Астанада Қазақстан тарихшыларының II конгресі өтеді
04.10.2013 1985
Отырыста «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасы аясында өткен жүз күннің ішінде атқарылған жұмыстар сараланады.

25 қазан күні Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Ұлттық тарихшылар конгресінің жиыны өтеді. Отырыста «Халық тарих толқынында» атты бағдарламасы аясында өткен жүз күннің ішінде атқарылған жұмыстар сараланады. Конгресс ұйымдастырушылары ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі және «Қазақстан Ұлттық тарихшылар конгресі» қоғамдық бірлестігі. Конгресс аясында қатарынан бірнеше панельдік сессия өтеді деп күтілуде. Шараға жас тарихшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Қазіргі уақытта Қауымдастық мүшелерінің саны 31 адамды құрап отыр.