Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университеті Халықаралық Бизнес Мектебі «Қазақстан 2050: жедел өзгермелі әлемдегі дамудың жаңа бағдарлары» атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.
Конференция 2014
жылдың 27 ақпанында өтеді. Конференция аясында келесідей секциялар
жұмыстарын өткізу жоспарлануда:
1. Жаңа бағыт жағдайында Қазақстанның
экономикалық саясатын жаңғырту.
2. Инновациялық зерттеулер мен технологияларды
дамыту саласындағы жаңа басымдықтар.
«Патриотизмді дамыту: көпұлтты Қазақстан
жетістіктерінің негізі» атты дөңгелек үстел.
Жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 10
ақпанына дейiн материалды ұсыну қажет.
Конференцияны ұйымдастыру комитетiнiң
мекен жайы:
050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті.
Халықаралық Бизнес Мектебі
Магистрлік бағдарламалар кеңсесі, №306 кабинет
Тел.: 8 (727) 3771391, факс: 8 (727) 3771367
Электрондық адрес: ibsconference2014@mail.ru