«Біз Гитлерді де жеңгенбіз, қорғанды да бағындырамыз»
25.04.2014 1700
Атақты ғалымның жұбайы Марал Хабдулина К.А. Ақышев атындағы археология ҒЗИ басқарады. Ол Қазақстанның атақты археологы қалай жұмыс істегені және мінезі туралы біздің порталға айтып берді

Марал Қалымжанқызы, Кемел Ақышев қандай адам болғанын айтып беріңізші, өйткені археология ұлттық мектебін құру және дамыту үшін бір ғана білімге ие болу жеткіліксіз. 

- Балалық шақта тағдырына түскен, ауыр жылдарды, соғысты бастан өткізген сол заман ұрпақтары болғаны туралы бүгін көбі атап өтті (ред. ескерт. К.А. Ақышевтің 90-жылдығына арналған конференцияда). Осының барлығы ғалымдарды шыңдады. Олар Ұлы Отан соғысын бастан өткізді, аман-есен елге оралды. Кемел Ақышев соғыстан келгеннен кейін, қазба жұмыстарымен айналыса бастады, «біз Гитлерді де жеңгенбіз, қорғанды да бағындырамыз» деген бір ғана ойымен жұмыс істегені туралы маған өзі айтқан болатын. Сол заман ұрпақтары жұмысқа ынталы болды: олар өз жолындағы ешқандай қиыншылықтардан қашқан жоқ.

Адамның шығу тегі оның өмірінде маңызды. Кемел Ақышев қазақ ақсүйектерінен шыққан деп айтуға болады, – деді бізге Марал Қалымжанқызы. Оның атасы Мұса Шорманов өте атақты адам болды. Оның ағасы Қазақстан ғылым Академиясының тұңғыш президенті болған. Осының барлығы ғалым тұлғасының қалыптасуында үлкен рөл ойнады.

Ол таңғажайып ерекше дарындылыққа ие болды. Ол бөлмеге кіргенде, барлығы алдарында ерекше адам тұрғанын түсінді. Оның жүргізушісі былай деп еске алады: «МАИ қызметкерлерімен мәселе туындағанда, ол кабинетке әрқашан бірінші болып кіретін. Ол кабинетке кіргенде, МАИ қызметкерлері, демалысқа шыққан генерал кірді деп ойлап, өз орындарынан тұрып, оны қарсы алатын».

Өз мінезінің ерлігі, туралығы, қаталдығына қарамастан, ол өте сентиментальды адам еді, романтик болатын. Классикалық музыканы құрметтейтін. Кабинетте оңаша қалып, Бетховен және Шопенді тыңдау, оның сүйікті демалысы болған. Ол классикалық күйтабақтың көптеген түрлерін жинады.

Суретте атақты ресей ғалымы, археолог А.И. Мартынов, М.К. Хабдулина, археолог З. Самашев 

Кемел Ақышев өлеңдер жазған. Ол орыс тілді ортада өмір сүрді. Балалық шақты ол Қ.А. Сәтпаев отбасында өткізді, оның жұбайы және қайын енесі орыс болған. Есейген шағында ол қазақ тілін үйреніп алды. Ғылым Академиясында жұмыс істеді, сол жерде Кемел Ақышев атақты ғалымдар, этнографтар, өзінің құрдастарымен араласты, олардың барлығы қазақ тілінде сөйледі. Сонымен бірге ол туған тілін өздігінен үйренді. Ақырында қазақ тілінде ғылыми мақалаларды еркін жазған, соны мақтаныш еткен. 

Ол өзінің табыстарына қалай қарайды?

- Ол оларға жұмыс ретінде қараған. Одақтың құлағаны есімде, тілшілердің көбі «Алтын адамға» лицензияны алуға ұсыныстар бере бастады, себебі бұл үлкен ақшаны алуға болатын  Қазақстан бренді. Бірақ ол барлық осы әңгімелерді түп негізінен жүргізді: «Алтын адамды» мен таптым, бірақ бұл менің жеке меншігім емес. Бұл мемлекеттің жеке меншігі. Иә, мен оны қайта құрдым, бірақ бұл менің ғылыми қызметім ғана».

Кемел Ақышев өмірі және жұмысының соңғы жылдары ежелгі Бозок қаласымен байланысты. Ол қалай болғаны жайлы айтып беріңізші.

- Астананы ауыстырғанда, Астанада ғылыми қауымдарды құру қажеттігі туралы мәселе пайда болды. Оған Ақышев шақырылды, өзінің жасына қарамастан, ол сол кезде 70-тен асқан болатын, барды да, жұмыс істей бастады. Лагерді құрғаны туралы түс көрді, бұл  оның сүйікті түсі болып табылатынын маған айтқан болатын.

Ең ақырына дейін қазбаларға барып жүрді, балаларды лагерде жайғастырған. Күн ыстық, масалар көп, су жоқ. Лагерді қойғасын бірақ барасыз, деп айтқан болатынмын, ол бас тартты. Сол жерде ғана ол шын демалды. Өзінің кемел жасына қарамастан, ішкі жан дүниесінде ол жас жігіт болған. Рухы, өмірге қатынасы бойынша ол өзінен және өзінің құрдастарынан кіші болды. Бұл сол заманның ерекше ұрпақтары болды, бүгін ондай адамдар жоқ.

Мүмкін, өзінің жұмысымен әуесқой, құмар болған Кемел Ақышев тағы басқа ашуларды жүзеге асырғысы келген шығар? Оның сондай арманы болды ма? 

- Ол өзінің барлық армандарын орындады деп ойлаймын: Жібек жолындағы ең әдемі қалалардың қазбаларын басқарды, шетелдерге жиі барып тұрды, «Алтын адамды» тапты. Кемел Ақышевта барлығы болды. Ол өзінің соңғы күндеріне дейін сүйікті ісімен айналысты. Жаз айында, төсектен басын көтермеген кезде, өмірден кетер алдында, бірнеше күн бұрын ол Бозокқа барып келді.

Бүгінгі күні Бозок қаласын сақтау бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Өкінішке орай, Кемел Ақышев осы жерде қорық-мұражайын ұйымдастыруды үлгерген жоқ.

- Бүгінгі күні ЮНЕСКО қорғауындағы, 500 жылғы Қожа Ахмет Яссауи Мавзолейі бұзылып жатыр және сол туралы бәрі де біледі. Онда Бозок туралы не айтуға болады? Ал қазір мен кабинеттер бойынша жүруді қойдым: мұнда ғылыммен айналысу керек немесе есіктерді тоздыру керек. Менің басты мақсатым – Бозок туралы ғылым үшін монографияны жазу. Бозок қаласында мұражайды, туристік орынды құру міндетін жастардың біреуі алса ғой.

Бүгінгі күні отандық археология қандай деңгейде? Оған не жетпейді?

- Қазақстанда археология дамып келе жатыр, жастарымыздың көбі оған мүдделі. Ол туралы біз орыс ғалымдарымен сөйлестік, олардың арасында үлкен жас ерекшелік байқалуда. Оларда орта буын жоқ дерлік: өте қартайған немесе өте жас адамдар ғылыммен айналысып жатыр. Біздің ұжымдарымыз бүгінгі күні негізінен жас адамдар. Олар жұмыс істейді, қазбаларды жүргізеді. Бізде археология сол көтерілу процесін бастан кешіруде.

Людмила Выходченко