БАТЫС БАҚ АСТАНА ЖАЙЛЫ НЕ ОЙЛАЙДЫ?
21.10.2016 2514
Осыдан 19 жыл бұрын 20 қазанда ҚР Президентінің «Ақмола қаласын ҚР астанасы деп жариялау туралы» жарлығы шықты

 Қазақстандық БАҚ-да еліміздегі осынау маңызды оқиғаға байланысты көп жазылды. Астананы көшіру себептері әбден талқыланды, олардың арасында экономикалық мәселелер, экология мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді де айта кету керек. Көптеген билік өкілдері, сонда-ақ ел тұрғындары президенттің бұл идеясын құптап, оны дұрыс шешім деп тапты. 

The Guardian секілді батыс БАҚ-тары: «Астана 1997 жылы Алматыдан Ақмолаға көшірілгенде мекен-жайын ауыстыруға мәжбүр болған мемлекеттік қызметкерлерде үлкен ынта мен құлшыныс болмады» деп жазды. Шын мәнінде, Алматы қаласында халықтың тығыз орналасуы, қоршаған ортаның қатты ластануы, уайым туғызатын сейсмикалық толқындар, ел орталығынан алшақтығы осындай шешімді қабылдауға түрткі болды. Осы мәселені шешуде шамамен 32 бекет назарға алынды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлының бұл шешімі жаңалық емес еді, әлемде осыған ұқсас оқиғалар бұрын да болған. Мысал ретінде батпақты жерде салынған Ресейдің Санкт-Пебербургін немесе қоқыс үстіне салынған испандық Мадридті атауға болады. Бұл жұмысымызда біз The Guardian және CNN, сондай-ақ BBC секілді ірі британдық және американдық БАҚ-дың мақалаларын келтірдік. Британдық басылымдардың астананы көшіру туралы мәселеге америкалық баспаларға қарағанда сын көзбен қарауы қызықты. Соңғылары президентіміздің бұл шешімін жылы шыраймен қабылдады, өйткені ол АҚШ-тың Қазақстанға қатысты сыртқы саясатын білдіреді. 

Ақорда (ҚР Президентінің Резиденциясы) 

Бірақ екі жақ та жаңа астананы салу қарқынына таң қалғанын және президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүзеге асырып отырған сындарлы саясатына оң пікірде екендерін жазған. The Guardian: «Назарбаев Ресей, Қытай және АҚШ арасында ұтымды икемделу арқылы, сондай-ақ этносаралық, дінаралық бейбіт қарым-қатынастарды үгіттей отырып, дана саясат жүргізіп отыр», – деп жазды. 

Бұдан басқа, екі басылым да, өздерінің мақалаларына атау беруде де бір пікірге келген: Астана – әлемдегі ең оғаш (The Guardian) / ең мұғжизалы (CNN) астаналардың бірі. Мақалалар 2000 жылдан бері жарияланған. Сол кезден бері бірқатар өзгерістерді көруге болады. Осылайша, BBC журналистері Астананың халықаралық стандарттарға сәйкес келуге тырысып, даңғазарлықпен және заманға сай сәнді салынып келе жатқанына шынайы таңданыстарын жасырмады, дәлірек, олар «Калифорниялық үлгідегі үлкен сауда орталықтарын, тәулік бойы жұмыс жасайтын супермаркеттер мен көптеген кафелер мен мейрамханалар бар, бірақ әлі күнге дейін Макдональдс немесе Старбакс жоқ», – деп жазады. Бұл жерде айта кетейік, 2016 жылы екі танымал компания да Астанада ашылды. 

Осылайша, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерімен елдің бірте-бірте батыстық өмір сүру қалпына жақындап келе жатқанын байқауға болады. ВВС хабарлағандай: «Астанының «бет әлпеті» пайда болды. Ол тіпті танымастай болып өзгеріп кетті. Сондай-ақ, ол күш-қуатын өзінің жас тұрғындарынан алып жатыр деген әңгіме де бар. Астана жанданып, адам кейпіне енгендей болды». 

Сондай-ақ, CNN жаңа астананы салу процесіне қатысқан шетелдіктердің пікірлерімен де бөліскен. Мысалға, Орталық концерт залының құрылысын жүргіген Манфреди Николетти Назарбаевтың бұл нысанды салуда өте ұқыпты болғанын айтады. Николетти президенттің бұл ғимарат оның резиденциясына қарама-қарсы салынғаны туралы айтып, әзілдегені бар деді. «Осылайша, құрылыс алаңы да, одан қалды, біз де әрдайым оның бақылауында болған едік» деді. 

«Қазақстан» Орталық концерт залы 

Назарбаевтың ең мықты жақтаушыларының бірі бұрынғы британдық саясаткер Джонатан Айткен болып шықты, ол президентпен жеке өзі жүргізген 23 сағаттық сұхбатына негізделген өмірбаянын басып шығарды. «Мен оның (Назарбаевтың) үлкен өзімшілдігі бар екеніне сенімді болсам да, бұл «МЕН» деген өзімшілдіктен гөрі, «Мен өз елімді сүйемін» деген өзімшілдік», – деп атады Айткен. Сондай-ақ Джонатан A. Назарбаевты Еуропада 18 ғасырда билік құрған билеушілер түріне жатқызады, әсіресе XIV Людовикке ұқсатады. «Версаль және Париждің көп бөлігі бір адамның ойымен салынғаны секілді, дәл солай Астана туралы да айтуға болады». 

Хан-Шатыр СОО 

Бүкіл әлемнің көптеген сәулетшілері жаңа астананың қалыптасуына азды-көпті әсер еткенімен, қала құрылысына ең үлкен ықпалды жалғыз адам – президенттің өзі жасады. Қаланың футуристік дизайны шын мәнінде Қазақстан Республикасының үлкен биіктерге қарай талпынысын және көптеген ортаазиялық республикалардың өңін айналдырған советтік мұраның қыспағынан босану ниетін білдіреді. 

Малика МУРСАЛИМОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)