ҚР ІІМ Ішкі әскер (Ұлттық гвардия) мұражайы
24.06.2014 2324
ҚР Ішкі әскері 1992 жылы 10 қаңтар күні ел Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылды. Алайда Ішкі әскер өз тарихы сонау 1917 жылдан бастау алады.

Сол кезде бірінші жасақталға отрядтар қазан революциясында Смольный қаласын күзетті. Бұл Свердлов атындағы бронедивизион болатын. Сосын Петербургтегі үкімет пен Мәскеудегі Кремльді қорғады. Бертін келе бронедивизион бай-құлақтар мен басмашылар көтерілісін басуға қатысты.

1920 жыл Қазақ даласында Ішкі әскердің құрылған жылы болып табылады. Орал казак фронты талқандалды, Әскер басшылығымен соғысты жеңудің мүмкін еместігі билікке айқын бола түсті. Сол кезде оралдықтар большевиктермен айқасты өз қолдарына алды.

Бұл қолдан жасалған түпнұсқа жалауға 80 жыл. Ол Қызылорда қаласында орналасып, Оңтүстік Қазақстан, Түркіменстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Тәжікстаннан басмашыларды айдап шыққан ОГПУ-дың Қарқаралы полкіне тиесілі.

40-жылдардың басында күллі Кеңес одағы бойынша 1946 жылы КСРО ІІМ айналған ІІХК қызметке шақыру кең етек жайды. Мысалға алсақ Ішкі әскердің Алматы жедел полкі бүкіл қаруымен Комсомол шыңының ұшар басына шықты. Атты және шаңғылы саяхаттар да ұйымдастырылды. ОГПУ-дың бес сарбазы 40 градус аязда Байкалдан Мурманскіге дейінгі 3000 шақырымды шаңғымен жүріп өтті.

Ол кезде ІІХК құрамына шекара әскері-де кірген болатын. Сол себепті-де 1939 жылы Жапония Халкин-Гол көлі арқылы Моңғолияға басып кірген кезде ішкі әскерлер шекарашылар кейпінде соғыс ошағына жіберілген еді. Фин соғысына да бірінші болып қатысты. ҰОС бірінші болып алдыңғы қатарға шыққан осы ІӘ жауынгерлері болатын. Аты мәшһүр Брест қорғанын ІІХК 132-арнаулы батальоні қорғаған болатын.

Бұл фотоның тарихы бәріне таныс. Брест қамалы үшін, ақтық демі қалғанша жанталасқан үш сарбаздың қабырғаға «Біз өліп барамыз, біз үшеу едік» деп қашап жазып кеткен. Бұлар жоғарыда жазып кеткен ІІХК 132-арнаулы батальонының сарбаздары болатын.
Белгілісі ІІХК әскерлері соғыстың ең қанды қырғындарына қатысқан. Олар Ленинградты қорғады, Мәскеу түбі мен Сталинградтта, Курскіде, Севастополде соғысты. «Соғыстың ең қауіпті аудандарына ішкі әскер сарбаздары жіберілді, ал біздің тапсырма — тылды диверсанттардан қорғау болатын»,-деді Ұлттық гвардия(ҚР ІІМ ІӘ) мұражайының меңгерушісі, запастағы полковник И. И. Графкин.

Иван Ивановичке «ІІХК мұндай даңқты әскери тарихы бар деп ойламаппын, жайшылықта ІІХК десе 30 жылдардағы репрессия есімізге түсетіні жасырын емес» дедім.

Полковник ІІХК қара таңбасы өшпейтінін, бұл жерде фактілердің бұрмаланғанын жеткізді. Ол көптеген әскерилер секілді бұл құбылыспен 90-шы жылдары өзі бетпе-бет кездескен. «Сол уақытта оқиғалар батыры келмеске кетті, бізді „жазалаушы, иттің балалары“ деп атай бастады. ТМД елдеріне хаос 1993 жылы келді әскери киімдегі ер азаматтарды ұрып-соғып, автобустан лақтырып жіберіп жатты»,-деп еске алады запастағы полковник.
90-шы жылдар Қазақстанда әскерилер үшін өте ауыр кезеңдер болды. Елде ішкі әскерді енді құрып жатты. Әскерилер ауыр жағдайларда өмір сүрді: ақша берілмеді, казармада жылу болмады, тамақ жетіспеді. Оның үстіне әскерилер Ош қырғынына, Таулы Қарабақ пен Тәжікстанға тәртіп орнатуға жіберілді.

«Спитакта жер сілкінісі болғанда ішкі әскерлер көп көмек көрсетті. Осындай қиын жағдайларда мемлекеттік мекемелерді қорғау — басты міндеттердің бірі болды, себебі тонаушылар мен қарақшылар пайда бола бастады. Маңызды стратегиялық орындарға бір сарбаздан қойып отырды, адам жетіспеді. Менің қарамағымдағы бір сарбаз су, тамақсыз бір тәулік бойы күзетте тұрды. Күзет орнында оны ауыстырғанда, оның үш оғы ғана қалыпты, ал айналасында жиырмаға жуық өліктер жатты. Ол „Сбербанк“ бөлімін күзеткен болатын — деді полковник Иван Иванович».
Мұражай меңгерушісі 1995 жылы 7 сәуірде болған оқиға жайлы айтпай кете алмады. Б. Б. Джанасаев басқарған 100 адамнан тұратын қазақстандық құрама батальоны Тәжікстандағы Пшихавр шатқалын өткен кезде оларды таудан пулемет және гранатометтермен атқылаған. Сол тең емес шайқаста 17 қазақстандық жат жердегі тау шыңдарында қаза тапты.

Оқ тескен бұл заттардың иегелері бүгінде тірілер қатарында жоқ.

Қазақстан Ішкі істер мұражайы тарих пен экспонаттарға бай, бірден барлығы жайлы айта алмайсың. Осында әрбір бөлімшеге бөлек стенд арналған. Әрбір бөлімше жайлы айтатын нәрсе көп, әрбіреуінің өз қаһарманы бар.

КСРО құлағаннан кейін Қазақстанға қажет болған Ішкі әскерлердің маманданған әскери училищесі құрылуы туралы бірнеше стенд әңгімелейді. 1991 жылы офицерлер туысқан республикаларға тарап кетті және ел кенеттен офицер кадрларының жетіспеушілігін сезіне бастады. Қазақстандық офицерлерді дайындау қиын болды. Алдымен курсанттар Ташкент қаласында білім алды, содан кейін Шекара училищесі жанындағы арнайы ашық факультетте білім алу мүмкіндігі пайда болды. Тек 1997 жылы Петропавл қаласында Ішкі әскерлер әскери училищесі ашылды. Оны Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаев ашты. Қазір бұл ҚР ІІМ ІӘ Әскери институты деп аталады.

Бірінші оқуға түскен курсанттардың сабақ кестесінің көшірмесі.

Әскери институттың оқулықтары.

Ербол Отарбаевтың ерлігі жайлы естімеген қазақстандық жоқ шығар. 2011 жылы әскер қатарына шақырылған жас жігіт, өзінің әскери міндетін алыс даладағы мұнара басын күзете жүріп өткерді. Ақтаудағы қатаң режимдегі түзеу мекемесінен қашпақ болғандармен, жараланғанына қарамастан жібермей жанталасып, автоматын қолынан тастамастан атысып бақты. Қылмыскерлер жиырмаға жуық болса ол жалғыз еді. Қараңғы түнде сарбаз қосымша топ келгенше, ұрысты жалғастырды. Әскери борышын атқарған кездегі ерлігі мен қайсарлығы үшін оны Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі марапаттады.

«Ол өте қарапайым ауыл баласы. Оны марапаттауға әкелген кезде, ол жарақаттарынан толық жазылмаған да еді. Мен оған мұражайымыздағы осы бұрышты көрсетп: «Сен қаһармансың!" дегенімде, ол өзін нашар сезіне бастады. Өз-өзіне келгеннен кейін „Мен өзімді батыр деп санамаймын, ротамыздағы әрбір сарбаз осылай жасар еді“ деді. Қазір ол Әскери институтта оқиды, бөлімше командирі», — деп И. И. Графкин әңгімесін түйіндеді.

ҚР Ішкі әскерлер мұражайы 2007 жылы Астана қаласында ашылған. Экспозициялардың кеңейту жоспарлануда. Мұрағат материалдары мен құжаттар қоры толығары сөзсіз. Тарих әрдайым бір орнында тұрмайды. 

Бірнеше ай бұрын ҚР ІІМ Ішкі әскерлері Ұлттық Гвардия деп өзгертілді.
Алайда әскер атауы өзгерсе-де, уақыт талабына сай әскери қызмет талабы бұрынғыдай: адал қызмет, өз отанын сүю, қиыншылықтарға ер жігітше төзу және келешек жастар үшін тәлімді үлгі-өнеге көрсету.

Людмила Выходченко
Фото: Максим Парпура