Медицина университеті мұражайына саяхат
15.06.2014 2127
Бүгін Қазақстан дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. Репортажымыз біздің өміріміз бен денсаулығымызға күн сайын жауапты медициналық жұмысшыларына арналады.

«Институт 1964 жылы ашылды. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында осы жерге көп адам келді. Тыңға дәрігерлер қажет болды», -деп әңгімеледі медуниверситет жанындағы мұражай меңгерушісі Омарова Венера Әміржанқызы.

Университет осы жылы 50 жылдық мерейтойын атап өтеді, Венера Әміржанқызы осында оның құрылған уақытынан бастап жұмыс істейді (жұмыс өтілі 48 жыл). Екі жыл бұрын оның жетекшілігімен Астана Медициналық университетінде мұражай ашылды.

Біз мұражайға барар кезде, кунсткамераны, спирттеп тасталған органдар, құтыдағы кемтарларды және тағы басқалары — яғни кезінде студент болған ата-аналарымыз міндетті медициналық дайындықтан өткен кезде көрген нәрселерді көресіңдер деп барлығы да бізді қорқыта бастады. Алайда жаңа медициналық корпуста орналасқан бұл мұражай жоғары оқу орынның жақсы тарихы мен оның дарынды ғалымдары, түлектері туралы мәліметті сақтауда.

Әрине, алғашқы минуттарынан бастап, мұражай әңгімелейтін институттың бірізділігімен таң қалдырады. Түлектердің көбі оқу орнында жұмыс істеуге қалады. 70 жасқа толған түлек-оқытушылар бар. Мысалы, қазіргі ректор Шайдаров Мәжіт Зейноллаұлы да университет түлегі. Қазақстаннан тыс жерлерде әйгілі ғылм докторы, профессор Е. Д. Даленов, травматология ҒЗИ директоры Н. Ж. Батпенов өз кезінде университетте оқыған және ондай есімдерді ұзағынан айта берсек болады.

Медициналық жоғары оқу орындары әр бес жыл сайын аккредитациядан өтеді. Өткен жылы EFQM қауымдастығы университетті төрт жұлдызбен марапаттады. Ал осы жылы жоғары оқу орны жоғары марапат — бес жұлдызды алды. Мұндай құрмет Қазақстандағы медициналық білім мекемелерінің біреуінде-де жоқ.

Пайда болған дәстүр бойынша бірінші курс студенттерін университет тарихымен, түлектер мен оқытушылардың жетістіктерімен таныстыру үшін, абырой мен оқу ықыласын бойларына сіңіру үшін мұражайға «әкеледі».

Медицина жөніндегі осы сирек кітаптардың басылымдарында өз уақыттын ашылулары бар. Әрбір студент оларды оқу үшін ала алады.

Студенттер алдағы істерін бағалау үшін мұнда осындай раритеттік медициналық құралдар ұсынылады.

Қазіргі заман құралдар

Жас дәрігерлерді оқытудың міндетті бөлігі «өліктегі» тәжірибеден тұрды. Алайда медицина өте тез алға жылжып келе жатыр және бүгінгі күні студенттерді тәжірибелік сабақтардан босатты, онда көбі өлік, формалин иістеріне шыдамағаннан талып қалатын. Енді студенттер полимерлік шипамай арнайы әдісімен өнделген органдармен жұмыс істейді.

Ал бұл 1849 жылы ұлы хирург Пирогов құрған анатомиялық атласы, суреттерді Николай Ивановичтің өзі жасады. Осы жұмыста ол тырысқақ ауруумен ауырған кезде ішектерде болатын өзгерістерді толық сипаттаған.

Мұражай өкінішке орай, қайтыс болған және өз артында мейірімді із қалдырған оқытушылар есте сақтауда. Цой дәрігерлер әулетінің негізін салушы Гилен Васильевичтің есімін ерекше мақтанышпен еске алады. «Ол Есіл бойының мэтрі. Біздің аймақтың хирургтары, сонымен қатар институтта оқығандардың барлығы оған қарап, маман болды. Ол ұлы хирург, тамаша диагнозшы болды, диагнозды ешбір анализсіз қоя алатын. Тамаша операциялар жасаушы еді», — деп, әңгімеледі мұражайдың қор сақтаушысы.

Медициналық оқу орны студенттерінің әр түрлі сайыстарда ұтып алған спорт жүлделері мұражайда тұр. Бұл ЖОО-да джиу-джитсудан әлем чемпиондары тәлім алады.]

Дәрігер мамандығы — бұл жұмыс қана емес. Бұл өмір, ойлау салты. Адам өмірін құтқару, ауруларды жеңіп шығуға көмектесу — олардың мойынға алар зор жауапкершілігі. Сондықтан, әрбір дәрігер өмірді ұзарту қабілетінен басқа, мамандық қаталдығының өтемақысы ретінде тамаша әзіл мен әр түрлі таланттарға ие.

Фотогалерея

Людмила Выходченко