Мәдени серуен: Халық музыкалық аспаптары музейі
01.08.2014 3771
Іші ән мен күйге толы ғимаратқа кіргенде, өзіңді қазақ даласында ән шырқап күй шерткен Ықылас, Құрманғазы, Дина Нұрпейісованың заманына келгендей сезінесің.

Қазақ халық музыкалық аспаптарының музейі алғашқы рет келушілерге өз есігін 1980 жылы ашты, отызжылдық тарихы бар музей бүгінгі күні ел мақтанышы, республикада баламасы жоқ қазақ музыкалық мәдениеттің асыл қазынасы болып табылады. 

Сонымен бірге музей ғимараты Қазақстан тарихы мен архитектурасының құнды ескерткіші болып саналады. Верный қаласындағы қоғамдық құрылыстың ағаш сәулет өнерін 1908 жылы атақты сәулетші А.П. Зенков жобалаған.

Музей ХІХ-ХХ ғасырларда атақты қобызшы Ықыластың құрметіне аталды, ол халық шығармашылығының тазалығы мен әр түрлі ұлттық аспаптардың сақталуын насихаттаған еді.

Ықылас (1843-1916 жж.)

Бүгінгі күні мұражай қазақ халық аспаптарының және әлем халықтары аспаптарының бірегей жинағын ұсынады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған ежелгі қазақ халық музыкалық аспаптары, ТМД және әлем халқының музыкалық аспаптары жинағы да осы жерден орын тепкен.


Әлем халқының музыкалық аспаптар залы.

Түпнұсқа-аспаптар ерекше маңыздылықты көрсетеді. 

Сол ежелгі экспонаттардың бірі — Жарас бақсының нарқобызы. Осы нарқобыз бақсымен бірге жерленген, бірақ уақыт өте қабірден қобыз үні естілген деген аңыз бар. Сонда олардың замандастары нарқобызды қабірден қазып алып, оны халық игілігіне ұсыну туралы шешім қабылдады.


Жарас бақсының нарқобызы

Тағы да бір құнды экспонат — саз сырнай — ежелгі үріп ойнайтын аспап, ол 1220 жылы өртелген орта ғасырлық Отырар қаласында жүргізілген қазба нәтижелерінде табылды.

«Кішірек» құнды аспаптар да бар, себебі олар келесідей ұлы адамдарға тиесілі болды олар: Құрманғазы, Біржан сал, Жамбыл Жабаев, Бақыз-жырау Исабек және т.б еді. Абай Құнанбаевтың домбырасын музейге оның немересі тапсырған. Бұл домбыра үш шекті және пішіні қалыпсыз.

Абай Құнанбаев және Біржан сал домбырасы 

Шашубай Қошқарбаевтың сырнайы

Бақыз жырау Исабектің қылқобызы

Жетіген, адырна, сазген, дудыға, тоқылдақ сияқты аспаптар халық әңгімелері, жазба деректер мен ғылыми ізденістер нәтижесінде анықталған және халық шеберлерінің этнографиялық сипаттаулары бойынша қалпына келтірілген.

Жетіген (оң жақта)

Адырна

XIII-XIV ғғ. Көшпенді бата оқыр кешенінде табылған домбыра

Келушілер үшін жеті экспозициялық зал ашық, олар: археология, соқпалы-даңғырлап ойнар және үрмелі аспаптар, мемориалдық музыкалық аспаптар, домбыра және қобыз, әлем халқының аспаптары, уақытша көрмелер мен тұсаукесер, концерт залдары. 

Қалпына келтірілгеннен кейін экспозициялық залдарда қазақ халқының музыкалық тарихы, дәстүрі және тұрмысы туралы ақпарат берер Media table мультимедиялық жүйесі пайда болды. 

Ұлы Абай қолда ұстаған домбыраны тамашалап, ежелгі бақсыға серік болған қобызды өз көзіңмен көріп, бірнеше ғасырлар бұрын пайда болған жетіген және асатаяқтың қалай үн шығарғанын естігіңіз келсе... Қазақ халқының музыкалық аспаптар музейіне асығыңыздар, мұнда бәрі де мүмкін!

Алена ДЕМЧЕНКО

Орыс тілінен аударғандар: 

Айгерім ОСПАНОВА

Олжас БЕРКІНБАЕВ