Моңғолия қазақтарында қонақта
02.07.2014 2520
Профессор С.Е. Әжіғали Моңғолияға барып, қазақтардың қалай өмір сүріп жатқанын, туған тілде сөйлейтіндігін және тарихи отандарына оралуға деген ниеттерін біліп қайтты.

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология Институты этнология және антропология бөлімі шет елдегі қазақ этникалық топтарының мәселесімен он жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді, болашағы зор бағдарламаға бөлім меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали жетекшілік етуде.

Соңғы уақытта осы мақсатта алыс жақын шетелдерге ғылыми іссапарлар жүйелі түрде ұйымдастырылуда.

2013 жылы Моңғолия мен Қытай елдеріне кешенді түрде ұзақ экспедиция жасалды.

2013 жылы 24 шілде 5 қыркүйек аралығында Моңғолия еліне жасалған экспедиция барысында зерттеуші-этнологтар тобы Моңғолияның орталық, солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс бөлігіндегі елді мекендердегі қазақтар жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Баян-Өлгей аймағынан тыс қазақтар тұратын: Баян-Өлгий, Төв аймағы (Угтаалцайдам, Эрдэнэ сомондары, Налайх қаласы), Сэлэнгэ аймағындағы (Шарынгол, Хонгор, Дархан), Хэнтий аймағындағы (Шандыгын, Бэрх), Ховд аймағындағы (Уенч, Булган) аймақтары зерттеу обьектісі болды.

Мүмкін, біздің тұрақты оқырмандарымыз үшін ғылыми кешенді экспедиция барысында байқалған кейбір байқауларымен танысу қызықты болатын шығар.

Ұланбатор көшелерінде

Моңғолия — шағын ел, оның тұрғындарының саны үш миллионға да жетпейді. Қазақтар — осы елдегі шығу тегі моңғол емес жалғыз этникалық ұлт. Захчин, дэрбэт, бурят, урянхай, торғауыттардың тілдері бөлек сонымен қатар халха-моңғолдарға қарағанда кейбір мәдени ерекшеліктері бар, сондықтан олар да осы категорияға жатқызады.

Жергілікті қазақтардың пікірінше, Моңғолия — берекелі, Құдай қарасқан жер. моңғолдар Ресей және Қытай сияқты екі алып мемлекеттің ортасында орналасса да, халық ретінде өз жерлерін сақтай алды.

Социалистік кезеңдегі ел басшыларының даналығы мен көрегенділігінің арқасында ел қайта құру кезеңдерінде көшпелі өмір тәртібін сақтап қала алды. Мал шаруашылығының барынша дамуы — жайылымның кеңдігі, қажетті құрал-саймандар секілді шаруаларға ыңғайлы жайттарға Моңғолия үкіметі тарапынан күні бүгінгі дейін ешқандай бөгеттер болған емес.

Сондықтан осы уақытқа дейін сақталған көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының арқасында моңғол халқы ешнәрсеге мұқтаж емес.
Моңғолиядағы қазақ мектептері тек Баян-Өлгейдегі — қазақ аймағында ғана жұмыс істейді. Мұндағы барлық жерде қазақ тілі мен музыкасы естіледі. Баян-Өлгейден тыс басқа моңғол аймақтарында қазақ мектептері жоқ, сондықтан кейбір қазақ жастары моңғол тілін қазақ тілін жақсы біледі. Біздің орыс тілінде жиі сөйлегенімізді байқаған, әңгімелесушіміз бірі, Ұланбатор тұрғыны, жүргізуші Өнерхан байқап: «Жуықта арада әр елдегі қазақтардың өзара түсінісуі үшін аудармашы қажет болады» деді.

Мұндайды тәжірбиемізде-де кездестірдік. Моңғолияда қазақ жастарымен әңгімелескенде өзара түсінісу үшін, ағылшын тілін-де қолдандық.

Жергілікті қазақтар Қазақстанмен тығыз байланыста. Көбісінің туыстары Қазақстанда тұрады. Сондықтан Моңғолиядағы отандастарымыз өздерінің тарихи отанына келген кезде барлық ірі қалаларда болып қайтуға тырысатын көрінеді.

Жергілікті қазақтар Қазақстанның қоғамдық өміріне қатысқылары келеді. Елдің батысында орналасқан Буғыл тұрғыны (Ховд аймағы) 66 жастағы Санақ Қошпанұлы Дүниежүзі қазақтарының бүкіл әлемдік құрылтайына негізінен Баян-Өлгейдегі қазақтар ғана шақырылатынына наразы.

Моңғолияның басқа аудандарындағы қандастарымыз шетелдік қазақ диаспорасы мен қазақстандық қоғам үшін маңызды іс-шаралардан тыс қалуда.

Моңғолия қазақтарымен кездесу

«Қазақстанға көшкілерін келе ме?» деген сұраққа: әлеуметтік ахуалы тұрақты, адамдар көшке асықпайтынын айтты. Угтаалцайдам сомонының (яғни аудан) тұрғыны 57 жастағы Батолзий 1991 жылы Қазақстанға көшуге талпыныпты. Ол кезде көшуге үгіттеген адамдар келіп, қалауы бойынша елдегі кез-келген аймаққа қоныстандыруға уәде беріп, нақты қайда екенін жазуды сұрайды. Балтозий Семейге баруды қалап, қажетті құжаттарды жинаса керек.

Брақ Ақтөбеге қоныстануға ұсыныс айтады. «Мүмкін, мен онда бекер бармаған шығармын. Бірақ кейбір, ағайындар жаңа қоныстағы қиыншылықтарға шыдамай қайтып келген еді», — деген Батлозий ішкі мұңымен бөлісті.

Бір кездері Моңғолиядан өзінің тарихи отанына оралған қазақтардың үлкен бір тобы бір жылдай моңғол үкіметіне қайта оралу өтінішімен арызданды. Моңғолияда бұл жағдай жайында жазғырып жатты: «Барлық жерде қиыншылықтар бар, Қазақстанда жиі боламыз, онда бәрі жаман деп айта алмаймыз» деп ойын қорытындылай кетті.

Шарынғола маңындағы жайлаудағы қыз ұзату тойы

Моңғолия қазақтары соңғы кездері Қазақстандағыдай ислам дінінің әсерін сезіне бастады. Хонгор сомонының тұрғыны, 75 жастағы Зұлқарнай Бекбайұлының айтуынша қазіргі жастар дінге бет бұрып, қарт адамдар бас-басына намазға жығылуда.

Ұланбатор маңында орналасқан Налайха қаласында жуырда медреседе оқитын оқушылар үшін жатақханасы бар үлкен мешіт ашылған. Оның құрылысына түрік тарапының — «Дос» атты діни ұйымы қаржыландырыпты.
Өткен жылдың 12 сәуірінде мешіттің ашылу салтанаты өтті, оған Түркия премьер-министріР. Т. Ердоғанның өзі қатысқан. Мешіт ғимараты екі қабаттан тұрады, бірінші қабатында налайхо-кония мәдениет орталығы мен Монғолия мұсылмандарын бірлігінің жергілікті кеңсесі, екінші қабатта — жеке ғибадатхана орналасқан.

Мешіттегі мұсылман әдебиеті негізінен моңғол тілінде. Уағыздар да негізінен моңғол тілінде айтылады. Мешіт қызметкерлері: жақын арада Баян-Өлгейден қазақ тіліндегі діни әдебиеттер мен Налайх жаңа мешітіне имамдар әкелу мақсатында Қазақстанның Бас мүфтиімен келіссек деген өздерінің болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

Олар дін сабақтарын өткізіп, сонымен қатар қазақ тілін үйретер еді. Бүгінде Налайхта бір будда ғибадатханасы, екі мешіт және дәстүрлі емес бағыттағы жеті христиандық жиылыс орны бар екен.

Яғни рухани күресте елеусіз түрде маңызды бәсекелестік жүріп жатыр. Адамдарды мешітке шақырғанда, ең алдымен, дін қызметкерлері Налайхтағы қазақ ауданының әрбір тұрғына көңіл бөліп отырады.

Экспедиция қатысушылары Шарынғол тұрғын үйінің ауласында

Ғаламдық процесстер жергілікті ортаға белсенді түрде енуде.
Налайха тұрғыны, 35 жастағы Төлеген Сатыбас паэур-лифтингпен кәсіби айналысады, халықаралық жарыстарға қатысып жүр.

Ол Қазақстанда жиі болады, сондықтан оның сөйлеу мәнері қазақстандық: Монғолия және Қытай қазақтарына тән емес орыс сөздерін қосып, сөйлем соңына екпін түсіре сөйлейді.

Төлеген — жергілікті кәсіпкер жолдастарымен шахта қазып, көмірді өндіреді. Тиісті жарналарды төлеп және рұқсат алсаң Монғолияда минералдар өндіруге әбден болады.

Бұдан басқа оның Дубайда да өз бизнесі бар — сонда барып демалатындарды тасып, жайластыруға көмектеседі. Қазақстандықтармен салыстырғанда, моңғол туристері бұл елді енді ғана игеріп жатыр. Төлеген сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.

Шетелдерге сапары оған өз әсерін тигізгені анық, атлеттерге тән дене пішімі ғана емес, күнделікті киім киісі-де оны топтан ерекшелеп тұр.

Моңғолиядан үйренер тұстар көп екен. Мысалға айтсақ, бізге кездескен әрбір қазақ бірде бір моңғол жергілікті қазақтардың этникалық намысына тиер сөз айтқан жоқ деп бізді сендірді. Олардың барлығы да «моңғолдар олай жасамайды», «ешқандай жағымсыз қылық көрсеткен жоқ», «мұндай қадамға бармайды» деп нық сеніммен айтты. Моңғол халқының біздің қандастарымызға деген табиғи бейбітсүйгіштігі мен мейірімге толы қарым-қатынасы үшін ризашылық сезімі пайда болды. Диаспора өкілдерінің жергілікті халық жайлы мұншама жылы пікір білдіруі сирек кездесетін жайт шығар.

Яғни Монғолиядағы тұрмыстық ұлтшылдық жоқ деп айтуға болады.
Дәлірек айтсақ мемлекет ашық, жабық ассимиляциялық саясат жүргізбейді, бірақ этностар арасындағы тұрақты қарым-қатынастардың нәтижесінде мәдениеттер табиғи араласып және қазақтар диаспорасының моңғолдануына алып келеді.

Көшпелі өркениет мұрагерлері қазақ пен моңғол ділдерінің ұқсастығы туралы айтуға болады. Қаһармандыққа толы тарихы бар, бірақ мейірімді және, ақкөңіл халықпен көршілестік Моңғолиядағы қазақтардың діліне өз белгісін қалдырған.

Бірақ өз дамуында ел артта қалып отыр, алайда соңғы жылдары Моңғолия экономикасының өсуі жақсы нәтиже көрсетіп отыр.

Гульмира ОРЫНБАЕВА, т.ғ.к., Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері

Орыс тілінен аударғандар:
Олжас БЕРКІНБАЕВ
Айгерім ОСПАНОВА

Басты фотосурет:
alex-traveler.livejournal.com