумен айналысатын мемлекеттік мекемелердегі эксперттік кеңестер мен жұмыс топтарының тиісті шешімдер қабылдау жұмыстарына белсенді араласу;

- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына қолдау көрсету мақсатында әртүрлі қоғамдастықтарда және БАҚ арқылы қоғамдық қостау кампанияларын өткізу;

 -  Өлкетану хабаршысы – мерзімді басылымын шығаруды қамтитын «Өлке тарихымен айналысатын әуесқойлар қоғамын» құру.

Астана қаласы әкімдігіне:

- Туристік кластерді дамыту мақсатында «Бозоқ» ортағасырлық  қыпшақ бекінісін қайта қалпына келтіру.

«ЭКСПО-2017» АҚ:

- Елорданың танымалдығын арттыру және оның қазіргі заманауи жетістіктерін көрсету мақсатында «Астана: өткені және болашағы» деген кітапті мемлекеттік жәнеағылшын тілінде шығару.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне, ҚР облыс және қала әкімдіктеріне:

- Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры М. Кусаинов 30 жыл көлемінде жетекшілік жасайтын  «Мемориальная зона» студенттік іздеу отряды мысалында, қалаларда, сонда құрылған әскери бөлімдер (полктар, бригадалар, дивизиялар) тарихын зерттейтін студенттік іздеу отрядтар құру ұсынылсын;

- Жеке бағдарлама құру және соның аясында жастары 80-нен асқан үлкен буын өкілдерімен  арнайы жұмыс жасау және олардың көзі тірісінде берген естеліктері негізінде кітаптар шығару. Олардың берген деректік материалдары аймақтық және біздің ортақ Отан тарихын қайта түзуге негіз болады және жалпыұлттық тарихымызды жетпейтін тұстарын толықтырады.

Дүниежүзі қазақтарының Ассоциациясы:

-  «Туған жер» бағдарламасы шет елдердегі қазақтарға да таралуы қажет. Аймақтық энциклопедияларды немесе белгілі бір аймақтағы қазақтардың өмірлік іс-әрекеттерінің тарихын шығару тәжрибесін қолдау керек. Егер біз, шет елдердегі қазақтарға қатысты бұл энциклопедиялар мен кітаптарды қолданатын болсақ, онда біздің Отанымыздың тарихы толығырақ болады.

Республикалық Ономастикалық комиссияға:

- Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығына орай ауыл, село, еліміздің қалаларының көшелеріне Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлерінің есімдерін беру.

Конгреске қатысушылар «Қоғамдық сананы жаңғырту және тарих ғылымындағы жаңа міндеттер» тақырыбында тарихшылардың кезекті IV Конгресінің ұйымдастырылуы мен өткізілуінің жоғары деңгейде болуын ескере келе, бұл конгресте қарастырылған материалдарды  ғылыми жинақ түрінде шығаруға ұсыныс жасайды.  

Астана.

 2017 жылғы 25 мамыр