Ж.М. Мәлібеков: «Елтаңбаға бес бұрышты жұлдызды Президенттің өзі орнатты»
04.06.2014 2715
Бүгін 4 маусым Қазақстанда тәуелсіздік, бірлік және қазақстандықтар нышаны – мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні атап өтілуде.

Жандарбек Мәлібеков, Өзбекстанның еңбегі сіңген сәулетшісі, тәуелсіз Қазақстанның елтаңбасын жасап, өз есімін біздің тарихқа мәңгілікке енгізген сәулетші. Кеше, Астана қаласы әкімдігі жанындағы мемлекеттік нышандар жөніндегі Комиссия отырысында ол ҚР елтаңбасының толық нұсқасын және бейне стандарттарын көрсетті, сонымен қатар 1992 жылғы естеліктерімен бөлісті.

Қазақстан Республикасы Елтаңбасы қандай болу керек деген идеяға және оны не символдау керек дегенге қалай келдіңіз?

— Мен 1992 жылы ұлттық саясаттың бағыты анықталмаған және біздің мемлекеттіліктің негізгі жорамалдары құрылмаған кезде елтаңба жасаумен айналыстым. Мен өз халқымның ұлы ретінде ұлы шарадан шеттен тыс қала алмадым. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасын жасауына сайыс жарияланғанда, мен бір жарым ай идея және бейнелерді іздеумен айналыстым. Басқа мемлекеттердің елтаңбалары қалай жасалғанын, неден тұрғанын, оларда не бейленгенін қарадым. Қазақ халқы немен ерекшеленеді, дәстүріміз, тарихымыз қандай екені жайлы ойлай бастадым. Сәулетші ретінде мен киіз үй — бұл мыңдаған жылдар бойы біздің халықпен бірге болған берік-сәулеттілік құрылыс деген ойға келдім. Шаңырағын биік болсын, керегең кең болсын, босаған берік болсын — осы үш түсінік біздің елтаңбада бейнеленген. Солай, мен үш мың жылды санайтын дәстүрлік киіз үйлердің элементтерін пайдаландым. Мен «Алтын Орда» тарихынан көбін алдым. «Алтын адам» уақыты — бұл мемлекеттіліктің және біздің ата-бабаларымыз мәдениетінің гүлденуі. Сонымен қатар мен құтқару және жаумен күресу үшін барлық қазақ халқы біріккен кездегі, Ақтабан шұбырынды қайғылы тарихын қарадым. Содан кейін мен ондаған халықтардың тағдыры біріккен қазіргі Қазақстанның білімін зерделедім.

Бүгінгі күні елтаңбадағы шаңырақтың мағынасын барлығы түсіне бермейді. Бұл республикада өмір сүріп жатқан жүздеген ұлттарға арналған ошақ. Шаңырақ уықтарды көтереді — бұл елді гүлденуге әкеліп жатқан осында тұрып жатқан халық, ол біз.

Елтаңбадағы пырақтар — жай аттар емес, бұл қазақтар үшін ат мағынасының мифологиялық зерделенуі. Кейбіреулерге «елтаңбадағы мүйізді аттар» ұнамайды. Сонымен қатар, мұндай аттар ойдан шыққан жоқ, олар шын мәнінде ежелде біздің жерлерде болған. Жеті сақинадан тұратын пырақтардың мүйіздерінде рухани мән бар — ол тектілікті білдіреді, ата-тегін болу керек, ата-тегін білмесең, тексізсін. Біз дала мәдениетіне сіңіп кеттік және мен оны зерттеуіміз керек деп әрқашан айтып жүремін.

Н.Ә. Назарбаев сіздің елтаңба жобасына өзгертулер енгізді ме?

— Президент елтаңбаны қабылдағанда, бес бұрышты жұлдызды өзі қосты, оның ешқандай діни мағынасы жоқ және Кеңес Одағына еш қатысы жоқ деп айтты. Қазақтарда «әрбір адамның өз жұлдызы болады» деген нақыл сөз бар. Тәуелсіз мемлекеттің өзінің даму жолы барын Н.Ә. Назарбаев анықтады және оны елтаңбадағы жұлдыз бейнелейді.

Бүгінгі комиссия алдында елтаңба бейнесінің қандай өзгерістерін ұсындыңыз?

— Қазақстан Республикасының заңы бойынша әр бес жылда мемлекеттік нышандар стандарттарына түзетулер енгізіледі. Жуырда елтаңбаның түзетілуі болатынын ескеріп, мен мысалы, түсті, кейбір бөлшектерді орындау бойынша, мағынасын сипаттау бойынша кейбір толықтырулар енгіздім. Қазір басылып жатқандардың барлығы бірде бір стандартқа сәйкес келмейді, әркім өз қалауынша елтаңбаны және оның нышандық мағынасын бұрмалайды. Бір кезде дүкеннен сатып алған плакатта былай жазылған: «Біздің елтаңбада түлкі сияқты айлакер және барыс сияқты мықты халық бейнеленген». Ал бүкіл халық түлкі сияқты айлакер емес қой. Бұны елтаңба мағынасының ұғымынан мүлде алыс адамдар жазады.

Қазақстан Республикасы елтаңбасы бейнесінінің стандарттарына толықтырулар енгізу

Түзету кезінде біз барлығын: түсті, әрбір бөлшекті, өлшемін ескердік. Елтаңбаның жаңа түзетуінде «Қазақстан» жазуы анық көрінеді.

Людмила Выходченко