Қазақтар туралы кітап дайындау барысында тарихшылар бірқатар жаңалықтар ашты
04.02.2014 1819
Авторлар безендірулерді екі жыл бойы бірнеше елдердің мұражайлары мен мұрағаттарын аралап жүріп, жинаған.

"Қазақтар. Тарих және мәдениет" атты бірегей кітапты елдің бір топ ғалымдары мен меценаттары баспаға әзірледі. Онда 500 жыл аралығындағы қазақтың өмірі мен тұрмысын бейнелейтін 1700 суретімен материалдар топтастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бұл кітаптың басты құндылығы, әрине, безендіру қоры. Ол 15 ғасырдан 19 ғасырға дейін - қазақ халқы тарихының қалыптасу уақытынан бастап,  барлық кезеңдерін неғұрлым кеңінен қамтиды", деп мәлімдеді кітап авторларының бірі, тарих ғылымдарының кандидаты Қанат Өскенбаев.

«Бұл әрине, салт-дәстүрді ұстанатын кезең XIX  ғасырдың аяғы - XX  ғасырдың басындағы суретпен берілген материалдар. Бұл еуропалық және орыс жиһангез-суретшілерінің мұрасы», - деді К. Өскенбаев.

Сондай-ақ көне карталар мен суретшілер көрмесінің көшірмелері пайдаланылды. Кітапта қолына аушы құс ұстаған жас сұлу бойжеткеннің суреті берілген. Тағы бір жаңалық биге қатысты. «Көп уақыттан бері қазақта би жоқ деп айтылып келген», деді кітап авторы.

Кітаптың мәтінін белгілі этографтар Н. Байғабатов пен  Р. Бекназаров дайындаған. Кітап қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде басылған, - осы айдың аяғында жарыққа шықпақ.