«Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» конференциясы
30.11.2013 2586
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

        С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2013 жылғы 12-13 желтоқсанда «Алаш Орда: Қазақ мемлекеттілігінің бастауы және қазіргі заман» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияда пленарлық мәжіліс жұмысы, «Алаш мұрасы» дөңгелек үстелі, таныстырылым, мұрағаттық құжаттар, кітап көрмесі, жоспарланып отыр.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар (секциялар) бойынша өтеді:

Қазіргі заман контексіндегі Алаш ұлттық идеяларының философиясы; Мұрағаттық құжаттар және тоталитарлық тәртіп жағдайындағы күнделікті тірлік көзі ретіндегі материалдар; Алаш қозғалысы мен қазақ мемлекеттілігінің идеялары; Дербестік және ұлттық зиялылардың ғылыми мұрасы; Ұлттық мәселе және ХХ ғасыр басындағы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық қозғалысы; Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық көзқарастары; Зиялы қауым мен билік: ынтымақтастықтан қуғын-сүргінге дейін.

Анықтама тел.: 8 (7232) 540-585, факс: 8 (7232) 241-471,

e-mail: alachuk@rambler.ru