Ресеймен байланыстарды құптап отырып, Қазақстанның жағдайын нығайтуға тырысып көргеннің бірі – Тәуке хан болды, одан соң Қайып хан мен Әбілқайыр хандар
XVIII ғасырға дейін қазақтардың жағдайлары өте күрделі болды: батыста және солтүстікте олардың ұлыстары орыс шекарасына тірелетін, оңтүстікте парсы ханы Надирдің шабуыл жасау күдігі болды, ал шығыста – жоңғарлардан күдіктенді. Хива хандарының қыспағымен, қазақтар Сарысу маңайын тастап кетуге мәжбүр болды және солтүстікке, Сырдарияға көшті. XVIII ғасырдың басынан бастап қазақ-орыс байланыстары күшейе түсуде. Елшілермен алмасу және экспедициялар ұйымдастыру Қазақ хандығы мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастардың дамуына ықпал етті. Өзара тауармен алмасу күшейе түсті.
1717 жылы І Петрден алым-салық төлеусіз, баж орындаусыз және хан билігін сақталуын, қазақтарды ресейлік азаматтыққа қабылдау жөнінде өтінді. І Петр Қазақ хандығының Ресейдің сыртқы саясатында мағыналылығын ізінше түсінді: «Всем азиатским странам и землям оная орда ключ и врата, и той ради причины оная орда потребна под Российской протекцией быть».
Ресей екпіндеп шығысқа, Тұнық мұхитқа жылжыды. XVI ғасырдың соңында, Шыңғыс ұрпағы Көшімнің Сібір хандығын жойған атаман Ермактың казактарына, Иван Грозныйдың үкімі бойынша ерекше мәртебе берілді, сол уақыттан бастап казактар өз мемлекетіне қызмет етті. Алайда қазақтарға (Ертісте бекініс салу бастаудан басқа) нақты көмек берілген емес. 1715-1720 жылдары жоңғарлардың қарсыласуларына қарамастан, сібірлік казактардың бекітілген Ертіс шебінің құрылысы басталды, Омбы бекінісінің негізі салынды (1716), Семей (1718), Алтайда, Ертістен жоғары Өскемен (1720) пайда болды. І Петрден қазақтарға көмек келмеді, қазақ-жөнғар соғыстары Ресейге ұтымды болды, өйткені сол кезде өзі Швециямен ұзақ және ауыр Солтүстік соғысқа тартылған болатын (1700-1721).
Одақтасу жөнінде тікелей келіссөздер жүргізілген Сібір губернаторы князь Матвей Гагарин бұның Жоңғария және Ресей қарым-қатынасы қиындап кету қаупін тудыратынын және алтын мен күміске бай Ертіс бойындағы жерлерді игеру бойынша шаруашылық жоспарлар бұзатынын есепке алды. Сондықтан патшаның «қалмақ иесіне қарсы соғысу» үкімі болмады. Тәукенің тосын қазасы (1718 ж.) қосылу жөніндегі келіссөздерді тоқтатты, алайда көмек беру туралы және «ақ патшаға» қызмет ету дайындығы туралы өтініштері Қайып және Әбілқайыр хандардан түсе берді.
Осы жылы Қайып ханның елшілігі Тоболға, сібірлік губернатор М.П. Гагаринге жөнелтілді. Хан жоңғарлармен бірлесіп күресу үшін және сауда-саттықты нығайту үшін Ресеймен әскери одақ жасауды ұсынды. Оның жауабына Ресей, қазақ даласының өмір-тіршілігі мен мәдениетімен танысу үшін Қазақстанға орыс елшілерін жіберді. Жоңғарлардың Қазақстанға басып кіруі тек қазақтарға ғана күрделі жағдай тудырмай, Ресейге де ықпал етті. Жоңғарлар Сібірде ресейлік аумақтарына қауіп тудырды, Орталық Азияда оның мүдделеріне кедергі жасады.
Орыс үкіметі өзінің оңтүстік-шығыс шекарасын қауіпсіздендіруге тырысты. Осыған байланысты, патшалық үкіметі Жоңғариядан Қазақстанға шабуылдар жасауды тоқтатуды талап еткен Хонтайшы ордасына елшілігін жолдады. XVIII ғ. 20-сы жылдары орыс үкіметі мен қазақ хандары арасында қазақтар орыстардың тайшылығын алуы жөніндегігі қарқынды хат алмасулары жалғасты. Әбілқайыр хан 1726 жылы К. Көбековтың басқаруымен Петерборға елшілігін жіберді. Кіші Жүздің атынан Көбеков орыс үкіметіне қазақтардың Ресей бодандығын қабылдау туралы ықыласын білдірді және Орал өзені бойында жайлаулар беруді сұрады.
Петерборда елшінің өкілеттілігіне күмәнданумен байланысты келіссөздер тоқтатылды. 1730 ж. сәуір айында Әбілқайыр Анна Ивановна император ханымға елшілерін – С. Кайдагулов пен К. Қоштаевты хатпен жөнелтті, онда ол қазақтарды Ресей бодандығына алуды және жоңғарлармен күресуде көмек сұрады. Кіші Жүз Ресейге қосылуы қазақ халқының мүдделеріне түбегейлі тиімді болатын.
Орыс елшілердің бірі былай деді: «Қазақ халқы Ресей халқымен бейбітшілікте болу ниеттерін білдіреді деп айтып жүру». Осы бодандық туралы мәселесін Әбілқайыр бөгде қысымсыз қойды. Шынында ол және рулар ақсүйектердің кейбіреулері жеке мүдделерін көздейтін. Патшалық әкімшілік арқылы олар жауларының қарсыласуын жойып, Жүзде өз билігін нығайту мақсатына сенетін.
Кіші Жүздің Ресейге ерікті қосылуы Анна Ивановнаның сый грамотасымен 1731 жылдың 19 ақпанда ресімделді, онда қазақтар Ресейге өз еркімен қосылды деп жазылды. Тәжірибелі дипломат және шығыс тілдерінің білімгері – А. Тевкелевтың басқаруымен 60 адамнан тұратын орыс елшілігі Әбілқайырдың ордасына жіберілді. Онымен бірге қосақталып барған С. Қайдағұлов пен К. Қоштаев.
Тевкелев 1731 жылдың 10 қазанда Кіші Жүздің тұрғындарын Ресейге адалдыққа ант бергізді. Олар өмір бақи Ресейге адалдық сақтауға, көршілермен бейбітшілікте тұру және Қазақ даласы арқылы өтетін керуендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне міндеттенді. 1731 жылдан бастап Ресейге Орта Жүздің қосылуы басталды. Орта Жүздің ханы Сәмеке Ресей бодандығын қабылдау жөнінде өз өкілін А. Тевкелевке жіберді. Сәмеке ханмен бірге Орта Жүздің жарты бөлігі Ресейге бағыныштылық антын берді.
Тевкелевтің елшілігі туралы деректер қазақ даласына тарап жаңғырықтай Ұлы Жүзге дейін жетті, оның нәтижесінде 1733 жылдың соңында Ұлы Жүздің уәкілі Әбілқайырға келді, Ұлы Жүз орыстың қоластына ену үшін орыс үкіметі алдында қолдауын өтінді. Сол уақытта Ұлы Жүздің сұлтандары мен билері Анна Ивановнаға орыс қолтығына алу өтінішімен өтінді. 1734 жылдың 20 сәуірде император ханша грамотаға қол қойды, онда: «Сіздерді Әбілқайыр хан қабылданған шарттарымен біздің тайшыға алуды рұқсат етемін» делінген. Ресейге Қазақстан халқы бөлігінің үзілді-кесілді қосылуы кейінірек болды.
Орыс бодандығын қабылдау қаншалықта қазақ халқы мүддесіне сай келуін тарихи ғылым әлі зерттеуде. Бір жағынан, Ресей қазақтардың шаруашылығы мен мәдениетінің дамуына жағымды әсер етті, Ресеймен сауда-саттық кеңіді. Екінші жағынан, Қазақстан Ресейге қосылған соң, орыс патшалығы өз колониясына айналдыра бастады, қазақ халқын билеп-төстеді. Патша үкіметі башқұрт пен қалмақ көтерілістерін басу үшін қазақ хандарының күшін пайдаланды.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)