«Меніңше қазақ күресі әрқашан алдыңғы қатарда» Сәрсен Құранбекпен сұхбат
29.06.2014 2214
Өткен жылы қазақ күресіне арналған алғашқы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тарихшылар, археологтар, спорт мамандары күрестің өткені мен қазіргісін және болашағын талқылады.

Осыған орай Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы С.А. Құранбектен сұхбат алған болатынбыз.


Қазақ күресі  жайлы айтып беріңізші

-Менің есебімше, көшпенділер мәдениеті неше мыңжылдықты құраса, күрес тарихы да сонша мыңжылдыққа тиесілі. Бәсекелес тайпалармен соғыстарда, адамдар мықты және шыдамды болуы тиістін. Олар қару қолдану мен күрес (жекпе-жек) әдістерін жақсы меңгерулері қажет болатын. Қазақ күресі ұлттық әскери техникамен өзара тығыз байланысты.

«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» эпостарында қазақ халқының күрес өнерінің барлық түрлері толық сипатталған: найза қолдану (сайыс), қылыштасу, шоқпар, айбалта, аударыспақ (ат үстіндегі күрес). Бейбіт уақытта осымен айналысу тойларда: бәйге, аударыспақ, қылыштасу, сайыс және күрес міндетті дәстүр еді ау. ХІХ ғасырға қарай әртүрлі мерекелерде бәйге мен күрес қана өткізіле бастады.

Тарихшылардың есептеуінше ұлттық күрес б.з.д. V-IV ғғ. қалыптасты. Қазақ күресі әрқашан болды деп есептеймін. Ал осы уақыт аясында сайыстың дайындығы мен өткізілудің негізгі ережелері қалыптасты.

Уақыт озған сайын қазақ күресінің ережелері таңқаларлықтай өзгерді ме?

Иә, әрине. Қазақ күресінде өзге түрлері көп болды. Бірақ күрестің негізгі ережелері келесідей болды: жалаңаш кеудеге, белдік буынып күрес барысында (палуандар бір-бірін белден ұстап күрессе), қарсыласты аяқтан ұстауға болмайтын.

ХХ ғасырда палуандар үстіне киім кие бастады - ал ғасыр соңында көпшілік мақұлдауымен бірыңғай форма жасап шығарды. Авторы - профессор Елеумес Әлімханов еді. Ол балуанның жаңа формасына балуан торғауыт атауын берді. Торғауыт – берен сауыттың бір түрі.

Қазақ күресінің басқа күрес түрлерінен басты айырмашылықтары қандай?

-Партер жоқ, яғни жатып күресуге болмайды. Балуандар тұрып күреседі. Қазақ күресінің басты ерекшелігі – егер сенің тізеңмен, қолмен жерге тисең, жеңіліс белгісі. Бір рет тисең де саналады. Бірақ ерекшеліктер де бар, балуандарға 3 рет қана жерге тиюге рұқсат берілді.

1990-шы жылдың соңынан бастап, балуандарды дайындау және сайыстарды өткізудің бірыңғай ережелері енгізілді.

Қазақ халқының ұлттық күрес институтының қалыптасуы тәуелсіздік алғаннан кейін басталды ма?

-Жоқ күрес әрқашан болды. Алайда қазақ күресі немесе қазақша күрес атауы болған жоқ. Кеңес Одағы құрылғанда біздің күрес әдістеріне көбі мүделлі болды. Елге келіп, зерттей бастады. Мысалы, самбоның негізін қалаушы Харлампиев Орта Азия халықтарының күрес түрлерін зерттеді. Самбо ешқашан спорт болған емес, ол дзюдоға қарама-қарсы ойлап табылды.  Самбо – бұл өзін-өзі қорғау. Оның негізін Орта Азия халықтарының күресі құрайтынына тарихшылар сенімді.

Самбо күресі

Түркімен, татар, қырғыз, өзбек күресі элементтері самбода бар. Біздің күреске қызығушылық танытқан адамдар көп болса керек. Күрес түрлерін айыра білу үшін қазақша, татарша, түркменше және т.б. айтыла бастады. Орта Азия халықтарының күресінің тамыры бір және оған атаулары дәлел болады. Алайда әр халықтың ерекшеліктері бар: кейбіреулерінде белді ұстауға болса (қырғыз, түркмен, татарлар), ал кейбіреулерінде ондай ереже жоқ (қазақ және моңғол күресі).

Қазақша күрес немесе қазақ күресі дейміз қалай айтқан дұрыс?

Екі атау да дұрыс емес деп есептеймін. Бұл саяси атау. Спорт – бұл бейбіт, келісім, ол ешкімге қысым жасамауы керек. Мысалы, орыс, қазақ немесе жапон күресі болғандықтан ғана оны дамытуға болмайды. Күрес – дене шынықтыру және спортпен айналысуға адамдарды шақыру құралы, мінезді қалыптастыру, қорғанысқа дайындау. Алғашқы атауы күрес болды, сол атауды 90-шы жылдардың басында қалдыру керек еді. Бірнеше себептерге байланысты біз алғашқы атаудан алшақтап, ұлттық күресімізге қазаша күрес, содан кейін қазақ күресі деген атауды бекіттік.

Шадооба күресі

Моңғол күресі

ХХ ғасырдың басында француз және американ күресі болды, қазір олар мүлде жоқ. Грек-рим күресі бар, ол нақты бір ұлтқа жатпайды, ол мәдениет көнелікке жатады. Тек посткеңестік елдер кеңістігінде ғана күрестің түрлері белгілі бір ұлтқа телінеді. Бұл украин, белорус, татар, қазақ, өзбек және т.б. ұлттар күрестері. Ал біз дзюдоны жапон күресі деп айтпаймыз ғой, бұл қай ұлттыкі екенін барлығына біледі. Монғолдарда күресті өз атауында қалды - грузиндерде – шадооба, түріктерде  майлы күрес, аба күрес, пышақ күрес деп аталады, бірақ ол түрік күресі деп аталмайды ғой.

Қазір қандай атауды пайдалану керектігін айта кетсеңіз?

Әзірше ресми түрде қазақ күресі деп аталады. Басқа тілдерге аударғанда бұл атау кейбір қиындықтарды туғызуда. Мен Федерацияға атауды өзгертуге ұсыныс жасадым. Алайда тарихи күрес атауын біз пайдалана алмаймыз, себебі кураш күресі жабық азия ойындарына енгізілген. Біріншіден, ерекшелігі неде екенін түсіндіру ұзаққа созылады, екіншіден, біздің күресті өзбек күресімен біріктіруі мүмкін. Ал теңдік басымдылыққа шыдамайтынын өзіңіз де білесіз.

Алдымызға орасан зор мақсаттарды қоюдамыз алдымен, Азия ойындарына, содан соң Олимпиада ойындарына түскіміз келеді. Сондықтан ең алдымен күрес атауынан бастау алу қажет.

Қазақ күресін Қазақстаннан басқа әлемнің қай елдері дамытып жатыр?

Бізде Азияның 9 чемпионаты, әлемнің 4 чемпионаты, Еуропа чемпионаты, екі рет әлем Кубогы өтті. Бүкіл посткеңестік елдері, Қытай, Түркия, Германия, Польша, Франция, Дания, Америка, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Африкада – осы елдердің барлығында біздің күреске деген үлкен қызығушылық байқалады. Аталған елдердің балуандары біздің чемпионаттарға қатысуда. Әлемдегі 40 елдің спортшылары қазақ күресі бойынша әлем чемпионатына қатысты. Ал Азия ойындарына кіру үшін біз ұлттық күресті Азияның 25-тен кем емес,ал Олимпиада ойындарының бағдарламасына ену үшін қазақ күресін әлемнің 80 елінде  дамытуымыз керек.

Қырғызстан, Тәжікстанда қазақ күресі Федерациясы жұмыс істейді, өкінішке орай мысалы Африкада мұндай Федерация жоқ. Ол жерде қазақ күресі жеке ұлттық күресі аясында дамып келе жатыр, оларға қызық, сол себептен олар біздің күресті зерттеп отыр. Қытайда күресті сол жақтағы қазақтар дамытып отыр. Монғолияда дәл сондай жағдай. Ресейде күресіміздің дамуында ешқандай мәселе жоқ.

Қазақ күресімен айналысатын спортшы әр елдің күресінен өтетін жарыстарға қатыса алады деп оқыдым. Бұл шынымен солай ма?

Біз самбоға ұқсап кеттік дегенді бізге жиі айта бастады. Бірақ біз самбоны қайталамаймыз, біз дзюдоға ұқсас болып қалған жоқпыз. Самбо біздің күрестен көбін алды. Дзюдо да біздің күреске ұқсас болды, себебі ол ХХ ғасырда ғана пайда болды. Дзюдоның негізін қалаушы ежелгі жапон күресін негізге алды, бірақ Олимпиада ойындарына кіру үшін спорттың жаңа заманауи түрін ойлап тапты.

30-шы жылдары қазақтарды «жапон тыңшысы» тармағы бойынша айыптағаны есіңізде ме? Кім біледі, бірақ менің ойымша бір жерде тікелей араласуы болды. ХХ ғасырда басында Қазақстанға жапондықтар келіп, біздің жерді шарлап, бәрін зерттеді де жазып алып отырғаны жайлы оқыдым. Ал самбода шынымен Орта Азия халқының күрес әдістері бар, оны тарихшылар дәлелдеді.

Сондықтар, біздің балуандар самбо мен дзюдо бойынша жарыстарға қатысып жүр. Үшкемпіров пен Тұрлыханов қазақ күресінен бастады. Қажымұқан да күрестен әлем чемпионы.

Бұрын бізде: ауылда кешқұрым  ақсақалдар шығып сұрайтын: Сен кімнің баласысың? Ал сен кімнің баласысың? Қанекей, күресіңдер дер еді. Әрбір қазақта күреске деген икемділік бар. Ешқашан күреспен айналыспаған 15-16 жастағы балаларды залға әкеліп бірнеше әдістерді көрсетсе, олар бірден ұғып алады.

Жақсылық Үшкемпіров (сол жақта), 1980 жылғы Мәскеудегі Олимпиада ойындары

Дәулет Тұрлыханов, 1988 жылғы Сеулдегі Олимпиада ойындары

Дзюдо біздің күрестен көбін алды. 70-80 шы жылдары осы күрестің түрі олипиада ойындарына енгізілді. Олардың әдістері көп болған жоқ, ал біздің балуандар қалай күресетінін көрген кезде, олар фотосурет пен видеоға түсіріп, әдістердің қалай жасалатынын жазып алды.

Түрік халқының күресі әлемге көбін берді.

Қазақ күресі бойынша қазіргі чемпиондар жайлы айтып беріңізші

-Олар өте көп. Қазір бізде алты салмақтағы категориялар бойынша жарыстар өткізіліп жатыр. Халық өз чемпиондарын біледі, оларға теңелуге тырысады, балалар оларға ұқсағысы келеді. Мысалға айта кетсем: Абзал Арыстанбеков, Бейбіт Ыстыбаев, Ерсін Мухамеджанов, Ұлан Рысқұл, Әйбек Нұғымаров және т.б.

Айбек Нұғымаров

Ұлан Рысқұл

-Жаттықтырушылар залға келген балалардан болашақ балуанддық қабілетті қалай байқайды? Қазіргі уақытта аймақтардағы қазақ күресі қалай дамуда?

-Шынымен де, баланың күреске деген қабілетін көре алатын жаттықтырушылар болады. Мысалы, Айбек Нұғымаровты  балуан бола алмайды деп айтып жүрді, ал оның жаттықтырушысы оған сенді, соңында оны тәрбиелеп, одан чемпионды жасады.

Барлық аймақтарда қазақ күресі Федерациясы бар, мыңнан астам жаттықтырушылар жұмыс істейді, 97 мыңнан астам адам тұрақты түрде ұлттық күреспен айналысады. Осы жылы Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында қазақ күресі бойынша алғашқы аудандық федерациялар ашылды. Келесі жылы қазақ күресінің федерациясы республиканың барлық аймақтарында ашылуы үшін және республика чемпионатына ауыл және аудан спортшылардың жиналуы үшін қолдан келгенін барлығын жасап жатырмыз. Елдің барлық аймақтарында дарынды балаларға арналған арнайы спорт мектеп-интернаттары бар, біз сол мектептерде ұлттық күрес секцияларын ашқымыз келеді. Егер біз осындай жылдамдықпен жұмыс жасасақ, қазақ күресі Қазақстандағы нөмірі бірінші спорт болады.

Бұл қымбат залдардың салынуын талап етпейтін, өте қолжетімді спорт түрі. Арзан тұратын кілем мен арнайы күрес формасы болса жеткілікті.

-Қазақ күресін дамыту үшін ғана емес, қылыштасу, жекпе-жек, алыпсоқ және т.б. сияқты ұлттық спорттарды дамыту үшін қазіргі уақытта не қажет?

-Ең алдымен күресті жандандыру үшін, ұлттық спорт түрлерінің мамандарын дайындау керек. Ұлттық спортты насихаттап, алға жылжыту қажет деп ойлаймын. Адамдарды қатыстырып, қызықтыру үшін спорт көріністі болу керек. Сонымен бірге, әрине, қаржы көзі болуы тиіс.

2011 жылы құрылған «Қазақстан барысы» қорының қызметі жайлы айта кетсеңіз?

-Қордың құрылу идеясын Арман Шораев ұсынды, «Қазақстан Барысы» жарысының идеясы да соныкі. Мен оған алғашқы күндерден бастап, осы идеяны жүзеге асыруға көмектесіп жүрмін. Өткен жылы ол қазақ күресі Республикалық Федерациясының президенті етіп сайланды.

Қазақ күресі – бүгінгі күнде өз өмірін спортпен байланыстыратын адамдар үшін әлеуметтік саты болып табылады. Сол уақытта біз ұлттық күресті жаңа деңгейге көтереміз. Біз оны ұлттық идея ретінде бағалаймыз, қазақ күресі Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтарды біріктірсе екен дейміз. Өткен жылы Виктор Демьяненконың қалай күрескені және оны қазақтар дың қалай қолдағаны есіңізде ме.

Қазақ халқы әрқашан төзімді болған. Қазір тәуелсіз елміз, бейбіт және келісімде өмір сүру үшін барлығын жасаған дана Президентіміз бар. Мемлекетімізді танымал етіп жасау  үшін спортты дамытуымыз қажет, қазақ күресі Азия ойындары мен Спартакиада, Халықаралық олипиада ойындарының бағдарламасына енсе, мұны жасай алар еді деп есептейміз. Қазақ ұлттық күресі елдің бренді бола еді.

Өткен жылы әлемнің 120 елінде көрсетілген «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өткізілді, сол үшін біз бағдарламаға шоудың элементтерін қостық. Адамдар сүйсіне қарағанымен, бірақ тікелей эфирдің 7-8 сағатына  бұл қиын.

Біздің мақсатымыз – елдің ішінде ұлттық күресті жаңа деңгейге көтере отырып  оны шетелде танымал ету.

Алдағы чемпионаттан не күтесіз?

Осы жыл турнирынан жаңа чемпионды және көрерменге ұсынар көріністі күресті күтеміз, бірақ бұрынғы чемпиондардың біреуі жеңсе де, қарсылығымыз жоқ (күледі). Күрес әділ өту үшін барлығын жасаймыз. Өткен жылы төрешілікке байланысты ұнамсыз жағдай болды, бірақ біз осы уақытта  үлкен жұмыстар жасадық. Біз төрешілерге арналған семинарды өткіздік, осы турнирді  6 төреші бақылайды, оларға біздің қояр талаптарымыз қатал болмақ.

Людмила Выходченко

Аударғандар:

Айгерім Оспанова

Олжас Беркінбаев

01.07.2014 ж.