Индустрияландыру ықпалы
31.10.2016 4931
Бүгінде ел игілігіне жарап отырған үдемелі индустрияландырудың бастамасы ХХ ғасырдың басында іргеленген

ХХ ғасырдағы түрлі төңкерістер мен толқу, қозғалыстар қазақ халқына ауыр тиді, сондай-ақ Қазақстандағы 20- 30-шы жылдардағы қоғамдық-саяси күштердің күрделі ара салмағы, республикадағы индустрияландыру мен жұмысшылардың ұлттық кадрларын даярлау төңірегінде ымырасыз күрес туындатты. Бұл жағдайда әртүрлі көзқарастар өрбіді. Енді солардың маңыздыларына тоқталсақ:

Біреулер – кенеттен келген социолизмге сенбегендіктен социализмге өту мүмкін емес, өйткені көшпенді өмір – қазақ халқының ерекшелігі, ал индустрияландыру «ұлт бітімін» бұзады деп есептеді.

Екінші – біреулер, өнекәсіпті күштеп орнықтыру, жұмысшы табын құру қазақстандық жаратылысқа жат, қазақ болса жұмыс істемейді, бәрібір даланы аңсап тұрады деді.

Үшінші – біреулер Қазақстан табиғат байлығына қызыға отырып, шикізат қоры ретінде пайдалануға асыққандар болды. Бірақ жеке мүдде қарастырылмады.

Төртінші – біреулер болса, шет аймақтар тек шикізат көзі ғана болып қалмауы тиіс елдің индустриялық дамуы мен ерекшеліктерін ескеру керек деп пайымдады.

Дегенмен индустрияландыру қарқынды түрде жүзеге асырылды оған куә бірінші бес жылдықтың нәтижесі. Өз еліміз бойынша тарқатар болсақ.

1928 жылы қуаты шамалы болған Қарағанды шахталары алып кен орнына айналды, Балқашта, Жезқазғанда кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай мен Ащысайда полиметалл кәсіпорындары, Ақтөбе комбинаты, Шымкент қорғасын зауыты, жылу және су электр станциялары, құрылыс материалдары өнеркәсібі салынды, нәтижесінде Қазақстандағы болашақ өнеркәсіп тораптарының негізі қаланып, түсті металлургия өнеркәсіптің жетекші саласына айналды. Қазақстан Оңтүстік Оралды, Сібірдің өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ететін аймаққа айналды.

Индустрияландыру жылдары қалаландыру үрдісі күшейді. Ондаған жаңа қалалар мен қала үлгісіндегі мекендер өсіп шықты. Дегенмен жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың, қала тұрғындары арасында жергілікті халықтың үлесі баяу артты.

1928-1932 жылдары жүргізілген саясат көп өзгіріссіз одан әрі қарай жүргізілгенін көруге болады. Оған дәлел 1940 жылға қарай Республикада 2580 ірі өнеркәсіп жұмыс істесе, оның ішінде түсті металлургия ерекше жоғары қарқынмен дамығанын көруге болады: Одақ бойынша өндірілетін қорғасынның 87%, мыстың 21% берді.

Аграрлық республика индустриялы – аграрлық аймаққа айналды.

Республикада қалалар мен қала тұрғындарының үлес салмағы өсті.

Ұлттық жұмысшы табы құрылды.

Инженер – техникалық кадрлар қалыптаса бастады.

Қазақстанның басқа индустриялық аймақтармен экономикалық байланысы орнықты.

Жұмыссыздық жойылды. Халықтың материалдық әл – ауқаты біраз жақсарды. Қазақстанда жалақының жалпы қоры 1928 жылы 142,11 млн. сом болды, ал 1932 жылы 732,8 млн. сомға жетті.

Өнеркәсіп орындарының көпшілігі 7 сағаттық жұмыс күніне көшірілді.

Сөйтіп, индустрияландыру елді экономикалық артта қалушылықтан шығарды. Бұл дегеніміз тамырын тереңге жіберген бүгінгі индустриялық дамуымыздың кешегі қағылған темірқазығы.

Дәулет ІЗТІЛЕУ

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)