Махмет Құлмағамбет. Әйгілі қазақ диссиденті
02.06.2014 1975
31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Алайда қуғын-сүргін 30-шы жылдары ғана болып қойған жоқ...

Олар 60-шы жылдардың ортасында және 80-шы жылдарда да жалғасты. Адамдар лагерьлерге отырғызды, қудаланды. «Азат емес елде, азат өмір сүргісі» келген адамдарды психиатриялық ауруханаларға жатқызды, шетелдерге кетуге мәжбүрледі — яғни 30-шы жж. сияқты тағдырларын қиратты, бір ғана айырмашылық болды — ату жазасына кескен жоқ.

1960-шы жж. ортасында Кеңестік Ресейде диссиденттік қозғалысы өрістеді. Басында бұл сөз еркіні үшін жанданған кішкентай қоғам жарығы болды, алайда нәтижесінде Кеңес Одағынан эмиграцияның үшінші толқын өрті болды.

Кеңес диссиденттері

М. М. Зощенко, А. Ахматова, А. Д. Синявский, Ю. М. Даниэль, И. А. Бродский, А. И. Солженицын, С. Д. Довлатов және тағы басқа «әдебиет маңындағы жалқаулардың" тектері әйгілі болды. Бірақ егер ресейлік жазушылар мен зерттеушілер көптеген еңбектерін КСРО-да1960–1980-шы жж. мыңдаған адамдардың тағдырын мәңгілікке өзгерткен және бұзған қоғамдық-саяси оқиғаға арнады, ал Қазақстанда бұл сұрақ зерттелмеген деп айтуға болады. Мүмкін, қазақ диссиденттері аз болғандықтан шығар және олар соншама қатты пікір айтқан жоқ, алайда барлығы сияқты жазаланды…

А. И. Солженицыннің Ресейге оралуы, 1994 жыл

Махмет Құлмағамбет — санаулы қазақ диссиенттерінің бірі. 60-шы жж. соңында ол коммунизм идеологиясында жалған нәрселер көп деген ойға келді. Махметті жиі «аңызға айналған диссидент» деп атаған, сол себептен 80-шы жж. «елден безген», «құбылғыш бейне» деп атап, шетелдерде-де оны қудалап, кеңес баспасөздерінде ол туралы көп жазған.

Қазақстандық баспасөзінде ең атақты қазақ дисситенті Махмет Құлмағамбетов есімімен бірге тағы екі әдебиеттанушы, қазақ және корей поэзиясының аудармашылары А. Л. Жовтис пен жазушы К. Жуністегі есімдері аталады, олар Махметпен бірге саяси тұтқындар лагерінде отырған. Қазақтардың генетикалық кодтарын зерттеуіне 40 жылды арнаған Қазақстанның әйгілі антропологымен сұхбаттасуға бара жатқанда, Оразақ Ысмағұлов Махмет Құлмағамбетовтың жақсы досы болатыны, оның толық ашылып, Махметті қалай қудалағаны жайлы және өзі елінде 10 жылға жағымсыз тұлға болғаны жайлы айтып береді деп ойыма да кірген жоқ.

МАХМЕТТІ ДҰРЫС ТҮСІНГЕН ЖОҚ

«Махмет Құлмағамбетов 1954 жылы Алма-Атыдағы философия факультетінің бірінші түлектері қатарында болды, — деп әңгімеледі әйгілі антрополог, тарих ғылымдарының докторы Оразақ Ысмағұлов. Оның диплом жұмысы тауарлық фетешизммен байланысты болды. Дипломмен жұмыс істей жүріп, Махмет Кеңес Одағында тауарлық фетешизм бар деп өзінің жетекшісіне айтқан болатын. Мысалы, КСРО-да айтқандай, жұмыс күші толығымен еңбекші халыққа жатады, яғни жұмыс күші тауар емес, ал керісінше оны сендірді. Ол өз жұмыс қорғады, үлестірім бойынша Өзбекстанға жұмыс істеуге кетті, сол жерде 3–4 жыл жұмыс істеді.

Ал ол өзі Қостанай қаласынан, 30-шы жж. аштық кезеңдерінде ата-анасы Жетісуға кетуге мәжбүр болды, солай олар Алматыда орын тапты. Әкесі майданда қаза тапқанда, Махмет шешесі және екі кішкентай қарындастармен қалды. Сол себептен бұл ауыр тағдыр оны КСРО-да шын мәнінде не болып жатқанын анықтауға мәжбүр еткен шығар.

Көбін БҰҰ трибуналарынан өз аяқ киімін лақтырған Хрущевтің коммунистік дарықшылдығы мен оның ұрандары жалықтырды. Осының барлығы өз үйі жайлы айтпағанда, әлемдік ауқымдағы рұқсат етілетін шектен шығып отырды. Осы тұрғыда Махмет өз сенімдеріне көз жеткізді.

Өзбекстанда студенттер алдында өз ұстанымын айтқаны үшін оқытушылық жұмыстан шығарып тастады. Сол себептен ол Бішкекке көшіп кетті. Жас МҚК-шылар оның дәрістеріне барып, оның сөздерін жазып алып отырды. Әлеуметтік елдерде, капиталистік елдерде-де саяси экономия барлық жерде бірдей деп айтып отырған.

ОЛ ОҚЫТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАСТАУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ

Махметті университетті тастауға мәжбүрледі. Ол Сарбай кен карьеріне жұмысшы болып жұмыс істеуге барды. 1969 жылы осы кенде оны тұтқындады, 10 жылға соттады, оның 7 жылы түрме қамауы және 3 жыл жер аудару (ред. ескерт). Мерзімін Дубравлаг және Владимир түрмесінде өткізді, ал Коми АКСР Ухта қаласына 3 жылға жер аудардылды.

Бостандыққа шыққаннан кейін ол Сібір, Норильск қаласына табысқа кетті. Екі айдан кейін оны МҚК-шылар тауып алды да ол жерде жұмыс істеуге болмайды деп айтты. Ол Алматыға оралды, бірақ оны еш жерге жұмысқа алған жоқ, сондықтан ол Харьков қаласына кетті, ал сол жерден Батыс Германияға эмиграциялады, бұл 70-шы жж. болды.

Харьковта ол баласы бар еврей әйеліне үйленді. Сол уақытта оған Батыс Германиядан шақыру келді. Сонда жұбайы бүкіл отбасын шетелге әкетуді сұрады. Венада олар айырылысты: оның жұбайы баласымен Изральге, ал ол Германияға кетті. Бастапқыда оны тексергенше, ол эмигранттарға арналған лагерьде тұрды. Барлық эмигранттарды МҚК-не қатынасын тексерді. Бір айдан кейін оны тексерді және ол коммунистік жүйеден шынында зардап шеккенін мойындады.

БАТЫСТАҒЫ ӨМІР

Махмет «Азаттық" радиосына жұмысқа орналасты, сол жұмыста ол жоғары білімге ие болды. Ол өте білімді еді, философия, саясаттануды жақсы білді. Дер кезінде ол Пастернак, Граниннмен кездесті. Олар Махметке өмір сүруге қиын болады, қоныс аудару керек деп айтқан болатын және МҚК оған дамыл берген жоқ.

Батыс Германияда ол екінші рет 20-шы жж.қоныс аударған орыс эмигрантының қызына үйленді. Оның есімі Наташа болды, оның екі балалы еді, ол американдық радиостанцияда жұмыс істеді.
Махметтің жұбайы тірі, біз араласамыз, бір-бірімізге қоңырау шалып тұрамыз. Ол бір кездері Махметті құтқарды. 80-шы жж. басында МҚК-шылар сияқты үш адам киініп, Германияға барды, олар оның ізіне түсті, оны өлтіргісі не ұрлап әкеткісі келді. Наташа бір секундқа да оның қасынан кеткен жоқ, сол оны құтқарды, әйтпесе бұл немен аяқталары белгісіз еді.

Германияда тұрып және қазақ радиосында жұмыс істеп, ол КСРО-ны көп сынады деп айтуға болмайды, иә, КСРО туралы жазды, бірақ аз жазды және оның пікірлері дәйекті болды.
Біз онымен біра ауылда өстік, бала кезінен бір-бірімізді білеміз. Сондықтан МҚК бізді туыс деп есептеді. Мен оларға әрқашан былай жауап беріп отырдым: „Біз, бәріміз маймылдан тарағанбыз, барлығымыз туыспыз, яғни МҚК, сіздермен-де туыспыз“. Оның анасы жетім болғаг менің әке-шешем оны тәрбиелеп, күйеуге берді.

МАХМЕТ ҚАЙТА ОРАЛҒЫСЫ КЕЛДІ

Ол үйге қайта оралғысы келді, бірақ Алматыда оның қарсыластары көп болды. Ол өзіне қарсы опасыздық әрекеттерден қорықты. Тағдыр шешуі бойынша, ол туған жеріне оралған жоқ, 2008 жылы ұзақ ауруынан кейін ол қайтыс болды, оны Мюнхен қаласының маңында жерледі.

Мен оны жақсы білдім, әсіресе 1991 жылдан кейін онымен жиі кездесіп отырдым. Біз Италияда, Германияда кездестік, мен олардың үйінде барын отырдым. Махметке мұндай тағдыр түскені өкінішті. Ол үйге оралғысы келді, бірақ қорықты».

Дарынды философ Махмет Құлмағамбетов педагогтан азапты жұмысшыға дейін жолды өткені, Отаннан айырылғаны және соңғы 20 жылды туған жерді, аңсап, қайта оралғысы келіп және бір уақытта қудалау мен лагерьлерден қорыққаны — бұл тағдыр немесе қатал дәуір екені қазір маңызды емес. Оның қасында сенімді достары мен жақын адамдары болғаны маңызды.

Махмет Құлмағамбетовтың қарапайым емес тағдырын бөліскен сенімді достардың бірі — академик Оразақ Ысмағұлов.

«57 жыл бойы мен қазақ халқының шығу тегімен айналысып келемін. 1977 жылы мен „Қазақстанның этникалық геногеографиясы. Қазақтардың қан тобы“ атты кітапты жаздым. Қазақтарды ру мен жүздерге бөледі, олар ДНҚ деңгейі жағынан айырмашылығы бар ма жоқ па екендігін тексергім келді. Мен алынған 7 мың үлгілері негізінде генетикалық жағынан ешқандай айырмашылық жоқ екенін дәлелдедім. Мен тістерді, тері айшықтарын, бет келбетін тексердім — бөлінушілік жоқ. Өзгерушілік бар, бірақ тиісті статистикалық деңгейде ол сараланбайды.

Егер қазақтардың жүздік бөлінуі шын мәнінде болса, мысалы, Қазақстанның Ресейге қосылуына дейін, онда 200–300 жылдан кейін биологиялық мәнде қазақтардың қырғыздар немесе қарақалпақтардың деңгейіне дейін айырмашылығы болуы керек еді. Бірақ олай болған жоқ.
„Қан тобы“ кітабым шыққан мезетінде жағып тастады. Содан кейін 10 жыл бойы мен Одақта жағымсыз тұлға ретінде болдым. Мен өзім МҚК құрбанымын. Әрқашан мен, аңдып отырды, мен экспедицияға да бара алмай жүрдім. Менің ісімді қарастырғанға дейін, бір ай мен Алматы қаласының Калининда МҚК-да отырдым. Сол уақытта менің шетелдік әріптестерім көмектесті, Үндістан, Аляска, Германия, Грекия ғалымдары мен үшін дауыстарын көтерді. Олар мен түрмеден шығарды, бірақ аңдулар аяқталған жоқ.

МҚК капитанының, менімен автобуста да жүргені есімде. Менің оның қасына барып, былай айттым: „Кешіріңіз, сен үшін төлей алмаймын“. Ал ол маған: „Біз тегін жүреміз“, — деп жауап берді.
Мен партияға кірген жоқпын, сондықтан мен Үндістан, Жапония және Америкада конгресстерде болғанда, буржуазиялық идеологияларды алып алдым деп кінәлады.

1982 жылы мен „Антропометрияны“ басып шығардым, алдыңғы кітаппен болған оқиғадан кейін, оны басып шығару қиын болды. Сол жылдары ғылым бөлімінде С.Садуақасов отырған, ол маған көмектесті. Ол мені шақырып: „Сен шынынды айтшы, еңбегін қандай, мен түсінбеймін“, — деп айтты. Мен ештеңені ойдан шығармағанымды түсіндірдім, бәрін айтып бердім. Содан кейін кітабымды басып шығарды. Төрт айдан кейін осы кітап бойынша мен Мәскеуде докторлық диссертацияны қорғадым.

Антрополог Оразақ Ысмағұлов

Қазір мен „ХХ ғ.-біздің заманымызға дейін ХХ ғ. физикалық антропологиясында негізделген қазақ халқының тарихы“ кітабымен жұмыс істеп жатырмын. Осы кітап бойынша көп жұмыс істедім, осы тақырып бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияны қорғадым, ал қазір өз зерттеулерімді бір кітапқа енгізгім келеді. Республиканың әр түрлі облыстарынан 50 мыңға жуық қазақтарды зерттеу үшін және сандық дәлелдер негізінде 40 ғасыр бойы қазақтардың физикалық типі қалай өзгергенін көрсету үшін 40 жыл кетті. Қола дәуірінде 40 жыл бұрын өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда, қазақтар барлық параметрлер бойынша 2/3 -ке өзгерді. Мен оны фактілер негізінде дәлелдедім. Менің жұмысым Қазақстан антропологиясын өте қажет болады, себебі маған дейін бұлай ешкім істеген жоқ».

Людмила ВЫХОДЧЕНКО

05.06.2014