«Білім, ғылым, инновация – жас зерттеушілердің үлесі»
07.02.2014 1739

2014 жылғы 21 ақпанда «Тұран-Астана» университетінің негізінде «Білім, ғылым, инновация – жас зерттеушілердің үлесі» атты дәстүрлі жоғары оқу орындар арасындағы жас ғалымдар, магистранттар мен студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізіледі.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс істейді:

1.  Қазіргі ақпараттық қоғам дамуының жаратылыстану-ғылыми аспектілері.

2.  Салалық заңнама дамуының мәселелері мен болашағы.

3.  Қазіргі қоғамның әлеуметтік-гуманитарлық және психология-педагогикалық мәселелері.

4.  Экономиканың шынайы секторын қаржыландыру және әртараптандырудың өзекті мәселелері.

5.  Қазақстанда туризм және сервис саласын дамыту: қазіргі жай-күй және болашағы.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференция бағдарламасын құрастыру үшін 2014 жылғы 11 ақпанға дейін қатысуға өтінім мен баяндаманы жолдау қажет.   

Басқа қалалардан қатысам деушілер жұмыстарын мына электронды поштаға жолдайды: meruert_asyl@mail.ru. Астана қ. қатысушылары жұмыстарын (электронды нұсқада, басылған мәтіннің бір данасын ұсынып) пошта арқылы немесе өзі әкеледі.

Мекенжайлар мен байланыс телефондары:

010000, Астана қ., Ы. Дүкенұлы көш., 29

«Тұран-Астана» университеті. Тел. +7 (7172) 395150, 395110, 311128.

Конференцияның үйлестірушілері:

Асыл Меруерт, e-mail: meruert_asyl@mail.ru

Есенбекова Гүлжан Базарбаевна (СМУ), тел.: +77016111735