Кеңестік Қазақстан
27.09.2013 3637
1929-1932 жж. қазақ шаруаларының көтерілістері болды.

Қазақстанда ұжымдастыру қарсаңында 140 факторийлер қызмет етті (көшпелілірдің кооперативтік бірлестіктері). Коммунистік партияның ХV съезі ұжымдастыру барысында «дамыған кооперативтік бағытты» құруды ұсынды. Қазақстандағы ұжымдастыруды «ауылды кеңестендіру» ұранын ұстанып, таптық күрес бағытын  шиеленістірген Ф.И. Голощекин басқарды. 1929 ж. екінші жартысында республикада колхоздық қозғалыс жеделдете дамыды, ұжымдастыруды жүргізуге партия жұмысшыларды тарта бастады. Ұжымдастыруға тартылған жұмысшылар ұжымдастырудың мәнін жете түсінбеді. Партияның шабармандары далалық жерлерде ресейлік деревня жобасын орнатпақты көздеді. Ұжымдастыру барысында командалық-әкімшілік әдістіпен әрекет ететін белсенділер қалыптасты. Ұжымдастыруға жалтақпен қараған және сенімсіздік танытқандардың  барлығы кулактар қатарына жатқызылды. Ұжымдастыру идеясын қатаң тотальды террор беделін түсірді. Ұжымдастыру жергілікті жайдайларды еске алмай жүргізілді. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру қазақтардың ғасырлық өмір сүру тәртібін бұзды. Қатты аштық басталды. Бірқатар облыс шаруалары Иран мен Ауғанстанға үдере көшіп кетті.1930-1932 жж. аштық тарихқа қазақ халқының үлкен қайғы мен қасірет әкелген «ҰЛЫ ЖҰТ» жылдары болып енді.1929-1931 жж. Қазақстанда қарулы қозғалыстар толқыны болып өтті. Барлығы 372 көтеріліс болған. Ұжымдастыруға қарсылық көрсеткен бүлікшіл аудан – Қарақұм болды. Созақ ауданындағы күштеп ұжымдастыруға қарсы болған көтеріліс табандылық пен шебер ұйымшылдықпен ерекшеленді. Батпаққара көтерілісі бандиттік-басмаштық қозғалыс ретінде бағаланды.  1931 ж. Қарқаралы уезінде күшеп ұжымдастыруға қарсы болған шаруалар жаппай құртылды. «Көтеріліс бандиттері» қылмыстық ісін сотсыз орган «үштік» қарастырды. Халыққа жасалған геноцидке партиялық-мемлекеттік басшыларының ешбір жауапкершілікке тартылмады.