Орталық Азиядағы этномәдени диалог қалай өрбиді?
30.10.2018 2175
Бүгін Астанада «Қазақстан және Орталық Азия: этноәлеуметтік үрдістер мен этномәдени байланыс» тақырыбында Орталық Азия Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

Бұл отырысқа Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, Ғылыми-сарапшылық кеңес пен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, дипломатиялық корпустардың, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, Назарбаев университетінің профессорлары, өңірлік ҚХА ғылыми-сарапшылық топтары мен кафедраларының мүшелері, жоғары оқу орындарының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынның негізгі мақсаты – Орталық Азия аймағындағы этноәлеуметтік заманауи үдерістері туралы бір-бірімен пікірлер алмасу және қоғамдық сананың жаңғыру жағдайындағы этномәдени диалогтың дамуының өзекті трендтері не екенін анықтау.

Іс-шараның модераторы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының басшысы, ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтік ғылымдарының докторы Айгүл Сәдуақасова жиынның Президент жанындағы Республикалық мекеме қоғамдық келісім және Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының қатысуымен ұйымдастырылып отырғанын, Орталық Азияда қоғамдық келісім және жалпы ұлттық бірлік сұрақтарын талқылауға эксперттер жиналғанын және отырыс тарихынан аз-кем пікір білдірді.  

Сонымен қатар А. Сәдуақасова кеңес отырысына Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыстан елдерінің өкілдері мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В. Божко, С. Абдрахманов қатысып отырғанын атап өтті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенконың пайымынша, әлемдегі ауқымды проблемалардың ең зоры – ол мәжбүрлі көші-қон мен діни экстремизм. 

«Қазіргі кезде ең жаппай қоныс аудару жағдайы байқалуда. 2016 жылдың соңында барша әлемде 65 миллионнан астам адам қақтығыстар мен қудалау салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. 2017 жылы ол сан 2 миллионға жетті. Көптеген елдер үшін діни экстремизм ауқымды проблемаға айналғаны белгілі. Сол үшін көп векторлы саясаттың арқасында, татулықпен бірлікті сақтап қалуымыз керек» - деді ол.

Жиында «Қоғамдық пікір» зерттеу инстутының директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Бөтагөз Ислямқызы өзінің «Түрік барометры: түркітілдес елдердің әлеуметтік-мәдени байланысы»  әлеуметтік зерттеуінің нәтижесін жариялады.

Б. Исламқызының айтуынша, сауалнамаға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркменстан астаналарының тұрғындары қатысқан.