Холокост құрбандарының құрметіне
09.02.2018 2243
2005 жылы БҰҰ-ның Бас ассамблеясының резолюциясымен Холокост құрбандарын еске алудың халықаралық күні бекітілді. Бұл күн кездейсоқ таңдалып алынған жоқ

1945 жылдың 27 қаңтары кеңес әскерлері Освенцим концентрациялық лагерін нацистерден азат етті

Холокост кезінде өз өмірлерін тәуекелге тігіп, еврейлерді құтқарған адамдарға Яд ва-Шем (Yad Vashem) «Әлем халықтарының тақуасы» атағын бекітті.

2017 жылдың аяғына қарай Яд Вашемнің тізімінде Әлем халықтарының тақуалары деп танылған 27 мың адамның есімі болды. Олардың ішінде, сол заманда Еуропада өзінің кәсіби міндеттерін атқарып жүрсе де, өз жағдайларын тәуекелге буа отырып, үкіметтерінің көзқарастарын бөліспей, еврейлерді құтқарған дипломаттар да бар. Еуропада не болып жатқанын көздерімен көрген олар еврейлерге Холокосттан құтылу үшін Еуропадан қашуға көмектескен. Олар еврейлер Еуропадан тыс шығып кетулері үшін шығу визаларын жасап берген. Соның арқасында мыңдаған еврейлер аман қалды, осы адамдарға көрсетілген құрмет ретінде, Холокост тарихын зерделеумен айналысатын Иерусалимдегі Яд Вашем институты оларды Әлем халықтарының тақуалары деп таныды.   

Солардың ішінде ең белгілілері – Аристидес Соуса Мендес (Португалия), Тиунэ Сугихара (Жапония) және Пауль Грунингер (Швейцария), Венадағы қытайлық бас консул Хэ Фэншань, Париждегі Иран Елшілігінің қызметкері Абдул-Хусейн Сардари, Швециядан Рауль Валленберг, сальвадорлық дипломат Хосе Артуро Кастельяноса, Будапешттегі Испания Елшілігінің қызметкері Лжорджо Перласка мен Испанияның Афинадағы консулы Себастьяна Ромеро Радигалес.

Израиль мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаэль Бродский осы туралы бізге егжей-тегжейлі айтып берді.

Яд Вашем – бұл Холокост тарихын зерделеу үшін ХХ ғасырдың 50-ші жылдарында құрылған зерттеу инститты мен музей. Оның бағыттары көп. Зерттеушілер Холокост туралы, еврейлерді құтқару туралы куәліктер жинайды, Яд Вашем жұмыстарының тағы бір бағыты – «Әлем халықтарының тақуасы» атағын беру. Бұл атақ өз өмірлерін тәуекелге тіге отырып, еврейлерді құтқарған адамдарға беріледі. Еврейлерді құтқарғандар жиі жағдайда өлімге кесіліп жататын. Еврейлерді құтқарған үйлердің адамдарын солармен (еврейлермен) қоса атып тастағандарын біз білеміз. Өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, олар еврейлерді құтқарды. Шынында, олар үшін адам өмірінің қаншалықты қымбат болғанын және олардың қандай ерлік жасағандарын білеміз. Мына жерде тарихы баяндалған дипломаттар, бәлкім, өз өмірлерін қауіпке тікпеген де шығар – олар дипломат болғандықтан, дербес құқықтары болды. Бірақ олар өз мансаптарын тәуекелге тіккендері сөзсіз, олар виза алуға тиіс емес адамдарға виза беріп, заңсыз қадамдарға барған. Еврейлерді құтқарудың жалғыз мүмкіндігі – Еуропадан қашып құтылу үшін оларға виза беру. Еврейлердің құтқарылу тарихы шын мәнінде, өте көп, солардың ішінде швед дипломаты Рауль Валленбергтің тарихы. Ол Швецияға, басқа да елдерге виза беру арқылы мыңдаған еврейлерді құтқарған.

– Рауль Валленбергтің тарихы біршама белгілі.

– Ол осыдан кейін тұтқындалып, Кеңес Одағына әкелініп, содан кейінгі өмірі белгісіз болуымен де белгілі. Істің немен біткенін ешкім де білмейді.

– Ал бүгінгі көрмеге қойылғандардан тағы кімді атағыңыз келеді?

- Мен ешкімді де бөліп-жармас едім. Бірақ, өз кезінде еврейлерді құтқарған ирандық дипломат Абдул-Хусейн Сардариді атап өткім келеді. Иранмен арадағы күрделі қатынастарды есепке ала отырып, бұл оқиғаның ирандықтар мен еврейлер арсында ешқандай проблема жоқтығын көрсетеді деп ойлаймын. Біз бір-бірімізге жиі көмектесетінбіз. Біздің ортақ тарихымыздың тарихы көптеген ғасырларға кететіндіктен, біз бейбітшілікте әбден өмір сүре аламыз. Ал бүгін болып жатқан жайт дұрыс емес.

– Олар еврейлерді қалай құтқарды?

– Жалпы алғанда, оларды құтқарудың тәсілі бір – елден шығуға виза берген дипломаттар, консулдар. Олар Еуропада еврейлердің концлагерьлерге тоғытылып жатқандарын білді. Олардың біреулері еврейлердің жойылып жатқанын білсе, біреулері білген жоқ, бірақ, бәрі де олардың өміріне қауіп тұрғанын түсінді. Осылайша оларды құтқарды. Бәрі «Список Шиндлера» («Шиндлер тізімі») фильмін біледі. Бұнда ол еврейлерді жұмысқа алу арқылы өлімнен құтқарды. Бұндай оқиғалар жеткілікті. Бұндай тарих менің отбасымда да бар. Мысалы, бірнеше жыл бұрын қайтыс болған менің әжем соғыс жылдары Украинадағы геттода болады да, сол жерден қашып шығады. Қашып шығып, Украинада диірмен жанында тұрып жатқан поляктар отбасына тап болады. Әрине, егер де басқыншылар еврей қызының бостандықта жүргенін біліп қалса, оның тірі қалуы екіталай еді. Ол бар болғаны 20-да ғана болатын. Ол жаңағы отбасында бірнеше жыл жасырынып жүріп, соның арқасында тірі қалды.  

Бүгін мынадай мәселе туындап отыр: қазіргі жастар осындай алапаттың болғанына күмәндана қарап, осының бәрін ойдан шығарылған деп санайды. Осындай сөздерді жоққа шығару үшін Яд Вашем институты деректі куәліктерді, суреттерді, бейнефильмдерді жинайды. ХХ ғасыр – тарихтың күрделі кезеңі, ол тек қана белсенді ғылыми зерделеуді ғана емес, сонымен қатар түйсінуді де талап етеді.